Магистратураға түсейін деп едім. Осы туралы мағлуматтар керек

+2 дауыс
Мектеп бөлімінде 16 Қаң, 2016 Lazzat_103 (116 ұпай) сұрағын қойды
Магистратураға түсейін деп едім Осы туралы мағлумат керек. Ақыл-кеңес берсеңіздер

1 жауап

0 дауыс
16 Қаң, 2016 Bain (266 ұпай) жауап берді

Магистратураға түсу үшін:

1. шет тілі бойынша (таңдау бойынша - ағылшын, француз немесе неміс тілі);

2. мамандық бойынша

емтихандарын тапсырады.

Түсу емтихандарының бірі бойынша қанағаттанарлықсыз алған адамдар конкурсқа әрі қарай қатысуға жіберілмейді.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Магистранттардың қатарына қабылдауды түсу емтихандары балдарының сомасы бойынша конкурстық негізде қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Тиісті бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмелерін ұсынатын Қазақстан Республикасының азаматтарына ең жоғарғы балл 100 балдық баға шкаласы бойынша есептеледі.

Конкурстық балдардың бірыңғай көрсеткіштерін алған жағдайда магистратура қабылдауда басым құқыққа мамандық бойынша неғұрлым жоғары баға алған адамдар ие болады. Мамандық бойынша бірыңғай бағалар жағдайында басым құқыққа мамандық бойынша неғұрлым жоғары балл алған адам алады.

Мамандық бойынша бірыңғай баллдар жағдайында:

  • басқару лауазымында мемлекеттік қызметтің үлкен өтілі;
  • тиісті мамандық профилі бойынша ғылыми жетістіктер;
  • мемлекеттік қызметтегі жұмыстың үлкен өтілі;
  • магистратура мамандығының саласы бойынша жоғары білім туралы дипломның және жоғары білім туралы үздік дипломның болуы ескеріледі.

Қабылдау комиссиясы магистратураға жеке және заңды тұлғалар есебінен, сондай-ақ ұлттық компаниялар есебінен түсетін адамдарды қабылдауда:

  • академия, оқуға қабылданатын адам және осы адамды академияға оқуға жіберген ұйымның арасында үш тараптық шарт;
  • Академия және жеке тұлғалар есебінен оқуға қабылданатын адамның арасында екі тараптық шарт жасалады.

Академия  құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей дайындық, мерзімі, талаптары (бюджеттік немесе ақылы негіз) және оқыту тілдерін көрсетумен БАҚ арқылы магистратураға қабылдауды жариялайды.

Ұқсас сұрақтар

Яндекс.Метрика
...