Күнге күйіп қалудан қалай қорғану керек?

+1 дауыс
Тазалық, Талғам бөлімінде 08 Шіл, 2016 Жазира сұрағын қойды
Күнге күйіп қалудан қалай қорғану керек?

1 жауап

0 дауыс
09 Шіл, 2016 Қайрат жауап берді

Шыжыған күн астында ұзақ уақыт жүру – күнге күйіп қалу қаупіне ұшыратады. Күнге қаншалықты күйгеніңіз денедегі сырт белгілерге байланысты білінеді: кішкене қызарудан бастап, ауырсыну, терінің ісінуі, күлдіреу пайда болып, дене қызуының көтерілуіне дейін.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін күнге шыққанда мынаны есте сақтау қажет:

- күн астында 11.00-16.00 арасында ұзақ жүру қауіптірек. Бұл кезеңде күн аса қатты түседі.

- судан шыққан соң теріні орамалмен сүрту қажет;

- әрдайым бас киім киіп жүріңіз, жиегі кең, күнқағары бар болса тіпті жақсы;

- ағза күн астында ылғалды тез жоғалтады, тері тез құрғайды, сондықтан көбірек су ішу керек;

- арнайы күн косметикасы күннен күйіп қалу қаупін азайтады.

Қызық жайт: күн сәулесі көбіне ақторы адамдарға көбірек теріс әсер етеді және олар күнге күйіп қалуға көбірек бейім. Ал қара торы және қара нәсілді адамдарға бұл аса қауіпті емес.

Егер тері күйіп қалған болса, онда:

- күн астында жүруді доғару;

- теріге салқын су құю немесе салқын компресс жасау;

- су ішу;

- «Пантенол» жағылған таңғыш жасау;

- ауырсынуды басатын дәрі ішуге болады (мысалы, аспирин).

Есте сақтау керек: күлдіреу пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге барыңыз. Күйген жерді спирт немесе маймен сылауға болмайды!

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...