Геннадий Головкин туралы қысқаша мәлімет бересіздер ма?

0 дауыс
Бокс бөлімінде 19 Қар, 2015 Bain (268 ұпай) сұрағын қойды
21 Қар, 2015 ілмектер өзгертілді
Геннадий Головкин туралы қысқаша мәлімет бересіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
20 Қар, 2015 string (113 ұпай) жауап берді
Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан)  — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.

Әкесі – орыс, мамандығы – шахтер, анасының ұлты – кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы). Үшінші ағасы – Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Максимге осылай істеуге тура келді. Қазіргі уақытта Геннадийдің ағасы онымен бір командада жұмыс істейді және чемпионға ұрыстарға дайындық кезінде көмектеседі. Геннадий Головкин үйленген. Жұбайы Алина және ұлы Вадим чемпионның берік отбасын құрайды.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
...