a-brands.kz

Шежемей қамшы

0 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 21 Сәу, 2017 Бекей сұрағын қойды
Шежемей қамшы деген қандай қамшы?

1 жауап

0 дауыс
24 Сәу, 2017 admin (929 ұпай) жауап берді

Қамшы бөліктерінің атауларын тәптіштей зерттеген Д.Шоқпарұлы: «Қамшы мынандай құрамнан тұрады: өрім, сап, алақан, бас, дүм, кежеге, тұтамдық айдар, мойнақ, бунақ, бүркеншік шежемей, шырмауық, шашақ, бауыр, тығырық, шығыршық, тобыршық, түйін, тігіс, т.б…»
Қамшы мүшелерінің атауларына байланысты әлі де көп нәрсені нақтылауға тура келеді. Д.Шоқпарұлы: «Шеберлер қамшының өрімі мен алақанының жалғасқан тұсындағы қаусырылған тұсын шежемей» деп көрсетсе, кейбір мәлімет берушілердің айтуынша, қамшының сабы мен өрімді жалғастыратын алақанның екінші аты шежемей, оған қосымша дәлел ретінде етіктің қатты өкшесінің үстіңгі жағындағы қапсырманы – шежемей деп аталатынын мәлімдейді.
Қолымда бір қамшым бар шежемейлі,
Мал айдасаң өріске не жемейді.

(Халық әні.)

Қамшы: http://bilim-all.kz/article/2385-Qamshy

 

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...