a-brands.kz

Салмақ тастау, арықтау

+4 дауыс
Салауатты өмір салты бөлімінде 21 Мау, 2016 Арман сұрағын қойды
21 Мау, 2016 admin өңдеу жасады

Салмақты қалайша тастауға болады, басып қалған майды қалайша кетіруге болады? Кез келген тәжірибелеріңізбен, ұсыныс, ойларыңызбен бөліссеңіздер. Алдын ала үлкен рахмет!

19 Жауаптар

0 дауыс
21 Қаз, 2017 admin (929 ұпай) жауап берді
+1 дауыс
21 Мау, 2016 admin (929 ұпай) жауап берді

Семіздік себептері мен оны емдеу жолдары

Семiздік немесе артық салмақ деп ағзада майдың мөлшерден тыс көп болуын айтады. Және май барлық жерде жиналады: терi асты жасұнықта, бүйрек айналасында, жүректiң бетiнде, қабырғаларда, мойында.

Семiздік денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар ауыр психологиялық қиындықтарға душар болады. Өйткенi бiздiң қоғам сымбаттылық пен арықтықты бағалайды. Бұл әсiресе әйелдер мен жасөспiрiмдерге қиынға соғады.

Дәрiгерлер семiрудiң келесi себептерiн анықтаған:

1. Тұқым қуалаушылық;

2. Эндокринды аурулар;

3. Аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы;

4. Мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы;

5. Кейбiр психикалық ауытқулар.

Семiрудiң 4 дәрежесі және 2 кезеңі болады: дене салмағы үнемі өсіп тұратын үдемелі, және артық салмақ болса да, ары қарай үлкеймейтін тұрақты кезең.

I дәрежелі семіздік: дененiң нақты салмағы идеал массадан 29%-ға дейін асады.

II дәреже: дененің нақты салмағы идеал массадан 30-40%-ға дейін асады.

III дәрежелі семіздік: 50-99% пайызға дейін асуы.

IV дәреже: айырмашылық 100%-дан жоғары.

Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді: жүрек жұмысы ауырлайды, қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды, инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.

Семіздікті емдеу

Артық салмақты өз бетіңізбен толық емдей алмайсыз, алдын ала дәрігермен кеңескен дұрыс. Мүмкін семіздік белгілі бір аурудың салдары шығар. Бұл жағдайда сол ауруды емдеу керек.

Семіздікті емдеу тәсілдері:

  1. Дәрі-дәрмексіз тәсілдер. Калориясы төмен азыққа негізделген емдәм мен жүйелі дене жаттығулары.

Барлық диеталар келесі талаптарға сай болу қажет: калорияның айқын тапшылығын қалыптастыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін тиімді және үйлестірілген тағам пайдалану. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен біртіндеп арылу қажет.   

2. Дәрі-дәрмекті тәсіл. Дәрігер тәбет қашыратын және құнарлы заттардың сіңірілуін азайтатын немесе гормоналды жағдайыңызды қалыпқа келтіретін препараттарды жазып беруі мүмкін.

3. Хирургиялық тәсілдер:

- Липосакция, яғни тері астынан артық майды алу;

- асқазан көлемін кішірейту үшін кигізілетін арнайы сақиналарды асқазанға орнату операциясы;

- Абдоминопластика – салбырап қалған немесе тым үлкен қарынды жоятын ота.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Дәрігерлер аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балаларға арықтауға рұқсат бермейді. Әдетте балалар дене қимылының аздығынан семіреді. Дұрысы, томпақ балақайдың бойы салмағын «қуып жеткенше» бір қалыпта ұстауға тырысу керек.

Семіздік – медициналық мәселе. Сондықтан, толық адамды оның дене бітімі үшін кемсітуге болмайды.

Семіздіктің алдын алу:

1. Салауатты өмір салтын ұстану;

2 Спортпен шұғылдану;

3. Көкөніс пен жемістерді көбірек жеу;

4. Артық салмақ қосқаныңызды байқаған сәттен бастап, спорт және қауіпсіз диетаның көмегімен арықтауға тырысу керек. Егер әсері болмаса, дәрігерге қаралаңыз.

 

Дереккөз: massaget.kz

+1 дауыс
21 Мау, 2016 Samina (150 ұпай) жауап берді

Үйде жүріп арықтаудың жолдары 

Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола бермейді. Үй жағдайында да арықтауға болады.

