Жинақтық сан есімге өлең керек

0 дауыс
Қазақ тілі және әдебиеті бөлімінде 04 Жел, 2016 белгісіз сұрағын қойды
05 Жел, 2016 өңдеу жасады
Жинақтық сан есімге өлең керек

2 Жауаптар

0 дауыс
05 Жел, 2016 Бахадурова Зылиман жауап берді

Санамақ
—  Адамда қанша бауыр бар?
—  Біреу.
—  Қанша өкпе бар?
—  Екеу.
—  Бір тоқсанда неше ай бар?
—  Үшеу.
—  Есеп шығаратын амал қанша?
—  Төртеу.
—  Күнде оқылатын намаз қанша?
—  Бесеу.
—  Әлемде қанша құрлық бар?
—  Алтау.
—  Бір аптада неше күн бар?
—  Жетеу.

*****

Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла,
Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?
Бір сипатын ортадан кесіп алсам,
Орнында тағы болар екеу пайда.
Біреу деп кесіп алып тастағаным,
Үшеу болып жатады басқа жайда.  (Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жұмбақтар") толық нұсқасы http://bilim-all.kz/olen/383

*****

Жұма күні апам менің

Қамыр илеп қояды.

Жеті шелпек пісіруге

Даяр етіп алады.

Жаюға мен көмектесем,

Біреу, екеу, үшеу, төртеу,

бесеу, алтау, жетеуі

*****

Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

...