уиндоус 10 жүйесі жайлы мәлімет бере аласыздар ма

+1 дауыс
Операциялық жүйелер бөлімінде 01 Жел, 2015 Санат сұрағын қойды
уиндоус 10 жүйесі жайлы мәлімет бере аласыздар ма. Орнатуға бола ма әлі ерте ме

1 жауап

0 дауыс
01 Жел, 2015 berik258 (316 ұпай) жауап берді
02 Жел, 2015 berik258 өңдеу жасады

Windows 10 жүйесі білетін Windows жүйеңізді біріктіріп, сізге ұнайтын үлкен жетістіктерді қосады. InstantGo сияқты технологиялар іске қосып, жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Windows 10 жүйесінде зиянды бағдарламалық жасақтамадан қорғайтын бұрын-соңды болмаған қосымша бекітілген қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. 

Көп тапсырма

Экранда бірден төрт нәрсені суретке түсіретін мүмкіндігі бар. Экранда бос орны қалмады ма? Орынды көбейту үшін виртуалды жұмыс үстелдерін жасап, қалағандарын ғана қолданыңыз. Сонымен қатар барлық хабарландырулар мен негізгі параметрлер оңай қол жететін экранға жиналған.

Microsoft Edge

Барлығы жаңа веб-шолғышта өзіңізге қолайлы әдіспен жұмыс істеуге арналған. Бірден веб-беттерде жазуыңызға не теруге және белгілегендерді басқаларымен ортақ пайдалануыңызға болады. Назарды басқа жаққа аудартпайтын оқу көрінісі сізге ұнайды. Сонымен бірге жұмысты жылдамдатуға көмектесетін жақсартылған мекенжай жолағы бар.

Континуум

Ең жақсы экран — әрдайым сіздегісі, себебі Windows 10 әрекетіңіз бен құрылғыңызға арналған тәжірибеңізді оңтайландырады. Экрандық мүмкіндіктер оңай шарлау мен бағдарламалар масштабын ең кіші дисплейлерден үлкеніне қарай біркелкі бейімдейді.

Бірегей сіздікі

Windows 10 құрылғысы сізді танып, қатысуыңызды жеке жолдармен растайды. Windows сәлемдесу жүйесімен құрылғыңыз атыңызды атау арқылы сәлемдесіп, тануды жандырып көрсетеді, бұл кезде жүйеге кірерде құпия сөзді еске түсіру немесе теру қажеттілігінен босатады.

Ойын және Xbox

Windows 10 ДК, ноутбугында немесе планшетінде Xbox One ойындарын ойнаңыз. Game DVR мүмкіндігін пайдаланып, ең керемет кейіпкер қозғалыстарын жазып алыңыз және ойыннан шықпай, достарыңызға бірден жіберіңіз.

 

Өз басым қолданамын, маған ұнайды! Біреулер әлі XP, 7, немесе жарымай қалған 8-ді қоладанады, соларға қарағанда әлде қайда жақсы! Интерфейс, қолайлығы барлық жағынан әлде қайда басымдырақ болып көрінді! Біреулер Windows 10 жүйесі сіз туралы ақпаратты жинайды дейді. Рас оны майкрософт официалды түрде хабарлады. Ал басқалар мысалы гугл сіздге хабарын бермей-ақ, сізден рұқсат алмай-ақ соны жасап жатыр емес пе? Айырмашылығы біреуі хабарын беріп отыр, біреуі жасырын! Қысқасы әр адамның талғамына байланысты.

 

Windows 10 қолданушылар жайлы мәліметтерді қалай жинайды?

Windows 10 қолданушылар жайлы мәліметтерді жинайды деген ақпарат жаңалық емес. 2014 жылы Microsoft компаниясы құпиялылық жайлы мәлімдеме жариялады, ол мәлімдемеде олардың серверіне қолданушылар пайдаланған бағдарламалар, құрылғылар мен желілер жайлы ақпарат берілуі мүмкін делінген. Бұл мәліметтер қолданушының идентификаторымен байланыса алады (Microsoft есеп жазбасы), сонымен қатар электронды адресі, қызығушылықтары, баратын жерлері  және т.б. жинақталады.

Aeronet.cz чех басылымы аты аталмаған ақпараттық технологиялар маманының Windows 10 - ның мәліметтерді жинаудағы белсенділігін бақылаған зерттеуін жариялады. Зерттеу барысында келесідей құрылғылар пайдаланылған: Microsoft серверлеріне мәліметтердің берілуін бұғаулайтын Destroy Windows 10 Spying, PRTG Network Monitor, Windows Resource Monitor және Wireshark бағдарламалары. Зерттеушінің пікірінше, Windows 10 — операциялық жүйеден бұрын мәліметтерді жинайтын терминалға ұқсайды.

Толық: http://bilim-all.kz/article/1904

...