1. Режим және дұрыс тамақтану
Ең бастысы дұрыс режим қою. Әр нәрсені өз уақытында істеңіз, тамақты да белгілеген уақытыңызда ғана ішіңіз. Күніне 15 минутты жаттығу жасауға бөліңіз. Қарапайым жаттығуларды әдетке айналдырыңыз.

2. Алкогольден бас тарту
Арықтау үшін алкогольден бас тарту керек. Сыра, шарап сияқты жеңіл ішімдіктерде калория көп болады. Ішкен кезде адамның тәбеті де арта бастайды. Тіскебасарлар да артық салмақ қосады.

3. Шеңбер (обруч) және скакалка
Күніне 10 минуттан шеңбер айналдырсаңыз нәтижесін бір аптада көре бастайсыз. Теледидар қарап тұрып та айналдыруға болады. 30 рет скакалкамен секіру де пайдалы.

4. Ыдыс өзгерту
Тамақ ішіп жүрген ыдысыңызды өзгертіңіз. Бұрынғыдан кішірек ыдыспен тамақ ішіңіз, сәйкесінше бұрынғыдан аз тамақ іше бастайсыз.

5. Күнделік
Арнайы күнделік бастаңыз. Нәтижелеріңізді есептеп жазып жүріңіз. Күнде қай жаттығуларды орындағаныңызды немесе орындамағаныңызды жазыңыз.

6. Кремдер
Түрлі арықтатқыш скраб және кремдер бар. Соларды таңертең және ұйқы алдында қажет жерлеріңізге жағыңыз.
7. Үй жұмыстарын қолдану
Үйдегі күнделікті жұмыстарды жаттығу қылып қолдануға болады. Үйден шығарда баспалдақпен түсіңіз, егер сөмкеңіз ауыр болмаса үйге келерде жоғарыға да баспалдақпен көтеріңіліңіз. Киім үтіктеу кезінде де қалың киім киіп, терлеп алған жақсы.

8. Кей тамақтардан бас тарту
Арықтау үшін кей тамақтардан бас тарту керек. Нан, ұн тағамдары, картоп, макарондарды ұмытыңыз. Көкөніс, жеміс, сүт, жаңа ет идеал азықтар. Майонез, сыр, шұжық, майлардан қашыңыз.

9. Жатып жемеу
Тамақты тек қана үстелде отырып жеңіз. Диванда жатып, теледидар қарап ештеңе жемеңіз. Еш нәрсеге алаңдамау керек тамақ ішкен кезде. Кітап, планшет, телефондарыңызды ұстамаңыз. 5-10 минут алаңсыз тамақтанған жөн.

10. Ванна
Таңертең душқа түсіңіз. Жатар алдында ванна қабылдаңыз, су массажын жасаңыз. 

Дереккөз: kerekinfo.kz

0 дауыс
21 Мау, 2016 Нұрай жауап берді
Егер сіздің мақсатыңыз - бір аптаның ішінде кемінде 5 килограммнан арылу болса, тамақтану әдісін, өмірлік стиліңізді және қолданып жүрген тағамдарыңыздың көлемін азайту қажет. Күнделікті өміріңізге спорттық қимылдарды қосуды ұмытпаңыз.

Мінекей, салмақ тастау үшін арналған бірнеше пайдалы кеңестер:

- Ең маңыздысы, тамақтанар алдында 300-400 мл кем емсе су ішіңіз.

- Күніне 2,5 литрден кем емес су ішу қажет.

- Күнделікті жарататын каллориялардың көлемінен аз болатын каллориялы тағам қолданыңыз.

- Дәнді дақылдарды, көкөністерді және жемістерді тағамға қолдану, салмақтың азаюына септігін тигізеді.

- Шай мен кофе, тәтті тағамдардың көлемін азайтыңыз.

- Бір отырыста желінетін тағамның көлемін азайтыңыз.

- Міндетті түрде, спортпен щұғылдану үшін уақыт аранңыз, кемінде күніне 15 - 20 минут.
0 дауыс
21 Мау, 2016 Салтанат жауап берді
Ғашық болып, мен бір аптаның ішінде 10 килограммға аздым! Мүмкін емес нәрсе жоқ екендігін түсініп, және мұндай арықтаудың қауіпті немесе қауіпсіз екендігі жөнінде ойларды алып тастап, мен осыған қалай қол жеткізгеніммен бөліскім келеді.

