Қалай жазғанымыз дұрыс: рақмет немесе рахмет?

0 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 17 Қар, 2016 Аружан сұрағын қойды
Қалай жазғанымыз дұрыс: рақмет немесе рахмет?

4 Жауаптар

0 дауыс
17 Қар, 2016 Жанар жауап берді

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929,  27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек  //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлы Латын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов)  Латын әрпі жайында //Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған.  Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р.Сыздықова көрсеткендей, Ахмет түрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз. 

0 дауыс
17 Қар, 2016 белгісіз жауап берді
Әрине рахмет дұрыс!
0 дауыс
13 Қар, 2018 Ербол жауап берді

Егер жоғарыдағы ережеге сүйенетін болсақ:

- Рақымет дұрыс, рақмет қате.

- Байтұрсыновтар заманынан рахмет сөзін қолданып келдік, сол күйінде қалғаны дұрыс.

Екі жағдай да РАҚМЕТ сөзі қате!

0 дауыс
15 Жел, 2018 admin (969 ұпай) жауап берді
15 Жел, 2018 admin өңдеу жасады

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ (рахмәһ немес рахмә-түн) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не - Ахмет - түрінде таңбалаған. Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р. Сыздықова көрсеткендей, Ахмет (рахмет) түрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды алатын болсақ, А. Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек болады.

Демек: Рахмет және рақымет дұрыс, ал рақмет қате! Сондықтан қазақты екіге бөлмей, Ахметтер заманынан бүгінге дейін барша қазақ қолданып келген !Рахмет! сөзін қолданайық ағайын!

* 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған.

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...