a-brands.kz

Qazaqstan ба, әлде Kazakhstan ба?

+1 дауыс
Тарих, Заман бөлімінде 07 Қар, 2016 abaikz (148 ұпай) сұрағын қойды
07 Қар, 2016 abaikz өңдеу жасады

СОҢҒЫ УАҚЫТТА ҚАЗАҚСТАН АТАУЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТҮРЛІ ПІКІР АЙТЫЛУДА. САЯСАТТАНУШЫДАН БАСТАП, БИЛІКТЕГІ БАСШЫЛАРҒА ДЕЙІН. БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ ТІЛ МАМАНДАРЫ ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АТАУЫНЫҢ БҰРЫСТЫҒЫН АЙТЫП, ДӘЛЕЛ КЕЛТІРГЕН БОЛАТЫН.

Қазақ тілінің грамматикасы бойынша «қ» әрібі – шұғыл, қатаң, көмей дауыссыз, ал «к» – шұғыл, қатаң, тіл алды дауыссыз болып табылады. Бұл екі әріптің әр түрлі екендігін дәлелдейді, сондықтан бұл әріптер жеке-жеке транслитерациялануы қажет.

Жоғарыда «Sotsijaldƅ Qazaƣƅstan» (Социалды Қазақстан) газетінің 1937 жылғы шығарылымы көрсетілген. Байқап отырғандарыңыздай еліміздің атауы латын әліпбиінде Qazaq SSR деп жазылған.

Қазақтың «қ» дыбысын ағылшынның «q» дыбысына жақындау. Ал бүгінгі «Kazakhstan» атауы орысшадан тікелей аударған «Казахстан» атауына сайма-сай. Бірақ бізге «казах» емес, «қазақ» жақын ғой. 

Қазір Q-елі, Qazaq Bank, Qazaq Air деген атауларға көз үйреніп қалды. Таяуда Қазкоммерцбанк те өз атауын Qazkom деп өзгертті. Бұрын банк 3 тілде: Қазком (қазақша), Казком (орысша) және Kazkom (ағылшынша) деп жазылып келген еді. Бұдан былай ортақ атау Qazkom-ға біріктірілді.

Сонымен Qazaqstan ба, әлде Kazakhstan ба?

4 Жауаптар

0 дауыс
07 Қар, 2016 Арман жауап берді

Әрине Qazaqstan дұрыс! Qatar, Iraq деген сияқты үйлесімді көрінеді, бірақ оны ауыстыруға қыруар қаржы жұмсалады. Егер ауыстыру керек десек латын әріптеріне көшіп жатқанда ауыстырасалу керек!

0 дауыс
07 Қар, 2016 Ерболат жауап берді
Ауыстырғанда не пайда? Жолдар түзелермекен? Айлық өсермекен? Барлық қазақ үйлі болып қалармекен? Тұраберсін
07 Қар, 2016 Арман пікір қалдырды
Бұл ту, әнұран сияқты өте маңызды дүние! Бұл жәй ауылдың немесе көшеның  атауы емес, бұл бір мемлекеттің атауы! Қазақ тілін елемей орысшадан тікелей аударған «Казахстан» атауы орыстарға жақын! Сондықтан ауыспауына немесе онда кемшілік көрмей тұрғандар сол орыстар немесе орыс тілділер! Қазақ Дүрыс болғандай Qazaqstan дұрыс!
0 дауыс
09 Қар, 2016 Русик жауап берді
Kazakhstan дұрыс!
0 дауыс
04 Шіл, 2017 белгісіз жауап берді
Дұрысы Қазақыстан.
Qazaqystan

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...