1.Бастысы - сымбат, биязы, сәнді болып көрінуге деген ыстық және ынталы тілек. Есіңізде сақтаңыз! Бұлсыз ештеңеге қол жеткізбейсіз.

2.Ең дұрысы көкөністер мен жемістерге негізделген диетаны қолдану(күніне 1-1,5 кг) + дәнді дақылдан жасалған қытырлақ нан + түнде 1 стақан айран. Және де шексіз су іше беру.

3.Үйде отырмаңыз, көбірек қимылдаңыз. Күлімсіреңіз, жағымды адамдармен қарым – қатынас жасаңыз! Және де бір аптадан соң сіз өзіңіздің нәтижеңізден шаттанатын боласыз.
0 дауыс
21 Мау, 2016 Айман жауап берді
Ең бастысы арықтау үдерісінің механизмін түсініп алу маңызды. Артық салмақ ағзадғы май қабатында тұзға байланысты су ретінде жинақталады. Іскендік, болбырлық –артық судың белгісі. Дәл осы суды ағзадан шығарып тастау қажет. Сонымен, үдерістің өзі:

•Бір апта бойы тұз бен қантты қолданудан толығымен бас тартамыз. Дәл солай! Қатігез, бірақ қажет. Жеңіл салаттар, көкөністер, ет жейміз және таңғы асқа ботқа пісіріп жесеңіз болады, бірақ! Ату жасзасының қорқынышымен тұздамау!

•Өте көп су ішеміз. Дәл таза судың өзін, ешқандай шырын, шірне, йогурт емес, тек қана су. Газдалған, қарапайым – маңызды емес, бастысы – 3-4 литр көлемінде, одан кем емес.

Қағидасы қарапайым - тұзға байланысты жинақталған іскедікті жуып тастау. Даналықтың барлығы – қарапайымдылық.

Берілген тармақтарды қатаң ұстанудың нәтижесі бірден көрінеді. Айна оған дәлел болады. Сәттілік!
+2 дауыс
21 Мау, 2016 Жасмина жауап берді

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

Қыз баласы үшін ең қиыны өз салмағымен алысу шығар. Спортпен жастайыңызнан біте қайнасып өспесеңіз, үнемі шұғылданып жүру де оңай емес. Кенеттен еріншектікке беріліп, тастап кетуіңіз мүмкін. Диета да солай. Қашанғы өзіңізді тамақтан шектей бересіз, бір күні қолды бір-ақ сілтейсіз. Бәріне төзіп, айтарлықтай салмақ тастаған күннің өзінде да біраз уақыттан соң қайтадан томпақ қалыпқа келіп алуыңыз да әбден мүмкін.

Нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен өзіңізді әбден дайындап алыңыз. Салмақ тастауға тәніңізді ғана емес, жаныңызды да көндіріңіз.

1. Не үшін салмақ тастайсыз?

Өйткені, деніңіздің сау болғанын қалайсыз ба? Артық салмақ – бұл денсаулығыңыздың нөмірі бірінші жауы. Артық салмақ салдарынан: сәтсіз жеке өмір, өз-өзіңді жек көру, адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар, гормонды ауытқулар туындайды, жүрек қан тамырларының бұзылады, солай-солай жалғасып кете береді.

Алдымен, артық салмақ дегеннің не екенін түсіну керек. Ол қайдан келеді? Артық салмақ бірінші кезекте дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығынан жиналады. Ал дұрыс тамақтанбау – семіру ғана емес, асқазан, жүрек, бүйрек, бауырыңыздың дұрыс жұмыс істемеуі.

Өзіңіздің семіздігіңізден ұяласыз ба? мүмкін жақын арада күйеуге шыққалы жүрген шығарсыз? Әлде күйеуіңіздің сізге көзқарасы арық кезіңіздегіден өзгерді ме? Немесе ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Арықтаудың себебін анықтаңыз.

2. Мақсат қойыңыз.

Белгілі бір мерзімде қанша килограмм салмақ тастауыңыз керек екенін анықтаңыз. Сол анықталған уақытта мақсатыңызға жетуге тырысыңыз.

3. Қасыңызға серік табыңыз.

Артық салмақтан арылғысы келіп жүрген адам бар болса, әрекетті бірге бастағандарыңыз дұрыс. Бұл тәсілдің әсері мол. Өйткені, бір-біріңізге қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда жалқаулыққа тиым салып, көздеген мақсатқа жету жолын жеңілдетесіздер.

