Мелатонин деген не?

+1 дауыс
Дәрі-дәрмек бөлімінде 22 Мау, 2016 Ерғали сұрағын қойды
Мелатонин деген не? Ұйқыға қалай әсер етеді? Дәрі түрінде қабылдау зиянды ма? Дәрі түрінде қабылдасық организміміз табиғи бөлуін доғармайды ма?

5 Жауаптар

0 дауыс
22 Мау, 2016 Мәке жауап берді

Мелатонин — эпифиз-дың негізгі гармоны, циркадалық ритм немесе циркадиандық ритмді ретке келтіреді (барлық жандыларда болатын ішкі сағат, яғни ағзадағы биологиялық үрдістердің циклдік ауысуын реттеп отыратын тәулік ішінде 24 сағаттық ұзақтықтағы ритм болады.

Бұл циркадалық ритмді сақтау генетикалық үрдіс, тіпті соқыр жануарлар да жарықтың өзгерісін терідегі фоторецепторлардың көмегімен біліп отырады.) .

Бұл гармон 1958 жылы А. Б. Лернер-мен табылған болатын.

Қысқасы бұл гармон бөлінгенде ұйқыға тартады. Жұрттар ұйқыны реттеу үшін дәрі түрінде де пайдаланады. 

0 дауыс
26 Қаз Ербол жауап берді

Сұлулық пен жастықтың гормоны

Біз мелатонин деп аталатын гормон туралы көп естідік. Бірақ көбіміз оның өміріміздегі маңызды рөлін біле бермейміз. Мелатонин адамның сұлулығы мен ерте қартаю үдерісін баяулатуға әсер ететіні дәлелденді. Осы гормонның жетіспеушілігі ашушаңдыққа, ұйқысыздыққа, уақыт белдеуі ауысқан кезде дұрыс бейімделе алмауға алып келеді.  Сонымен қатар, мелатонин эндокринді жүйенің қызметін қалыпқа түсіреді, ұйқының уақытын реттейді, қартаю үдерісін баяулатады және иммунитетті күшейтеді.

Мелатонин гормоны ұйқыға жауап береді. Бұл гормонды мидың ең құпиясы көп
 бөлігі болып табылатын эпифиз безі бөліп шығарады. Бұл безді халық арасында «үшінші көз» деп те атайды. Себебі, ең керемет ақпараттық мүмкіндіктер негізінен осы безбен байланысты болып келеді. Эпифиз бөліп шығаратын гормон эндокринді жүйені реттейді. Бұл гормон бәрінен бұрын ұйқының дұрыс болуына жауап береді.  Ұйқы дұрыс болмаса адамның беті ісініп, ашушаң болып кететіні белгілі.

Мелатонин гормоны сұлулыққа әсер етеді.
 Итальяндық киножұлдыз Софи Лорен сұлулықтың басты құпиясы жақсы ұйқыда екенін айтады. Әлемді аузына қаратқан сұлу әйел өзі түнде сағат 21-ден кеш жатпаған, ал таңертең 6-да ояғанды жөн көретін.
 Оның қыздарға беретін басты кеңесі – дұрыс ұйықтау. Ғалымдар бұнымен толықтай келіседі. Себебі, мелатониннің мөлшері сағат 21-ге қарай артады, ал сағат 2-ге қарай ол өзінің шегіне жетеді де, таңертең сағат 9-ға қарай мөлшері төмендейді екен. Бір сөзбен айтқанда, ерте жатқан адам нағыз терең ұйқы кезінде мелатониннің есебінен ағзаның барлық ресурстары жасушалық деңгейде жаңарады.

Мелатонин мүмкіндік береді:
— ағзаның қорғаныс ресурстарын іске кірістіру;
— созылмалы (соның ішінде онкологиялық)
— аурулардың асқынуының алдын алу

Мелатонин гормоны қартаюды баялаутады.  
 Қартаю үдерісі көптеген аурулардың көрініс табуымен қатар жүріп, 25 жастан кейін басталады. Оның басты себебі – мелатониннің жетіспеушілігі. Мелатонин тура осы 25 жастан бастап азая бастайды. Ғалымдар жас көрінудің құпияларын аша отырып, мынадай қорытындыға келген: 25 жастан кейін бұл гормонды үнемі қабылдай отырып, өмірді 15-20 жылға ұзартуға болады. Онымен қоса созылмалы аурулар мен шаршап-шалдығу деген болмайды. Американдықтар қазіргі таңда ұйықтар алдында мелатониннің бір таблеткасын қартаюдан сақтанатын дәрі-дәрмек ретінде ұйықтар алдында қабылдау керек.

