Таза ауа денсаулыққа барынша пайдалы болуы үшін не істеу керек?

+4 дауыс
Денсаулық, Әдемілік бөлімінде 08 Шіл, 2016 Жазира сұрағын қойды
Таза ауа денсаулыққа барынша пайдалы болуы үшін не істеу керек?

1 жауап

0 дауыс
09 Шіл, 2016 Ғазиз жауап берді

Жаз – денсаулықты қолға алатын тамаша кезең. Ауа-райы – жайма-шуақ, күн – ұзақ, яғни үйде отырудың жөні жоқ.

Көбірек жаяу жүріңіз. Егер мүмкіндік болса, бір-екі аялдама ерте түсіп қалып, жаяу жүріңіз. Аяғыңызды шапшаң басып, тереңірек демалыңыз. Осылай 10 минут жүрсеңіз қуат-күшіңіз арта түседі. Найзағай күркірінен кейін немесе жаңбыр себелеп тұрғанда серуендеу өте пайдалы. Мұндай күндері ауа тазарақ болады.

Велосипед тебіңіз. Таза ауада қимыл-қозғалыс жасау оттегінің кіруін жақсартады. Велосипед тебу аяқ бұлшық еттерін қатайтады.

Жүгіріп тұрыңыз. Жүгіру тыныс алу жүйесі мен қан айналым жұмысын реттейді, жүрек қан-тамырларын қатайтады, стресстің алдын алады.

Жалаң аяқ жүріңіз. Шөптің үстінде, құмда, таста жалаң аяқ жүру – нүктелі массаж болып есептеледі. Табандағы нүктелерді ынталандыру өмірге қажетті энергияны оятады.

Шомылыңыз, суда жүріңіз. Таза ауада су процедуралары ағзаны шымыр етеді, қан айналымын жақсартады. Жүзумен қатар суда жүруді немесе су ойындарын ойнасаңыз болады. Бұл, әсіресе, жүзе алмайтындарға жақсы балама. Су суық болса да, аяғыңызды салып отырыңыз. Осылайша иммунитетіңізді жақсартасыз.

Шөбі шүйгін саябаққа, орманға кез келген жерге барыңыз. Орман ауасы тыныс алуды реттейтін, қан құрамындағы гемоглобинді көтеретін, иммунитетті нығайтатын, ми жұмысын жақсартатын заттектермен қаныққан.

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...