4. Жаттығуға тырысыңыз.

Ары-бері қисайып қана қоя салмай, арықтауға арналған жаттығуды күнделікті жасап тұрыңыз. Ерінбеңіз. Жаттығудың көмегімен өзіңіз армандаған салмаққа тез жетесіз.

Алайда, бірден көп қимылдап, денеңізге күш түсіріп алмаңыз. Аптасына 1-2 сағаттан екі рет шыныққаннан гөрі, күн сайын 10-15 минуттан жаттығып тұрған тиімді.

5. Күнделік жазыңыз.

Артық салмақпен күресуді бастаған күнгі салмағыңызды, өлшемдеріңізді күнделікке түртіп қойыңыз. Екі-үш күн өткен сайын өзгерістер мен қиыншылықтарды, артықшылықтарды жазып жүріңіз. Егер ойыңыз бұзылып, ортан жолдан бәрін тастай салғыңыз келетін жағдай туындап жатса, күнделігіңізге қараңыз. Қанша қиындықтарды артта қалдырып, мақсатқа жетуге аз қалғанын көресіз. Тіпті ештеңе жазбастан, суреттеріңізді қыстырып жүрсеңіз де болады. басынан бастап, қалай өзгергеніңізді көресіз.

6. Қимыл қосыңыз.

Күнделікті ісіңізден бөлек күн сайын артық қимыл қосып отыруға тырысыңыз. Бір аялдама артық жүріңіз, бесінші қабатқа жаяу түсіп-мініңіз, кешке бір сағат таза ауада серуендеп қайтыңыз, қалау өзіңізде.  

Түптеп келгенде, артық салмақтан арылу қиын емес, өзіңізді іштей дайындау, іштей қайрау қиын. Өзіңіз белгілеген уақытта шыдамдылық танытсаңыз, бәрі болады. Қалаған киімді киесіз, ер-жігіттердің назарын аударасыз, денсаулығыңыз жақсарып, өзіңізді жеңіл сезінесіз, бастысы, жас көрінесіз.

Дереккөз: aikarakoz.kz

+1 дауыс
21 Мау, 2016 berik258 (314 ұпай) жауап берді

Арықтауға көмектесетін сусын

Грейпфруттың арықтауға көмегі бар екенін көбіміз естіген едік. Алайда, одан да пайдалырақ, дәмдірек әрі арзан жеміс – киви. Кивимен қоса лимон да бізге арықтауға көмекші болады.

Әсіресе қыс мезгілінде ағзамызға пайдалы бұл сусынды уй жағдайында дайындау көп уақытты талап етпейді.

Бізге қажетті ингредиенттер:

1 орташалау киви

2 лимон тілімі

7-10 желкен

6-8 жалбыз

100 мл таза, газдалмаған су

1-2 шай қасық бал (қалауыңыз бойынша)

Сусынды дайындау жолы:

1. Алдымен кивиді 4-5 бөлікке бөліп, блендерге саламыз.

2. Лимонды қабығымен қоса және желкенді де блендерге саламыз.

3. Жалбыздың жапырақшалары мен балды қосамыз.

4. Суды қосып, барлығын езбеге айналдырып, ұсақтаймыз.

5. Дайын сусынымызды стақанға құйып, бірден ішу керек.

Сұлының көмегімен арықтайық

 

Сұлы диетасы арықтауға жақсы көмегін тигізетінін білесіз бе?

Арықтаудың жеңіл әдістерінің бірі: мәзірімізде тек сұлы ботқасы. Онымен күніне 5 рет 250 грамдық мөлшерде тамақтануыңыз керек. Бұл диета 5 күнге арналған. Бұл күн аралықта 5 килограмға дейін арықтауыңыз мүмкін. Бұл диетаны тек алты айдан кейін ғана қайталауға болады. Артық қыламын деп, тыртық қылмаңыз.

Бұл диета көбіне тез арада арықтау мақсатына арналған. Мысалы, маңызды шаралардың алдында, той, жаңа жыл, т.б.

Тағы бір әдіс – жеміс-жидекті сұлы диетасы. Мұнда жаңа немесе кептірілген де жеміс-жидекті пайдалануға болады. Сұлы ботқасына алма, киви, өрік және жидектерді қосыңыз. Ал кептірілген жемістерден: қараөрік, мейіз, кептірілген өрік (курага). Ал мөлшер 250 грамм ботқа мен 100 грамм жеміс-жидек болуы керек.

