Ер бала мен қыз балаға арналған әдемі қазақша есімдер. Ат қою!

+4 дауыс
Салт-дәстүр бөлімінде 01 Жел, 2015 (1,002 ұпай) сұрағын қойды
Өте әдемі, қазақша ер бала мен қыз балаға арналған есімдер. Әдемі есімдер, адам аттарын мағынасымен жазсаңыздар. Адам аттарының мағынасы. Адам есімдері мағынасы.

17 Жауаптар

0 дауыс
01 Жел, 2015 Мәдина жауап берді
ОҢЛАСЫН – қазақтың төл есімі. Түбірі қалау райындағы «оңда» (жарылқа) сөзінен шыққан. Жаңа туған сәбиге «Тәңір жарылқасын, бақыты ерте оянған азаматтардың қатарынан көрінсін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы
РӘБИҒА – арабтың «Рабии», яғни «төртінші бала» деген сөзінен шыққан. Алланың сүйген құлдарының бірі, сопы әулие Рабия Балқия (Ауғанстан аумағындағы қазақтар мен түріктер көп шоғырланған Балық қаласы) отбасында туылған төртінші бала болған. Сосын оған осы есімді лайық көрген. Мұқым мұсылман қауымы жаңа туған қыз балаға осы есімді ырымдап қоятын болған.
НӘРКЕС – қазақтың қыз балаға қоятын ырымды ныспысы. Жаңа туған сәбидің көзі тұнық, әдемі болса, осы есімді беретін болған. «Тіл-көзден аман жүрсін, әдемі ару болсын» деген ниетпен қойылады. Және де бақшада өсетін күлтесі ақ немесе сары түсті, хош иісті гүлді де НӘРКЕС деп айтады. Ел ішінде сирек кезде­сетін есімдер қатарына жатады.
ЖАНТІЛЕУ – қазақтың «жан» (рух) және «тілеу» (тілек, үміт, арман-мақсат) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Жаңа туған сәбиге жан тілеуім (бар тілегім) осы баламның үстінде деген ниетпен қойылатын ырымды ныспы. Яғни «осы сәбиімнің өмірдегі бар тілегі қабыл болсын, әрдайым жолы ашық болсын» деген мағына береді. Және де қазақ халқы есімге «Жан» сөзін еркелету мақсатында да тіркейді, «Жанерке, Жанболат» деген сияқты. ЖАНТІЛЕУ – ел ішінде өте сирек кездесетін есім.
ФАЗЫЛ – қасиетті Құран Кәрімнен алынған арабша есім. «Адал, мейірімді жан» деген мағынаны білдіреді. Жаңа туған сәбиге «Жаратқанның сүйген құлдарының қатарында болып, мейірім-шапағатына бөленсін» деген ниетпен қойылады. Бұл күндері сирек кездесетін ныспылар санатында.
Мәнсия – арабтың «білімпаз», «білім сүйгіш» деген мағына беретін сөзінен шық­қан. Халқымыз бала ақылды, білімге құмар, ынталы болып өссін деген тілекпен қоя­тын болған
ІҢКӘР – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.
МАЙРА – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.
АЙНА – парсы сөзі. Мағынасы «жарқын, таза» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге «жаны жайсаң, жүзі жарқын, ары таза жан болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспылардың бірі.
ЗӘУРЕШ – арабтың «зәхра» (нұрлы жүз, жарқын келбет) сөзінен шыққан. Ұлық пайғамбар қызы Фатиманы осылай деп атайды екен. Кейін бұл есім қазақ арасына сіңіп, Зура, Зухра, Зәуре формасында қолданылатын болған. Бұл есім мұсылмандар арасында, әсіресе шиғалар ортасында, жиі кездеседі.
