Жүйке жүйесі неден бұзылады?

0 дауыс
Тазалық, Талғам бөлімінде 30 Мау, 2016 белгісіз сұрағын қойды
Жүйке жүйесі неден бұзылады?

4 Жауаптар

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Жансая жауап берді
01 Шіл, 2016 өңдеу жасады

Нерв жүйесі организмнің барлық функциялық жүйелерін, ағзалар мен тіндерін біртұтас бірлікте байланыстыратын, біріктіретін жүйе. Ол ұдайы өзгеріп тұратын сыртқы ортаның ықпалдарына организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары  организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген дерттердің негізінде  нервтік реттелудің бұзылыстары жатады.

Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.

Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа  бөлінеді.

Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен  стрихнин,   хлороформ, кураре  ж.   б.,   гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген  себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады.

Эндогендік ықпалдар туа біткен немесе жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен эндогендік себептік ықпалдарға тұқым қуалайтын нерв жүйесінің аурулары (Даун ауруы, фенилкетонурия, шизофрения, эпилепсия, микроцефалия т. с. с.) және нәресте басының туылу кезіндегі жарақаттанулары жатады. Жүре пайда болған эндогендік ықпалдарға мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы, тромбозы немесе эмболиясы, қан құйылу), өспе өсуі, эндокриндік дерттер (қантты диабет, туа біткен гипотиреоз, тиреотоксикоз ж. б.), аутоиммундық үрдістер ж. б. жатады. Бұл көрсетілгендерден басқа нерв жүйесі нервтік-рефлекстік (травмалық шок), шартты-рефлекстік жолдармен бұзылулары мүмкін.

Жоғарыда  көрсетілген  себептік  ықпалдардың   әсерлері  олардың қарқынынан және әсер ету ұзақтығына байланысты. Кейде әлсіз әсерлер ұзақ мерзімде әсер еткенде нерв жүйесінде көрнекті өзгерістер дамуы мүмкін. Бұл кезде ұзаққа созылған әсерлердің жиынтық өлшемі (дозасы) сол ықпалдың бір рет әсер еткен өлшемінен кем болады.

19 Шіл, 2018 Атым Лаура пікір қалдырды
Салематсызба мен жуктiлiгiм.9-ай  мен тез шашап калам дыбыс шу мен бала жылаганды жактырмай ашулана берем сэл нарсеге аллага шукiр 2улымен2кызым бар денсаулыкгыда жаксы аллага шукiр 5-жуктiлiк кунiмде жакындап келет.жаман оз озiмдi сабыр ете алмаймын шашап аяак-колдарымда уйып калат.озiм не болган маган деп жие койам суракты не болып барам отбасымма  махаббатым суып барат кеде басым желкем аурат шашап кетем неше турлi ой келет басыма озiм уайымшылмын.шу жылаганды дыбысты коп сойлегендi жактырмаймын тек озiм тыныш жерде болган жаксы корем бiрак отбасымнан алыстагам келмит аналык махаббат болган калаймын жолдасы мен балдарымды катты жаксы корем неге мен тез ашуга келiп шашап калам.соган кандай дарi дармек iшем болады тыныштандыруга жуйкемдi. Алдына ала рахмет.жасым 29да.4-балам бар буйырса5-бопем дуниеге аман есен акелем .
0 дауыс
01 Шіл, 2016 Айдын жауап берді

НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСТЕРІ

Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді.

1. Тежелудің тапшылығы. Нерв жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерімен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда нерв жүйесінің жоғарғы бөліктері төменгі бөліктеріне, нервтелетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп тұрады.

