Отан туралы мақал-мәтелдер керек болып тұр, қайдан тапсам болады?

+1 дауыс
Мақал-мәтелдер бөлімінде 28 Қар, 2015 abaikz (231 ұпай) сұрағын қойды
Отан туралы мақал-мәтелдер керек болып тұр, қайдан тапсам болады?

3 Жауаптар

0 дауыс
28 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) жауап берді

Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы

 

Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей  ел болмас.

Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.
 
Пәлен жерде алтын бар,
Өз  жеріңдей кайда бар.

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.

Туған жердің жуасы да тәтті.
 
Әркімнің өз жері — жұмақ.

Ер елінде, гүл жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.
 
Отан ұшін күрес —
Ерге тиген үлес.

Кұртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
 
Орағын өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

Отансыз адам —
Ормансыз бұлбұл.
 
Пәлен жерде алтын бар,
Іздеп барсам мыс та жоқ.

Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.

Үйде оңбаған,
Түзде де оңбайды.

Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Жат жердің қаршығасынан
Өз еліңнің қарғасы артық.

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.

Туған жердің ауасы да шипа.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.

Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
 
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды, 
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Мақал-мәтелдер

 

0 дауыс
27 Жел, 2023 admin (590 ұпай) жауап берді
0 дауыс
27 Жел, 2023 admin (590 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Әр түрлі бөлімінде 27 Қыр, 2017 белгісіз сұрағын қойды
+1 дауыс
2 жауап
...