Шаш не үшін жиі түседі? Оны қалай тоқтатуға болады?

+3 дауыс
Денсаулық, Әдемілік бөлімінде 25 Қар, 2015 Samina (150 ұпай) сұрағын қойды
Шашым жиі түседі. Қайда жүрсемде шашымды ұстасам қолыма ілініп шығады. Басымды жусамда, арасамда бір уыс шаш шығады. Енді мына шаш түсуін қалай тоқтатсам болады? Шанпуньнан деп ойладым талай ауыстырдым бірақ оған байланысты емес екен. Ақылдарынызды айтып, көмек берініздерші!!!

3 Жауаптар

0 дауыс
03 Мам, 2016 Арайгуль Арайлым жауап берді
23 Мау, 2016 admin таңдалды
 
Үздік жауап

Шашыңыз тез өссін десеңіз…

Қай кезде болмасын ұзын шаштар әрдайым сәнде.Және солай болып қала да бермек. Мәселен, қазіргі таңда қыздардың басым көпшілігі шаштарының ұзын болғанын қалайды. Алайда ол үшін қандай не істеу керек?

Шашыңыз тез өссін десеңіз, мына үш ережені ұмытпаңыз:

• Ұшталған шашты қиып отырыңыз:

• Шашыңызды күніне бірнеше рет тараңыз. Себебі, бұл бас терісінің қан айналымын және шаштың жылдам өсуін жеделдетеді.

• Мүмкіндігінше шашты өсіретін маскаларды жиі қолданыңыз.

Халықтық медицинада жақсы көмектеседі. Мысалы бұрыштық тұнба бас терісінің қан айналымын күшейтіп, шаштың өсуін тездетеді.
Қышыманың жапырағы мен сабағынан қайнатылған қайнатпаны жиі қолданған дұрыс.

Пияз маскасы. 4 ас қасық үккіштен өткізілген пиязбен бір ас қасық балды араластырып, оны бас теріңізге жағып, 40 минут ұстайсыз. Берілген уақыт өткен соң басыңызды сусабынсыз жуасыз.

Қыша (Горчица) маскасы. 2 ас қасық қыша мен зәйтүн майын, сондай-ақ 3 ас қасық айранды қосып араластырамыз. Кейін бұл масканы шашыңызға жағып, 30 минутқа қалдырасыз. Содан соң жылы басыңызды сумен шайыңыз.

Қыша (Горчица) маскасының тағы да бір түр бар. Ол үшін: 2 ас қасық қыша ұнтағы, 2 ас қасық жылы су, 1 сарыуыз, 2 үлкен қасық зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз. Бұл масканы бас теріңізге жағып, оны целлофанмен орап тастаңыз. Аталмыш процедураны 15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Уақыт өткен соң жылы сумен шайыңыз.

Ажар Мұратқызы

Дереккөз: ozgeshe.kz

+1 дауыс
28 Қар, 2015 Bain (266 ұпай) жауап берді
Шаштың болмыс-бітімде алар орны ерек. Оның әдемі көрінуі- кімде-кімнің арманы. Дегенмен, шашымызға қанша күтім жасасақ та, шаш түсуі жиі орын алып жататыны бар. Негізінен, адамның басынан күніне 50- 100 тал шаштың түсіп тұруы қалыпты жағдай. Шашыныздың арасына саусақтарыңызды салғанда, қолыңызда 2 тал шаштан артық шаш қалмаса бәрі жақсы. Ал егер одан көп шашыңыз түссе, бүгін біз сіздерге шаш түсуінің алдын алып, оның түсуіне не себеп екендігін түсіндіріп көреміз.

Деніңіздің саулығы шашыңызға тікелей әсер етеді. Соның ішінде бауырдың дұрыс жұмыс істеуіне аса мән берген жөн. Оны шаш пен тырнақтан да білуге болады. Бауыр сау болуы үшін жаңғақ, зығыр майы, майсыз балық және табиғи сүзбе жеп тұру керек. Денсаулыққа зиянды темекі шегу, ішімдік ішу сынды зиянды әдеттерді тастаңыз, себебі оның да шашқа әсері мол. Күйзеліс те де шаш түсуде өзінді орынға ие, аяқ асты салмақ тастау, операция алдындағы салынатын наркоз, эмоционалды уайымдардан соң 1-2 айдан кейін шаш түсе бастайды. Құрамында магниі бар бидай, асқабақ пістелері, ақжелкен, картоп сынды тағамдар күйзелістің алдын алып, шашты қайраттандырады.

Күнделікті ішіп-жейтін тағамдарда ақуыз бен темірдің көп болғаны дұрыс. Майсыз құс еті, сиыр еті, үрмебұршақ, сүзбе, көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені ағзадағы C, B5, B6, PP дәрумендері, темір, мырыш, кальций мен магний аз болса шаш түсе бастайды.

