bilim-all.kz жобасына қатысты ой пікірлеріңіз

+2 дауыс
101 қаралым
Сайт туралы бөлімінде 15 Қаң, 2016 Админ сұрағын қойды

bilim-all.kz жобасына қатысты ой пікірлеріңіз болса (ойын түрлері, ақыл-кеңестер, жаңа бағыт, сайыстар, тесттер, олимпиада және т. б.) осында жазыңыз(толық,ашық түсінікті етіп). Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз.

Бүгінгі таңда Қазнетте қазақ тіліндегі сайттар саны қазақстандық сайттардың жалпы санының шамамен 12-15%-ын құрайды. Жыл өткен сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда, БАҚ-ның электрондық нұсқалары дамуда, әртүрлі семинарлар, конференциялар, тренингілер, конкурстар өткізілуде, алайда интернет қауымдастығының пікірінше, мемлекеттік тілдегі контентті танымал етуге жаңа тәсілдерді іздеу қажет. Сіз, өзіңіздің ой-пікіріңіз арқылы мемлекеттік тілдегі сайттың дамуына үлес қосқан боласыз. Біз сіздің ұсынысыңызды қуана талқылаймыз және жүзеге асыруға тырысамыз! Мемлекеттік тілдегі сайттар көбейіп, сапалары арта берсін!

11 Нау, 2016 белгісіз пікір қалдырды
Сәлематсыздар ма?Сіздердің сайттарыңыз туралы жақында білдім.Жұмыстарыңыз кең көлемді екен.Шығармашылық табыс,сайттың ғұмыры ұзақ болсын деп тілек білдіремін. Сіздерге ұсынысым: бастауыш сынып оқушыларына қашықтық олимпиадасын ұйымдастырсаңыздар.Өйткені :бастауыш сынып оқушыларына, соның ішінде қазақ сыныбында оқитын оқушыларға республикалық олимпиада жоқ.  Алдын-ала рахмет!
17 Қаң ainurkalken пікір қалдырды
сәлеметсіздерме? электронды түрде алған сертификат, алғыс хаттарыңыз барма? ол жерде мөрі, қолы бәрі тұрама қалай болады екен? алып көргендеріңіз болса жазыңыздаршы және де осы сертификат сіздерге категорияға көмегін тигізді ме?Рақмет!

3 Жауаптар

0 дауыс
16 Қаң, 2016 Lazzat_103 жауап берді
Сәлеметсіздерме! bilim all.kz сайтының ұжымы! Бұл өте жақсы сайт.Бұл сайтпен танысқаныма көп болған жоқ. Бірақ осы 2-3 айдың арасында көптеген  қазақша пайдалы кеңестер, мәліметтер алдым. Басқалармен де пікір алмасуға болады. Қазақ тілінің мәртебесін көтеретін сайт. Ұстаздарға да оқушылардың да қалтасына сай сертификат дипломдар алдық. Ұсынысым: ұстаздар еңбегін жинақтап, шығаратын кітап шығарсаңыздар екен.
0 дауыс
17 Қаң, 2016 Samina жауап берді
Сіздердің сайттарыңызға бауыр басып қалдым! Сайтарыңыз дамуда, әрдайым ізденуде болғаныңыз қуантады. Қазақстанда қазақ тілді сайттың аз болғаны өкінішті тіпті ұят нәрсе. Сіздердің қосқан үлестеріңізге ризамын. Сайттарыңыз сапалы әрі пайдалы.

Ұсынысым: Бәйге ұйымдастырыңыздар, мысалы өлең жазу немесе пайдалы материал дегендей. 1,2,3- ші орын иелеріне кішігірім марапаттарымен.
0 дауыс
11 Ақп, 2016 Lazzat_79 жауап берді
Кеш жарық! Сайтқа күніге кіріп, жаңалықтармен танысу әдетке айналды. Көптеген пайдалы кеңестер алуға болады. Сайттың ұжымына өркендеп, қанаттарыңызды жая беріңіздер демекпін.

Ұсыныс: Сайттың белсенді қатысушыларына және жариялаған ашық сабақ, мақала, шығармаларға (әр категориясына байланысты) 1-2-3 орын деп марапаттауға болар ма екен?
12 Қыр, 2016 ainura78 пікір қалдырды
Саламатсыз ба? Сіздің сайтқа сабақ жібереу үшін берілген номірге терминалдан ақша салайын десем пин код сұрайды соны түсінбей тұрғаным
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...