Үлкен сандарды қалай ойша көбейтуге болады? Тәсілдері бар ма?

+1 дауыс
Математика бөлімінде 26 Қар, 2015 berik258 (314 ұпай) сұрағын қойды
Үлкен сандарды қалай ойша көбейтуге болады? Тәсілдері бар ма?

1 жауап

0 дауыс
26 Қар, 2015 admin (961 ұпай) жауап берді

Бір санды бірлік (жәй) санға ойша көбейту үшін (мысалы: 38x6),  бұл санның ондық бөлігін бірінші көбейтіп, артынан бірлік бөлігін көбейту керек. Нәтижесінде шыққан екі санды бір біріне қосу керек. Мысалы келтірсек:

38x6 = 30x6 + 8x6 = 180+48 = 228

69x8 = 60x8 + 9x8 = 480 + 72 = 552

Ойша көбейтуде 19x9 көбейту кестесін жатқа білудің пайдасы көп. Кесте төмендегідей:

  2 3 4 5  6 7 89
11 22 33 44 55 66 77 88 99
12 24 36 48 60 72 84 96 108
13 26 39 52 65 78 91 104 117
14 28 42 56 70 84 98 112 126
15 30 45 60 75 90 105 120 135
16 32 48 64 80 96 112 128 144
17 34 51 68 85 102 119 136 153
18 36 54 72 90 108 126 144 162
19 38 57 76 95 114 133 152 171

Бұл кестені жатқа білетін адамға мынандай көбейтінділерді ойша есептеу қиынға соқпайды:

165 x 8 = 160 x 8 + 5x8 = (16x8) * 10 + 40 = 1280 + 40 = 1320

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...