БИКЕШ – қазақтың төл есімі. Бойжеткен қыздар мен жас әйелдерге айтылатын мәдениетті, ибалы сөз. Және де күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан шоқ жұлдызды Бикеш деп атайды. Жаңа туған қыз балаға «қылықты, ерке, сұлу болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде өте сирек кездеседі.
ЗЕРЕ – қазақтың төл есімі. Көбіне қыз балаға қойылады. Көне түркі тілінде іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиімді және де кіреукенің кеуде мен арқа жақтарына темір не болат тақташалар қосылып өрілетін сауытты осылай атайтын болған. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қойылатын есім.
МЕРЕКЕ – қазақтың төл есімі. «Салтанат», «Шаттық» деген мағыналарды білдіреді. Жаңа туған сәбиге өмірі шаттыққа, салтанатты сәттерге толы болсын, әрқашан жадырап жүрсін, ата-анасының көз қуанышына айналсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін ныспылардың қатарына жатады.
Мәриям – кісі есімдері туралы ғылым бойынша бұл есім иврит тілінен тара­ған. Сондай-ақ оның латын тілінен шыққаны туралы да болжамдар бар. Оның ма­ғынасы «сүйікті», «етене жақын» дегенді білдіреді екен. Тарихта бұл есімнің даңқ­ты және ықпалды әйел адамдарға қойылғаны белгілі. Ономастикалық зерт­теулерде Мәриям, Мария есімдері «сәби әділ, турашыл болсын деген ниеттен туған» деп жазылады.
Меруерт – «інжу-маржан» сөзінің синонимі. Кейбір деректерге қарағанда, сөз төркіні парсы тілінен шығатын болса керек. Парсылар маржан тастарды «морварид» деп атайды. Алайда олар «Меруерт» немесе «Морварид» деп ат қоймайды. Соған қарағанда, бұл сөз парсы тіліне қазақ тілінен енген сөз болуы әбден мүмкін. Өйткені түркі қауымы арасында тек қазақтар ғана қыздарына осындай есім қояды.
Мәдина: араб-парсы тілдеріндегі «дин» (дін) сөзімен төркіндес болып келеді. «Мәдина» сөзін араб тілінен аударғанда, қала мағынасын береді. Қала – дін мен мәдениеттің көрсеткіші. Көп үлгі тұтар зиялы болсын деген ниетпен қойылатын есім.
Шәкизада: парсының «шах» (патша) және «зада» (адам) сөздерінің бірігуінен құралған
Ғазиз – араб тілінде «қымбат», «асыл» деген мағынаны білдіреді.
Фатима – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың қызына қойылған делінеді.
0 дауыс
01 Жел, 2015 Ismailov Rinat жауап берді
Томирис-----------Тұмар ханша
Ұлмекен-----------Ұл көп болсын
Ажар---------------Әдемі
Дана----------------Адал, сенімді, қауіпсіз
0 дауыс
01 Жел, 2015 Айжан Джулаева жауап берді
Қазақ қыздарына өте жақсы есімдер қою керек. Аделина, Аида, Анель, т.б басқа елдерден келген есімдер онша жақсы емес. Қазақта бұрыннан келе жатқан жақсы есімдер өте көп қой. Олар Алуа, Мақпал, Жібек, Айша, Айбарша, Ақжайнақ, Айсұлу, Айсәуле... Кейінгі есімдер Роза, Райхан, Раушан, Назерке, Жанерке,  деген сияқты гүлдердің атымен байланысқан есімдер қыздарды тіпті әдемі етіп көрсетеді.
0 дауыс
23 Мау, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді
Қазақ ер азаматтарының есімдері

