a-brands.kz

Американдық және Британдық ағылшыншаның айырмашылығы

0 дауыс
Ағылшын тілі бөлімінде 19 Сәу, 2016 Жасик сұрағын қойды
Американдық және Британдық ағылшыншаның айырмашылығы қандай?

1 жауап

0 дауыс
19 Сәу, 2016 Нұрлан жауап берді

Американдық және Британдық ағылшыншаның айырмашылығы

Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

Американдық және Британдық ағылшыншаның айырмашылығы

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...