Назарбаев туралы өлең шумақтары керек

+1 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 29 Қар, 2015 (1,002 ұпай) сұрағын қойды
Назарбаев туралы бір екі шумақ өлең керек еді, білетіндер бар болса жауабын жазуыңызды өтінемін.

3 Жауаптар

0 дауыс
29 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) жауап берді
Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!
0 дауыс
29 Қар, 2015 abaikz (231 ұпай) жауап берді
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
30 Қар, 2015 Аяулым пікір қалдырды
Керемет супер кушти
0 дауыс
29 Қар, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

1-Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елбасы)

Елбасымыз жолдайды, 
Халқы оны қолдайды. 
Ешқашанда орынсыз, 
Шешімдері болмайды. 

Елбасы елді қорғайды, 
Халық қамын ойлайды. 
Осындай жақсы адамның, 
Жақсылығы тарайды. 

Тәуелсіздікті елге сыйлады, 
Бейбітшілікті қалады. 
Орындалып арманы, 
Халқымызда ажарлы. 
Осының бәрі әрине, 
Елбасының арқасы.

 

...