Абай...Айнан
Айрат...Ален
Алмабай...Аян
Әбдуали......Әбуғалым
Әбунасыр...Әшир
Баба......Байсал
Байсан...Береке
Берен...Бірлік
Ғаббас...Ғұмар
Дабыл...Ділдабек
Егізбай...Ешмұхамбет
Жабағы...Жігер
Зайт... Зікірия
Ибат...Иса
Кабир...Кунту
Қабай...Қыдыр
Латиф...Лұқпан
Мағаз...Мышырбай
Нағи...Нысынбай
Обай...Ошақбай
Өжет...Өтетілеу
Пазыл...Пірәлі
Рабат...Рүстем
Сабаз...Сырмұхамбет
Табар...Тілеміс
Уайыс...Уәли, Уәлі
Ұзақ...Ұлықбек
Үдербай...Үстем
Фазыл...Фахир
Хабиб...Хұсайын
Шабай...Шілдебай
Ыбырай...Ыстамбақы
Ібни...Ісмет

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері

Абира...Асылтас

Әбіба...Әужа

Бағила...Бүлдіршін

Гаухар...Гүлшаш

Ғазиза...Ғафура

Дайана...Ділдә

Ерзада...Еркежан

Жазира...Жібек

Зағила...Зылиқа

Индира...Ирада

Кабира...Күнсұлу

Қазиза...Қырмызы

Лазым...Ләтипа

Мағрипа...Мүштәри

Нағиза......Нұршара

Озария...Орынша

Өміргүл...Өрзия

Пана...Перизат

Рабия...Рухия

Сағида...Сындыбала

Талжан...Тұрсынай

Уәзипа...Уәсима

Ұлбала...Ұрқия

Үмігүлсім...Үрия

Фазила...Фируза

Хабиба...Хафиза

Шабал...Шырынгүл

Ырысалды...Ырысты

Інжу...Іңкәр
0 дауыс
23 Мау, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Айнұр — ақ айдай нұрлы келеді,
Айгүл — үнемі гүлдей береді.
Айжан — о, жаны сұлу, тартымды,
Айман — мәңгіге сезім себеді.

Айсулу — жүрегі жарық — арайлы,
Айдана — қиылып, әй-әй қарайды.
Әйгерім — пах, қандай өзі әдемі?
Айсара — адалдық, сенім қалайды.

Әсел — тәп-тәтті балдай тамады,
Әсем — әрқашан, әсем қалады.
Асыл — эх, аңсаған арман ғой,
Сауле — жаныңды жаулап алады.

Қарлығаш — қанатты, қайсар қыз дейді,
Сандуғаш — мә, сұлу... Қайтсын біздейді?
Фарида — табылмас — жылы жүрегі,
Жазира — мінезі қатты, мұз дейді.

Ажар — ажармен — бәрін таң қылды,
Шынар — о, уау! Көзбен талдырды...
Анар — шекердей, ерні қып-қызыл,
Жанар — жанары — мұңға малдырды.

Айтолқын — сөзімен ойды баурайды,
Дариға — еркелеп, көңіл аулайды.
Динара — мінезі ай-хай, баршылық!
Айбөпе — есімі, бәрін <img alt="

19 Ақп, 2017 белгісіз пікір қалдырды
Мархаба - сүйінші
10 Нау, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Нұрислам деген жақсы есім.Менің де атым Нұрислам
0 дауыс
27 Жел, 2023 admin (590 ұпай) жауап берді

Қазақы есімдер.

Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

Айбарша — қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

Айғанша — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

Айғыз — айдай сұлу, көркем қыз бала.

Айдай — айдай сұлу, көркем.

Айдана — қазақтың сөзі ай және тәжік тілінен алынған дана, білгір, данышпан, ғалым.

Айдария — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған дәриа, теңіз, үлкен өзен.

Айжан — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.

Айжарқын — ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.

Айжарық — ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.

Айжас — ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.

Айзада — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

Айзат — қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.

Айзере — қазақ тілінен алынған ай және зере парсы тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

Айзиба — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба – сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

Айзия — қазақтың сөзі ай және зия – араб тілінен алынған, зийна – жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

Айкүміс — қазақтың сөзі ай және күміс – сұлу, әдемі, көркем.

Айман — қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен – ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

Айнаша — айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

Айсәуле — екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылады.

Айсүгір — қазақ есімі. ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.

