Әлемдегі ең ерекше құмырсқалар тұралы мәліметпен блісесіздер ма?

0 дауыс
Биология бөлімінде 19 Қар, 2015 Bain (266 ұпай) сұрағын қойды
Әлемдегі ең ерекше құмырсқалар тұралы мәліметпен блісесіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
23 Қар, 2015 admin (983 ұпай) жауап берді

10. Cardiocondyla obscurior: мафиози-құмырсқалар

C. Obscurior құмырсқаларының отарында бір ғана аталық құмырсқа бола алады. Егер құмырсқаның илеуіне қарсылас жақындай бастаса, басшы аталық құмырсқа артқы тесігінен химиялық қосылыс шығарады. Осы иісті сезген жұмысшы-құмырсқалар қарсыласты тез арада өлтіру үшін жинала қалады. Сонымен қатар альфа-аталық құмырсқа-аналықтардың жаңа туылған еркек жынысты дарақтарды өлтіріп отыруларын қадағалайды. Мұны жаңа туылған сәбимен істеу оңай. Бірақ өмірінің екінші күні жәндіктің қабыршағы қатайып, қарсыластар «өлтіретін» иіс шығарып, жұмысшы-құмырсқаларды төбелеске итермелеп, қиян-кескі ұрыс басталады. 14% жағдайда жас аталық жеңеді, 43% — жұмысшылар ұрыстың қызу үстінде екі «басшыны» да өлтіріп алады, ал олардың денелерімен дернәсілдерді қоректендіреді.

9. Crematogaster Striatula: улағыш-құмырсқалар

Африкалық құмырсқа C. Striatula — аққұмырсқаларды аңдудың маманы. Олжаны көре қалған кезде жыртқыш оған құрсағымен айналып, улы затты шашады. Санаулы минуттардан кейін аққұмырсқа арқасына құлап, өлгенше аяқтарын тырбаңдатып жатады. Сонымен қатар C. Striatula басқа құмырсқалардан қорғану үшін улы спрей қолданады. Бұл улы зат жайлы аққұмырсқалардан басқа құмырсқалар жақсы біліп алған.

8. Temnothorax Pilagens: көрінбейтін құмырсқалар

Кіп-кішкентай T. Pilagens құмырсқаларында, немесе ұрлықшы деп аталатын құмырсқаларда өз жұмысшылары жоқ, сол себепті олар өздерінен де кіші, отарлары бір қарынға сиятын тұқымдастарының дернәсілдерін ұрлап әкетеді. Ұрлықшылар бір ғана есік арқылы ішке білдіртпей кіреді. Ғалымдар, T. Pilagens құмырсқалары химиялық бетперде киеді деп болжайды. Бұл олардың дұшпандарға көрінбей енуіне мүмкіндік береді.

7. Solenopsis Fugax: бала өлтіруші құмырсқалар

S. Fugax та басқалардың дернәсілдерін ұрлайды, бірақ құлдықта ұстау үшін емес, жеу үшін. Бала өлтірушілер туннель арқылы «балалар бөлмесіне» енеді де, жағымсыз иісті феромондарды шашады. Бұдан басқа құмырсқалар қашып кетеді де, құмырсқалар төлдерді алып қашып, тірідей жейді.

6. Cephalotes Specularis: тыңшы-құмырсқалар

C. Specularis немесе айналы тасбақа-құмырсқалар тамақ көзін табу үшін Crematogaster Аmpla жауынгер құмырсқаларды аңдиды. Ал кейін өздерін қарсылас ретінде ұстап, дұшпанымен бірге тамаққа таласады. Бұл құмырсқалардың көзбен шолу мимикриясының ғылымға мәлім жалғыз мысалы.

5. Formicoxenus Nitidulus: нәуетек-құмырсқалар

F. Nitidulus немесе жылтырақ құмырсқа-қонақтар 11 түрлі құмырсқалардың отарында арамтамақ болып жүре алады. Шақырылмаған қонақтар жұмыс істемейді, тамақ іздемейді, илеуді қорғамайды, тек қана арамтамақ болып жата береді. Бұл істері тіпті жазаланбайды да. Арамтамақты ұстап алған күзетші құмырсқалар одан жиіркеніп, тезірек шығарып салуды ойлайды. Шынымен, қолдары көздерінен шығатын ұсқынсыз жәндік кімде болсын жиіркеніш тудырады.

4. Dinoponera Quadriceps: жазақор-құмырсқалар

D. Quadriceps (динозавр-құмырсқалар) құмырсқаларының ұзындығы 2,5 см-ге дейін жетеді, ал жалғыз репродуктивті жатырының орнына алыптарда альфа-ұрғашы бар, оны 5 бета-ұрғашы қоршап жүреді. Олардың әрқайсы қажет болған жағдайда «ханым-ананың» орнын басуға дайын. Кейбір кезде олардың бірі күтуден жалығып, өз бетінше жұмыртқа басуға кірісіп кетеді. Мұндай жағдайда альфа-ұрғашы химикалий жіберіп, жұмысшы-құмырсқаларға қылмыскер ұрғашыны 4 күнге жерге қадап қоюды бұйырады. Жазасын өтеп болған соң, «бета» мәртебесінен айрылып, төменгі таптың жұмысшы деңгейіне түседі. Егер, әрине, тұтқында отырғанда аштан өліп қалмаса.

3. Pachycondyla Chinensis: ине-құмырсқалар

Азиаттық ине-құмырсқалар аргентиналық ағайындарын туған жерінен біртіндеп ығыстыруда. Ғалымдар әлі күнге дейін келімсектердің жауынгер аборигендерді қалай жеңетінен ойлап, бас қатыруда. Нұсқалардың бірі бойынша, ине-құмырсқалардың суыққа төзімді екенінде. Бұл олардың белсенді жұптасуына, көбеюіне және туыс-қарсыластарын жеуіне көбірек уақыты бар екенін білдіреді.

2. Pheidole: суперсарбаз-құмырсқалар

Pheidole түрінің құмырсқалары немесе қазанбас құмырсқалар үш кастаға бөлінеді: ұсақ жұмысшылар, ірі сарбаздар және дәу суперсарбаздар. Соңғыларының бас өлшемі «қатардағы» жұмысшылардан үш есе үлкен.

1. NylanderiaFulva: құтырған-құмырсқалар

N. Fulva, басқаша айтқанда Рэсберри құтырған құмырсқалар, АҚШ-тың оңтүстігіндегі отты қас құмырсқаларды жояды. Отты құмырсқалардың уы ДДТ инсектицидінен үш есе улы. Көптеген жәндіктердің бұл уға тойтарыс беретін ештеңесі жоқ. Бірақ «құтырған» құмырсқаларға ешбір заң жүрмейді: химиялық шабуыл кезінде өзгенің уытын тойтару үщін олар өз уына оранады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Биология бөлімінде 20 Қар, 2015 admin (983 ұпай) сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Яндекс.Метрика
...