Ғарышқа ұшу туралы қызықты деректермен бөлісесіздер ма?

0 дауыс
Аспан әлемі, Ғарыш бөлімінде 11 Ақп, 2016 Samina (152 ұпай) сұрағын қойды
Ғарышқа ұшу туралы қызықты деректермен бөлісесіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
11 Ақп, 2016 Марат жауап берді

Радиация, температура, вакуум – бұлар ғарышта адам тап болатын қауіптердің аз бөлігі ғана. Ғарыш аппараттары жаңа технологиялармен жабдықталған, бірақ олар 100 % қауіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма?

Біз ғарышта ұшу мен зымырандар туралы ең қызықты деректерді іріктедік, оларды төменде оқи аласыздар.

Жер шарының ғарышта болып көрген бірінші тіршілік иесі – «Лайка» есімді ит. Айтулы оқиға 1957 жылдың қарашасында болған, алайда, өкінішке қарай, ит зымыранда оттегінің жетіспеушілігінен өліп қалды.

Жерден ең қашық аймақта «Аполлон-13» ғарышкерлері болды – 400187 шақырым. Әйелдерден Кэтрин Салливан Жерден 531 шақырым қашықтықта болды. Ол 1990 жылы ғарышқа ұшқан болатын.

Валерий Рюмин – ғарышта ең көп уақыт болған ғарышкер. Ол кемеде 362 күн өмір сүріп, осы уақыт бойында ғаламшарды 5750 рет айналды. Оның ұшып өткен қашықтығы 241 миллион шақырым, бұл Марсқа ұшып барып, қайта ұшып келгенмен бірдей аралық.

Толық: Ғарышқа ұшу туралы 8 қызықты дерек

Ғаламшарлар

Ғарыш кеңістігінен түнгі Италия (ФОТО)

Ұзақ ұсталыммен түсірілген ғарыштық фотолар.

BBC : Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылды

...