Айсұлу — екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

Айтан — қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.

Айтас — ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айтолды — бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

Айтуар — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.

Айшолпан — ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

Айшуақ — ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айшық — туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.

Мұсылманша есімдер

Абдуллаһ – Алланың құлы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкесінің есімі Абдуллаһ болған.

Абдурахман – Аса Мейірімдінің құлы. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Абдурахман ибн Ауф.

Аббас (Ғаббас) – қатал, қатаң.

Абдулхамид  – Мақтаулының құлы.

Әли – биік, асқақ. Әли ибн Әбу Талиб – балалар арасында ең алғаш болып ислам (он жасында) қабылдаған, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың (оған Алла разы болсын) жары.

Әнас – қуанышты, жағымды, ақкөңіл.  Он жасынан бастап Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінде тәрбиеленген сахабаның есімі – Әнас ибн Мәлик.

Ахмад (Ахмед) – мақтаулы,  аса мақтаулы. Мұхаммед Пайғамбардың есімдерінің бірі.

Аюб (Айюп) – өкінуші, серт беруші. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірінің есімі.

Бәкір – алғашқы, тез өсуші.

Ғани (Абдулғани) – бай, есепсіз байлықтың иесі. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Ғафур (Ғаффар) (Абдулғафур, Абдулғаффар) – кешірімді. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Дәуіт (Дәуд) – сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.

Зәкария – Алланы еске алушы, нағыз еркек. Исраил қауымына жіберілген пайғамбар, Жақия пайғамбардың әкесі, әйелдердің ардақтысы Мәриям анамызды қамқорлығына алушы.

Зубеир  – күшті, ақылды. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Зубеир ибн әл-Аууам.

Ибраһим – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі. «Алланың досы» деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бойсұнушы.

Ыдырыс – ынталы, білім алушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.

Ілияс – Құдайдың құдіреті, ғажайып. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.

Ескендір – батылдарды жеңуші.

Ислам (араб.) – бейбітшілік, мойынсұну, бағыну.

Исмаил – «Алла өзі естиді» деген сөз тіркесінен шыққан. Ибраһим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен Ажар анамыздың ұлы, Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.

Ысқақ – жайдарлы, көңілді. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.

Ықылас – шынайы. Ықылас сөзінің түбірі “Холис” деген сөзден шығады, яғни араб тіліндегі сөздік мағынасы «Холис» – «мұнтаздай  таза» деген мағынаны білдіреді.

Ихсан – мейірімді, жақсы, мейірбандық танытушы, көмектесуші.

Карим (Абдулкарим)– жомарт. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Қасым – бөлуші, таратушы, әділетті. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлдарының бірінің есімі – Қасым.

Лұқман (Лұқпан) – қараушы, қамқорлық танытушы. Құранда есімі аталатын ізгі адам, дана хакім.

Мәлік – Қожайын, Ие, Патша. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.

Мансур  – жеңімпаз, жеңісті мақтау.

Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер..

Мұкаддас  – қасиетті, таза.

Муслим  – мұсылман, Аллаға бойсұнушы.

Мұстафа  – тегіс, жоғарыда тұрушы, ең жақсы, таңдаулы.

Мухсин – жақсылық жасаушы, көмектесуші.

Мұхтар – таңдаулы, таңдау еркі бар адам.

Надир – сирек мағынасын білдіреді.

Нариман – мықты, мығым, сильный, берік.

Нұғман – кішіпейіл, берекелі, игілікті.

Нұр – жарық, жайнаған.

Нуриман – сенімнің (иманның) нұры.

Раис – басшы, жетекші, қолбасшы.

Рамадан (Рамазан) – Мұсылмандар күнтізбесіндегі ораза ұсталынатын тоғызыншы айдың аты.

Қазақша есімдердің тізімі

Алфавит бойынша есімдер

0 дауыс
15 Қаң admin (590 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
9 жауап
0 дауыс
4 жауап
...