Мақал - мәтелдер, қанатты сөздер

+1 дауыс
Мақал-мәтелдер бөлімінде 29 Қар, 2015 белгісіз сұрағын қойды
Отбасы туралы, өнер-білім, тіл туралы,  мақал - мәтелдерді, қанатты сөздерді қайдан тапсам болады?

3 Жауаптар

+1 дауыс
29 Қар, 2015 белгісіз жауап берді

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

 

1. Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж. Баласағұн.

***********

2. Баскаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз.

Сенека.

***********

3. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Т. Фуллер.

***********

4. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

А. П. Чехов.

************

5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін  тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»

Альберт Эйнштейн

****************

6."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".

Шоқан Уәлиханов.

***************

7. Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

А. С. Макаренко

*************

8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"

К. Д. Ушинский

*************

9. Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат.

Қазыбек би

*************

10. Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.

*************

11. Ұстаз – анаңдай ұлы.

**************

12. Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.

**************

13. Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.

*************

14. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

************

15. Мектеп – кеме, бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.

**************

16. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Жүсіпбек Аймауытұлы

***********

17. Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.

Қадыр Мырза Әлі

*************

18…Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Мұқағали Мақатаев

****************

19. Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ғабиден Мұстафин

****************

20. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғабит Мүсірепов

***************

21. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов

****************

22. Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын - ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Жүсіпбек Аймауытов

****************

23. Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.

Халел Досмұхамедұлы

***************

24. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ғабит Мүсірепов

*************

+1 дауыс
29 Қар, 2015 белгісіз жауап берді

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
***
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
***
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
***
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.

+1 дауыс
29 Қар, 2015 белгісіз жауап берді

Тіл туралы мақал-мәтелдер

 

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Тіл туралы басқада мақал - мәтелдер 

Мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

 

Яндекс.Метрика
...