Дерт туындататын әсерлерге тежелу механизмдері өте сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу үрдістері бұзылады, қалыпты тежелудің тапшылығы дамиды. Осыдан күшейген дерттік қозу ошақтары пайда болады. Мысалы, мидың сыртқы қыртысының қызметі бүлінуінде (инсульт) оның тежеуші әсерінен жұлын орталықтары шығып кетуден қол бүгіліп, аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы (Вернике — Манн кейпі) пайда болады. Мидың жұлынға тежеуші әсері болмауынан жұлында патологиялық рефлекстердің бақылаудан шығып кетуі байқалады. Осыдан Бибинский рефлексі, емізік, қамту рефлекстері ересек адамдарда пайда болады. Бұл рефлекстер әдетте жаңа туған балаларда болады, ал артынан ОЖЖ жоғары бөліктерінің жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп, ересек адамдарда болмайды. Нейрондардың гендік құралдары тежелуден шығып кетсе жасуша мембраналарында нейромедиаторларды қабылдайтын көптеген артық рецепторлар пайда болады (шизофрения, Гентингтон хореясы ж. б.). Осы рецепторлардың артық қоздырылуы бұл дерттердің клиникалық көріністеріне (сандырақ, елес, бұлшық еттердің бірікпей жиырылулары немесе кейбір ет топтарының сіресіп қалуы т. с. с.) әкеледі.

2. Денервациялық синдром. Постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде нерв әсерлері болмауынан пайда болатын өзгерістердің жиынтығын денервациялық синдром деп атайды. Бұл синдром бұлшық еттердің тұтасып бірікпей  жеке  талшықтарының  жиырылулары  байқалады.

3. Деафферентация. Ми нейронына шеткі тіндерден немесе шеткі нейрондардан түсетін серпіндер афференттік серпіндер деп аталады. Бұл серпіндердің болмауы нейронның деафферентациясы делінеді. Деафферентация нейронға серпіндердің өтуі тоқталуында (нерв жолдары үзілгенінде, пресинапстық аяқшалармеп нейромедиаторлар шығуы бұзылғанында) немесе постсинапстық нейронда нейромедиаторлардың   әсерлерін қабылдайтын рецепторлар тежелгенінде (уыттар, дәрілік  заттардың әсерлерінен) байқалады. Нейрондар тобының деафферентациясы патологиялық күшейген қозу ошақтары пайда болуына әкеледі.

Деафферентацияның нәтижесінде көптеген сезімталдықтың болмауы науқастарды ұзақ ұйқыға әкелуі мүмкін.

4. Нервтік нәрленістің бұзылыстары. Нейродистрофиялық үрдістер.  Жасушаның нәрленісі  (трофикасы гр.  trophe қоректену) — оның тіршілігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.

Трофиканың бұзылуы дистрофия деп аталады. Дистрофия кез-келген дерттерде кездеседі.

Трофогендер   деп   нерв   жасушаларыиа   және   олармен жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге нәрленістік әсер ететін заттарды айтады. Олар нейрондарда, шеткі тіндерде, глия және шван жасушаларында өндіріледі.   Трофогендік міндет атқаратын заттар   қан   сары   сусындағы   нәруыздар   мен иммум нәруыздардан құрылуы мүмкін. Кейбір гормондар трофогендік әсер ете алады.

Трофогендерге нейрондардың тіршілігін сақтап қалуын, өсіп-жетілуіне әсер ететін нервтердің өсу факторы жатады. Олар жаңа дамып келе жатқан организмдердің нерв жүйесінде болады.   Ал, ересек организмдерде оның  түтілуі кейбіреулерінде тоқтап қалады. Бірақ жарақаттанудан кейінгі нервтердің бүліністері кездерінде трофогендердің түзілуі қайта пайда болады.

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда патологиялық трофо-гендер өндірілуі мүмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады. Патотрофогендер нысана-жасушаларда тұрақты патологиялық өзгерістерді туындататын  заттар.   Мұндай  заттар   эпилепсияланған   нейрондарда   өндіріледі.   Олар   аксоплазмалық ағыммен басқа нейрондарға түсіп,  соңғыларында тұрақты эпилепсиялық қасиет туындатады.

ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық нервтер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық нервтердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкез бөлігінде орналасқан. Бұл симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық нервтердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді.

Вегетативтік рефлекстердің доғалары жұлында, сопакша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық нерв жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығуының, үлкен және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады.

Сопақша мида бұзылыстар болғанда көзден жас шығуы, сілекейдің және ұйқы безі мен асқазан сөлдерінің шығарылуы бұзылады. Сонымен бірге, тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының қызметтері өзгереді.

