"Америкалық", "американдық", я болмаса "итальяндық", "италиялық" деп жатамыз. Қайсысы дұрыс?

+1 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 17 Қар, 2016 Саттар сұрағын қойды
"Америкалық", "американдық", я болмаса "итальяндық", "италиялық" деп жатамыз. Қайсысы дұрыс?

1 жауап

0 дауыс
17 Қар, 2016 Ержан жауап берді
"Америкалық", "италиялық" дұрыс. Арасындағы "н" дыбысы қосылып кеткен "американдық", "итальяндық" деген қолданыстар бұл орыс тіліндегі сындырылған сөзді тура қазақша алу. Орыс тілінде бұларды "интерфикс" дейді. Яғни "аралық сынама дыбыс" дейді. Олар, мысалы, "американский" дейді "америкаский" демейді, ол жерге апарып "н" жалғайды. "Итальяский" демейді "итальянский" деп "н-ды" жалғайды. "ский" деген сын есім жасайтын жұрнақтың алдына интерфикс қолданылады. Біз соны дәл солай аударып "американдық", "итальяндық" де айтып жатамыз кейде, бұл қате. Таза қазақша сол түбірге апарып сын есімдік жұрнақты жалғау керек. "Америкалық", "италиялық" деп.
ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...