Киіз үйді қалай тігіп, қалай жығады?

0 дауыс
Салт-дәстүр бөлімінде 30 Қар, 2015 белгісіз сұрағын қойды
Киіз үйді қалай тігіп, қалай жығады?

1 жауап

0 дауыс
30 Қар, 2015 белгісіз жауап берді

Киіз үйді тігу және жығу

Халық ұғымында киіз үйді құрастыру «тігу», қайта бөлшектеу «жығу» деп аталады. Тігу үшін алдымен керегелерді бір-біріне қосып, оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітеді. Есік шығыс жаққа қаратылады. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруы, оның  салмағы осы бас арқанға түседі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан-жағынан уық шаншылады. Қазақ салтында шаңырақты еркек адам көтереді. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабылып, түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге  киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабыладыда, ол  туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3, 4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылады, ол да үзік бау арқылы белдеуге байланады. Ең соңында түндік жабылады.

Киіз үйді жығу тігу әдісіне керісінше, яғни түндікті сыпырудан басталып, соңы керегелерді жиап алумен аяқталады.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
Салт-дәстүр бөлімінде 04 Шіл, 2017 белгісіз сұрағын қойды
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...