Мелатонин: 
— қартаю үдерісін баяулатады;
— иммунды жүйені күшейтеді;
— қан қысымын реттейді.

Мелатонин гормоны түзілу үшін, әртүрлі дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ. Ағзаға гормонды алуға көмектесетін қарапайым ережелерді ұстану жеткілікті.

1. Бір жарық көзінен гөрі жарықтың әртүрлі бірнеше түрін қолданыңыз.  

Әдемі люстра арқылы жарық таратқан дұрыс, бірақ шамның басқа да түрлері қосымша пайдалану мелотониннің түзілуіне көбірек септігін тигізеді.

2. Сағат 22-ге дейін ұйықтау тырысыңыз. 

Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдардың мелотонин гормонының түзілу үдерісі бұзылғандықтан, гипертония ауруына шалдығу көрсеткіші екі есеге артқанын статистиканың өзі дәлелдеп отыр.

3. Дұрыс тамақтаныңыз. Картоп, соя, макарон, баклажан сияқты тағамдарды қолданыстан шығармаңыз. Олар мелатониннің түзілуіне жақсы ықпал етеді. Құрамында мелатонині көп азық-түліктер:

— құс еті

— балық  еті

— сұлы, арпа, жүгері, күріш

— жеміс-жидектер.

4. Ұйықтар алдында қою шәй немесе кофе ішпеңіз. 

 Олар бұл гормонның түзілуіне кедергі келтіреді. Кейбір дәрі-дәрмектер де осындай әсерге ие. Сондықтан дәріні қабылдамас бұрын (әсіресе, ұйқысы нашар адамдар), оның нұсқаулығын жақсылап оқып алған дұрыс. Егер дәрі мелатониннің мөлшерін төмендететін болса, онда мұндай жанама әсері жоқ, басқа дәріге айырбастаңыз.

0 дауыс
26 Қаз Ербол жауап берді

Мелатонин гормоны

Сүтқоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасқан. Ол дәнекер үлпалы қабықпен қапталып, көмескі бөлікшелерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлікшелері екі түрлі торшалардан -пинеалъдық (пинеалоциттерден) және глиялың, құралған. Бұл торшалар жарық сезгіштік (фоторецепциялық) қабілетін жоғалтып, безді ұлпаға айналған. Сонымен қатар бұл без мимен жүйкелік қатынасын жоғалтқан, симпатикалық жүйкемен автономды сипатта жүйкеленеді және қан тамырларымен жақсы жабдықталған.

Аталған заттармен қатар эпифиз әсерімен симпатикалық жүйке талшықтарының үшында көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Түнде норадреналин мөлшері де көбейеді. Қараңғы кезде норадреналин мен мелатониннің мөлшерінің өсуі эпифиздің жүйкелену ерекшелігіне байланысты. Бұл без симпатикалық жүйкенің алдыңғы мойындық түйінен басталатын жүйке талшықтарымен жүйкеленеді.

Қараңғы кезде алдыңғы мойындық түйін нейрондарының белсенділігі күшейеді де, жүйке үшында көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Өз ретінде норадреналин N-ацетилтрансфераза ферментінің эрекетін жандандындырып, серотониннің ацетилдену процесін жылдамдатады да, оны мелатонинге айналдырады.

Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт төмпешіктің жоғары аралығындағы тереңдікте орналақан. Салмағы 100-180 мг. Көне ғасырларда эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны” орналасқан сауыт деп есептеген. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин бөледі. Эпифиз-’’биологиялық термометр”,яғни жылу реттелуге қатысады деген мәлімет бар.

Мелатонин адамның сұлулығы мен ерте қартаю үдерісін баяулатуға әсер ететіні дәлелденді. Осы гормонның жетіспеушілігі ашушаңдыққа, ұйқысыздыққа, уақыт белдеуі ауысқан кезде дұрыс бейімделе алмауға алып келеді.

Бұл гормонды мидың ең құпиясы көп бөлігі болып табылатын эпифиз безі бөліп шығарады. Бұл безді халық арасында «үшінші көз» деп те атайды. Себебі, ең керемет ақпараттық мүмкіндіктер негізінен осы безбен байланысты болып келеді. Эпифиз бөліп шығаратын гормон эндокринді жүйені реттейді

Мелатониннің мөлшері сағат 21-ге қарай артады, ал сағат 2-ге қарай ол өзінің шегіне жетеді де, таңертең сағат 9-ға қарай мөлшері төмендейді екен. Бір сөзбен айтқанда, ерте жатқан адам нағыз терең ұйқы кезінде мелатониннің есебінен ағзаның барлық ресурстары жасушалық деңгейде жаңарады.