Сонымен қатар 50 грамм жаңғақтар мен 2 шай қасық бал қосуға болады.

Бұл ботқаны күніне 3 мезгіл жеу керек. Бұл аралықта 100 грамм жеміс жеуді де ұмытпаңыз. Бұл диетаны 2 аптаға дейін ұстануға болады. Үздіксіз диета кезінде 5-тен 10 килограмға дейін құтылуыңыз мүмкін. Барлығы сіздің ағзаңыздың ерекшеліктеріне байланысты.

Сәттілік!

+1 дауыс
21 Мау, 2016 Айдана Сагындык жауап берді

Шоколад арықтауға көмектеседі

Бала күнімізде анамыздың «Шоколад жей берме, тісің ауырады» деген ескерту сөздері есіңізде ме? Алайда, бұл айтылғандарға дәрігерлер қарсы шығып отыр. Не себепті екенін бірге анықтайық.

- шаршағандық пен күйзелістен арылтады. Шоколад құрамындағы фенилэтиламин жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Нәтижесінде, адам иммунитеті жақсарып, көңіл күйі көтеріледі. Мұнымен қатар, какао майы мен қантты тұтынған кезде миымызда эндорфин мен серотин бөлінеді;

- инсульт пен жүрек талмасының алдын алады. Биологиялық белсенді заттар тромбоциттердің жабысып қалуына мүмкіндік бермейді. Әсері аспиринді қабылдағанмен бірдей болады;

- қан қысымы қалпына келеді. Шоколад құрамындағы кофеин мөлшері аз болғандықтан, денсаулыққа тигізер кері әсері жоқ;

- тісті қорғайды. Қанттың әсерін төмендететін какаоның бактерияға қарсы күші бар;

- какао аса күшті табиғи аллерген болмағандықтан, аллергия шақырмайды. Ол бетке безеудің шығуына әсер етеді деген жалған сөз. Мұны дәрігерлер әлдеқашан дәлелдеген. Диетолог дәрігерлердің айтуынша, шоколад арықтауға көмектеседі. Мұнымен қатар, аталған өнімнің қара сорты тәбетті шақырмайды. 

+1 дауыс
21 Мау, 2016 Қаракөз жауап берді

3 айда 19 кг арықтаған арудан 10 кеңес

Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып, күні-түні жаттығу залынан шықпайтын жандардың өзі мұндай жетістікке жете бермейді. Салтанат, бар болғаны, күніне жиі, бірақ, аз мөлшерден тамақтанған.

Арықтағысы келген қыздарға Салтанаттан 10 кеңес жазып алдық.

1. Ешқашан аш жүруге және сағат алтыдан кейін тамақ жемей қоюға болмайды.

2. Өзіңізді жақсы көріңіз. Мүсініңіздің сұлу болғанын қалайтын мотиватор (мысалы, сүйген адамыңыз не ғашық болу) тауып алыңыз. Егер психологиялық тұрғыдан арықтауға шешім қабылдасаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.

3. Әр 4 сағат сайын күніне 800 ккал тамақ жеңіз.

4. Ұялы телефоныңызға калория есептейтін калькулятор орнатып алыңыз. Ондай қосымшаны интернеттен оңай табасыз. Бұл есептегіш күніне ішіп-жегеніңізді есептеп отыруға көмектеседі.

5. Кем дегенде 40 минут жаяу жүріңіз.

6. Тәттіні тыймасаңыз да, тежеңіз. Қант, бал (әсел), карамель жеуге болады.

7. Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.

8. Арықтау кезінде теріңізді күтіңіз, бұл өте маңызды.

9. Артық салмақтан арылу кезінде алкоголь ішуге мүлде болмайды. Өйткені, бауыр ағзадан майдың шығуын қамтамасыз етсе, алкоголь бауырдың жұмысын тежейді.

10. Өзіңізді, тәніңізді жақсы көріңіз, бұл – жаныңыздың мекені. Сіз жаныңызды көріксіз сауытта ұстағыңыз келмейтіні рас қой?!

Дереккөзі: aikarakoz.kz

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Физика бөлімінде 26 Қар, 2015 berik258 (314 ұпай) сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...