Парасимпатикалық нервтердің жұлынның сегізкөз бөлігінде бұзылуы жарақаттың немесе осы аймақта өспе өсуінің нәтижелерінде байқалады. Осыдан зәр шығуы мен үлкен дәрет сындыру, жьшыстық қызметтердің бұзылыстары дамиды.

Вегетативтік невроздар. Вегетативтік жүйкеленудің бұзылыстары кең тараған дерттерге жатады. Бұл кезде әрі парасимпатикалық, әрі симпатикалық нерв жүйелерінің бұзылыстары біріккен түрде болады. Бұл нервтердің қозымдылығы қатты және ұзақ мерзімге көтеріледі. Осыдан жүректің ырғағы мен соғу жиілігі бұзылады, қан тамырларының тонусы өзгереді. Кейбір адамдарда артериялық гипертензия кейбіреулерінде гипотензия, ал басқаларында артериялық қысым өте құбылмалы, біресе жоғарылап, біресе төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайды қан тамырлық дистония деп атайды. Сонымен бірге вегетативтік невроздар кездерінде тер шығуының бұзылыстары, біресе бұрқ егіп тершендік, бірде керісінше терінің құрғақтығы байқалады. Теріде ақ немесе қызыл дермографизм, ас қорытудың (іш өтуі, іш кебу, іш жүрмеу) бұзылыстары дамиды.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Айман жауап берді

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Жалпы сипаттамасы

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері

Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

  • орталық бөліміне ми және жұлын,
  • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Ғазиз жауап берді

Адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Жүйке ауруларына, демек, психикалық ауруларға көбінесе жоғарғы қызметте, кеңседе қағаздармен, есепен көп жұмыс істейтін, стресс және өмір бойы қиыншылық көріп келген адамдар ұшырайды. Соның ішінде, еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға жетеді. Осы орайда көп ашуланып, ренжудің, күйзелудің, торығып түңілудің адам басын ауыртып, жүйкесін тоздырып, қан қысымын көтеріп, инсультқа әкеліп соқтыратынын естен шығармайық.

Жүйкені тыныштандыру

Бас ауруына жиі шалдықтыратын жүйкенің әлсіздігін, жұқаруын болдырмау, оны тыныштандыру үшін жасалатын қарапайым ем-шаралар аз емес.

1. Жүйкені тыныштандыру үшін ең бірінші, мазасыз ойлардан арылу қажет, жақсылап тыныққан жөн.

2. Шай ішкен жақсы әсер етеді.

3. Жұмыртқаны шикілей кесеге жарып алып, үстінен қайнаған сүт құяды, әбден араластырып, оны күн сайын аз-аздан ішіп тұрады. Ол адамды жүйке ауруынан біртіндеп айықтырады.

4. Жүйке сырқатында дәрігермен ақылдасып, киікоты, қалақай, тағы да басқа емдік шөптерді пайдаланады.

5. Жұқалап кесілген шикі картопты маңдайға таңып қояды.

6. Көңілді жайландырып, ашу, күйзелу, жүйке жұқарудан қалыпқа келудің бір тәсілі: серуендеп қайту, он минут жедел жүру. Қарыштай адымдап, қолды сермей қимылдатып, ұдайы алға қарап жүру ілби жүріп, аяғының ұшына қарап аяңдағаннан айрықша пайдалы, ол сергек сезіндіртеді. Қолды сермей қимылдату иықтың, мойын мен арқаның бұлшық еттерін босаңсытады, адам тәп-тәуір тынығып қалады.

7. Дәрігерге қаралу.

16 Қыр, 2018 Назира пікір қалдырды
Сәлемесізбе? Менің қолдарым қышиды. Іші кішкентай қып қызыл точка сиқты бірнарселер пайда болып. Сәлден сон жоқ болып кетеді. Ол неден көбі айтады нервтан деп
28 Жел, 2018 белгісіз пікір қалдырды
Менин құймышақ бөлігім таңға жуық қатты ауырып мазамды алады іштей мүжіп ауырады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
Футбол бөлімінде 01 Шіл, 2016 белгісіз сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
Психология бөлімінде 30 Қар, 2015 Ғани сұрағын қойды
Яндекс.Метрика
...