Мелатонин мүмкіндік береді:

  • ағзаның қорғаныс ресурстарын іске кірістіру;
  • созылмалы (соның ішінде онкологиялық)
  • аурулардың асқынуының алдын алу

Мелатонин гормоны қартаюды баялаутады. Қартаю үдерісі көптеген аурулардың көрініс табуымен қатар жүріп, 25 жастан кейін басталады. Оның басты себебі – мелатониннің жетіспеушілігі. Мелатонин тура осы 25 жастан бастап азая бастайды. Ғалымдар жас көрінудің құпияларын аша отырып, мынадай қорытындыға келген: 25 жастан кейін бұл гормонды үнемі қабылдай отырып, өмірді 15-20 жылға ұзартуға болады. Онымен қоса созылмалы аурулар мен шаршап-шалдығу деген болмайды. Американдықтар қазіргі таңда ұйықтар алдында мелатониннің бір таблеткасын қартаюдан сақтанатын дәрі-дәрмек ретінде ұйықтар алдында қабылдау керек.

Мелатонин:

  • қартаю үдерісін баяулатады;
  • иммунды жүйені күшейтеді;
  • қан қысымын реттейді.

Мелатонин эпифиз жасушаларында түзіліп, қанға бөлінуі тәуліктің қараңғы уақытында жүретіндігі; ал таңда және күндізгі уақытта гормон түзілуі айтарлықтай азаятындығы дәлелденді. Сыртқы жарық туралы мәліметті эпифиз құрылымында гипоталамустың супрахиазматикалық ядролары маңызды орын алатын құрылысы күрделі жүйке жолы арқылы алады. Ақпарат көздің торлы қабатынан көру жүйкесі талшықтарының бойымен супрахиазматикалық ядроларға барады; бұдан кейін бұл сигналдар (белгілер) төмен қарай гипоталамус арқылы ми бағаны бойымен жұлынның мойын бөліміне жетеді; бұл жерде симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарымен бас сүйек тесіктері арқылы қайтадан бас миына, ең соңында эпифизға жетеді.

Жарық сәулесінің эсерінен көздің торлы қабығындағы таяқшалар мен сауытшаларда пайда болған тітіркеніс төменгі көру жолы арқылы мойынның алдыңғы симпатикалық түйініне беріліп, оның нейрондарының қызметін бэсеңдетеді. Осымен байланысты эпифиздегі симпатикалық жүйке үштарында норадреналиннің түзілуі баяулайды.

Ал, норадреналиннің серотониннің мелатонинге айналуын шапшандататын N-ацетилтрансфераза ферментінің жандандырушысы екенін баяндап өттік. Осымен байланысты тэуліктің жарық кезінің үзаруы мелатониннің түзілуін баяулатып, оның гипоталамус-аденогипофиз-жыныс бездері жүйесіне тежеуші эсерін тоқтатады. Нәтижесінде тиісті либериннің эсерімен гипофизден ФЖГ бөлінуі күшейеді.

0 дауыс
26 Қаз Ербол жауап берді

Мелатонин химиялық құрылымы

Химиялық құрылымы бойынша мелатонин (N-ацетил-5- метокситриптамин) биогенді амин серотониннің туындысы болып табылады, ал серотонин өз кезегінде тамақпен бірге түсетін амин қышқылы триптофаннан синтезделеді. Серотониннен N-ацетилтрансфераза ферментінің көмегімен мелатонин түзіледі .

1959 жылы Лернер ірі қара эпифизі сығындысынан терінің пигменттік торшаларына әсер ететін мелатонин деп аталған биологиялық белсенді зат бөлген. Химиялық түрғыдан ол индолдың туындысы болып табылады.

Мелатонин трифтофан қышқылынан түзіледі. Алдымен трифтофан молекуласы триф-тофан-гидроксилаза ферментінің әрекетімен гидроксил тобын қосып, 5-гидрокситриптофан түзіледі. Ол карбоксилсіздену реакциясының нәтижесінде серотонинге айналады.