Қыс мезгілінде,аязды күндері бас киімсіз жүретінміз бар біздің немесе жылы бөлмеде (метро, кинотеатр т.б) бас киім киіп отырамыз. Сондықтан, бас киімді де орынды кию керек. Шашты тарау-шаш түсуінің алдын алу шараларының бірі. Дұрыс таңдалған тарақ бас терісіне жұмсақ массаж жасау арқылы қан айналымын дұрыстайды. Сондықтан күніне бірнеше минут (әсіресе ұйқы алдында) шашты әртүрлі бағытта тарап тұрған абзал. Шашқа шампунь мен бальзамдардың дұрыс таңдалуына үлкен мән берген дұрыс. Мамандар шаш күтіміне арналған шампуньдер мен бальзамдарда жазылған «нығайтады» деген жазу құр сөз емес екендігін айтады. Шындығында да, олардың құрамындағы түрлі қоспалар шаштың түсуін азайтып, тіпті тоқтатуға септігін тигізеді. Мысалы, женьшеннің қоспасы болса ол бастың өмірлік клеткаларына әсер ету арқылы шаштың қайратты болуына көмектеседі. Ал қалақай, түймедақ, жалбыз қоспасы болса шаштың өсуіне әсер етеді.

anabol.kz
0 дауыс
08 Қаң, 2016 белгісіз жауап берді

Әдемі шаш – адамның көркі. Ал шаштың түсуі адам ағзасындағы бұзылыстарға байланысты болады. Бұл аурудың ерте қасқалану түрінде шаш 20 жасқа дейін – ақ түсе бастайды.Алғашында түскен шаштар жаңасымен ауысады, бірақ жаңа шыққан шаштар әр ауысқан сайын өзгереді, кейін тіпті түсіп қалады. Бұл көбінесе еркектерде кездеседі. Себореялық қасқалық маңдай мен төбеден басталады. Ал симптоматикалық таз қызылша, безгек, тұмаудың ауыр түрі, сүзек сияқты жұқпалы аурулардың нәтижесінде дамиды. Шаштың түсуі жедел басталып, жазылған соң шаш қайта шыға бастайды. Атрофиялық тазға көбінесе әйелдер шалдығады, бірақ сирек кездеседі. Бастың шашты бөлігінде кішірек көлемді, сопақша таз пайда болады, әдетте таз ошақтары топталып орналасады. Олар бірігіп, үлкен көлемге жетеді. Француз дерматологтарының пікірінше, атрофиялық таз өзінше ауру емес, оған терінің басқа ауруларының, қызыл жегінің, теміреткінің клиникалық белгілерінң бірі ретінде қарау керек.Тұқым қуалаушылық түрі әдетте бір отбасындағылардың шаш қапшығының және шаштың дистрофиясы.Бастың шаш бөлігінде көптеген ұсақ түйреуіш басындай, қызғылт немесе қалыпты түсте, ортасы мүйізді затқа толы қаттылау түйіншектер пайда болады.Теңбіл таз кезінде бастың шашты бөлігінде бір немесе бірнеше кішірек, дөңгелек ошақтарда шаш бірден түсіп қалады. Оның көлемі бірте – бірте ұлғаяды. Басың шашты бөлігінен басқа теңбіл таз иекте, қаста пайда болады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, таз ауруы жүйке жүйесінің, әсіресе симпатикалық жүйенің және эндокрин бездерінің, негізінен гипофизарлы бүйрек без жүйесінің өзгерістері салдарынап дамиды.Сонымен қатар, ауыр психикалық қасірет, бастың жарақаты, жедел жұқпалы аурулар, кейде фокальды инфекция да себеп болады. Шаштың күнделікті түсу мөлшері 150 шашқа дейін деп саналады. Егер одан асып кетсе, мазасыздануға себеп бар, Кейінгі кезде көп кездесіп жүрген шаш түсудің бірі - андрогенетикалық түрі. Кейінгі кездегі зерттеулерге қарағанда, бес еркектің ішінде үшеуі, жеті әйелдің үшеуі қасқаланудың андрогенетикалық түрімен ауырады. Шаштың күнделікті түсу мөлшері 150 шашқа дейін. Егер одан асып кетсе, онда шаш түсудің андрогенетикалық түрлерінің біріне жатады. Алдымен қасқалық маңдай мен төбеден басталып, бірте – бірте ұлғаяды. Ал әйелдерде көбінесе бірінші шүйдедегі шаш түсіп қалады. Шаш түсуді емдегенде алдымен оның дамуына тікелей себепші факторларды анықтап, оның әсерін тыюға тырысу керек. Осымен бірге тыныштандыратын препараттар және жалпы жағдайды жақсартатын ем қолданылады. Шаш түсудегі жергілікті ем – бастың шашты бөлігінің қан айналымын жақсартуға бағытталады.Қазіргі заманның соңғы жетістіктеріне сай құрал – жабдықтармен емдеу кеңінен қолданылады. Мемлекеттің негізгі көрсеткіші – халықтың салауаттылығы. Егер халықтың салауаттылығы тіршілік етіп отырған ортаның зиянды факторлары организмге әсер етпей, өмір сүруге қажетті қолайлы жағдайда қалыптасатын халықтың денсаулық жағдайы деп түсінетін болсақ, онда ең алдымен әр адам өзінің денсаулығын жақсартуға, организмінің қызмет қабілетін арттыруға қажетті шараларды жасауға, орындауға қажетті білімін арттыруы қажет. Әдемі шашымызды сол қалпында сақтау үшін оның күтіміне көп көңіл бөлуіміз керек. Шаш күтімі дегенде шашты жуып, бұйралау деп қана түсінбеу керек. Шаштың түрлеріне қарай дұрыс сабынсу таңдап, тусе бастағанын байқасақ, дер кезінде мамандардан кеңес алған жөн.

10 Сәу, 2017 Гулжан пікір қалдырды
Менин шашым ар жеринен тазданып тусип жатыр не истесем болады или кандай  ем қолданса болады
Яндекс.Метрика
...