Бизнес ашу үшін кем дегенде қанша күн қажет болады ?

0 дауыс
Қаражат, Ақша бөлімінде 18 Шіл, 2016 SW (56 ұпай) сұрағын қойды

Сәлеметсіздер ме ? Мен бизнес ашқым келеді, сіздерден сұрайын дегенім бизнес ашу үшін қанша күн қажет болады ?

3 Жауаптар

0 дауыс
18 Шіл, 2016 Айдын жауап берді
Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:
1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.

Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.
Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

1) белгіленген формадағы өтініш;

2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .

3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);

4) фотосурет (3,5 х 4,5);

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
мөр дайындау;
банктен шот ашу;
кассалық аппаратты тіркеу.
0 дауыс
18 Шіл, 2016 Айдар жауап берді

ИП ашу үшін.

ӨЗІҢНЕН АПАРУ КЕРЕК ҚҰЖАТТАР:
1. жеке куәлік
2. РНН
3. үй кітапшасы. 
4. Бір 3x4
болды. ал қалғаны со жақта шешесің. Дело , бланкі т.б. сол жақта сатады, 


ЕНДІ НЕШЕ АҚША КЕТЕТІНІ:
Бірінші төлем үш жарымдай теңге, сосын мөрін жасату үшін (печать) төрт мың теңге. Айтқандай, егер атауын (яғни дубликат жасау)өзгерткің келсе(мысалы "ИП БЕКО") онда төрт жүз жиырма бес(425) теңге жобасында тағы қосымшалайсың.
Сонымен жалпы соммасы небәрі: тоғыз-ондай алып барғаның жөн.(құжаттардың көшірмесін алуға кететін ақша, тағы сол жақта сатып алу керек ақылы дело, бланкілерді есептегенде...)

+1 дауыс
18 Шіл, 2016 Қайрат жауап берді

Қаражатыңа және идеяңа байланысты.

Мысалы дүкен ашу үшін:

1 Құжаттар (ЖК немесе ЖШС т.б)

2 Ғимарат (Жалға алу, соғу, сатып алу т.б)

3 Жұмысшы (өзің, жалдау, туысқан т.б) 

Ғимаратты соғып бастасаң 2-3 ай кетер, сатып немесе жалға алсаң 1 аптада жеке бизнесің болады дегендей. Завод немесе фабрика ашу да соғу немесе сатып алуға байланысты.

Қысқасы бизнесті 1 күнде де ашуға болады. Ең бастысы ашқан бизнесіңді дұрыс жүргізіп пайда алып келуіңде.

 

 

21 Шіл, 2016 SW (56 ұпай) пікір қалдырды
рахмет барлықтарыңызға !!! Біраз ақпарат жинап алдым !!!
08 Қыр, 2016 Арман пікір қалдырды
Қандай бизнес ашпақ ойыңыз бар? Аштыңыз  ба? Жүріп жатыр ма?
04 Қаз Арайлым пікір қалдырды
Тушпара цех ашу жолдары  калай, канша уакытта дайын болмак

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Логикалық сұрақтар бөлімінде 25 Нау, 2017 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Сайт туралы бөлімінде 26 Жел, 2015 admin (961 ұпай) сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...