Серотонин N-ацетилтрансфераза әсерімен N-ацетилсеротонин түзеді де, одан гидроксиндол-0-метилтрансфераза әсерімен мелатонин пайда болады. Эпифизде күндіз серотониннің, ал түнде — мелатониннің мөлшері артады. Бұл серотониннің мелатонинге айналуын реттеп отыратын ферменттің белсенділігінің өзгеруімен байланысты.

Түнде супрахиазматикалық ядролар нейрондарының көп бөлігі қызмет атқармайды, бұл жүйке ұштары эпифиз жасушаларында (пинеалоциттер) мелатониннің түзілуін белсендіретін ферменттердің синтезін жоғарылататын норадреналин бөледі. Қандағы гормон деңгейі жасқа, ұйқыға, жынысқа (әйелдерде ерлермен салыстырғанда гормон мөлшері жоғары), қоршаған орта температурасы мен электромагнитті өрістер әсер етуіне байланысты.

Адам қанындағы мелатонин деңгейі мамыр айынан шілде айына дейінгі аралықта төмеңгі мөлшерде, яғни, күннің ең ұзақ мезгілі мен жарықтың ең көп болатын уақытына сай (тәуліктің ұзақтығына байланысты). Мамыр айында, сонымен қатар, мелатонин деңгейінің тәулік бойғы ең аз (күндізгі) және ең көп (түңгі) деңгейлері арасындағы амплитуда ең жоғары деңгейге жетеді . Мелатонин деңгейінің жоғары көтерілуінің ең ұзақ кезеңі қысқы уақытқа сай, бұл гипоталамус секрециясы белсенділігінің төмендеуіне белгі болып табылады. Осы өзгерістер қысқы уақытта ұрықтану қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі.

Гормон концентрациясы күндіз ең аз (1-3 пг/мл), әдеттегі ұйқыға жатар уақыттан 2 сағат бұрын оның концетрациясы жоғарылай бастайды. Қан сарысуындағы оның концентрациясы түнде күндізбен салыстырғанда 5-10 есе көп және мелотонин белсенділігінің ең жоғарғы мөлшері түнгі сағат 3-те байқалады да, таңғы сағат 7- лерде оның мөлшері азайып, кешке дейін өте төмен деңгейде сақталады

0 дауыс
26 Қаз Ербол жауап берді

Мелатониннің адам организміндегі негізгі қызметтері

  • Маусымдық биоырғақтылықты реттейді;
  • иммундық жүйе қызметін күшейтед; иммунитеттің төмендеген жағдайында оның айқын белсенуі және оны аз дозада қайталап енгізгенде антидене өндірілуі өзгеріп, вирусқа қарсы тұрақтылықты жоғарылатады;
  • антиоксидантты қызметі қартаюға қарсы әсер көрсетеді (оттегінің бос радикалдарын байланыстыра отырып, сонымен бір мезгілде супероксиддисмутаза мен каталазаны белсендіру арқылы организмнің антиоксидантты қорғаныс жүйесін қосады;
  • сағаттық белдеулер бойынша орын ауыстырғанда бейімделу үрдістерін күшейтеді;
  • қартаю үрдісіндегі зат алмасу өзгерістерінде көмірсу және май алмасуына жақсы әсер көрсете отырып қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді;
  • липидтердің тотығу үрдісін реттей отырып, атеросклероздың даму қаупін төмендетіп, жасты ұзартады;
  • АКТГ, норадреналин, вазопрессин және ренин бөлінуін төмендете отырып, артериалдық қан қысымының гормоналды реттелуіне қатысады және қартаю үрдістерін баяулатады;
  • ісікке қарсы әсер көрсетеді

Мелатонин гормоны түзілу үшін, әртүрлі дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ. Ағзаға гормонды алуға көмектесетін қарапайым ережелерді ұстану жеткілікті.

  • Бір жарық көзінен гөрі жарықтың әртүрлі бірнеше түрін қолданыңыз.
  • Сағат 22-ге дейін ұйықтау тырысыңыз.
  • Дұрыс тамақтаныңыз.
  • Ұйықтар алдында қою шәй немесе кофе ішпеңіз. Олар бұл гормонның түзілуіне кедергі келтіреді. Кейбір дәрі-дәрмектер де осындай әсерге ие. Сондықтан дәріні қабылдамас бұрын (әсіресе, ұйқысы нашар адамдар), оның нұсқаулығын жақсылап оқып алған дұрыс. Егер дәрі мелатониннің мөлшерін төмендететін болса, онда мұндай жанама әсері жоқ, басқа дәріге айырбастаңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...