Ілік септігі дегеніміз не?

0 дауыс
Қазақ тілі бөлімінде 08 Қар, 2017 Серік Т сұрағын қойды
Ілік септігі дегеніміз не?

2 Жауаптар

0 дауыс
08 Қар, 2017 Байғали С жауап берді

Септік — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша. Септік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есім, сан есім, етістіктің кейбір формалары (есімше, тұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады.

Қазақ тіліндегі cептіктер

Қазақ тілінде 7 түрлі септік бар:

Қазақша атауыЛатынша атауыСұрауларыСептік жалғаулары
Жай септіктің сұрауларыТәуелдік септіктің сұраулары
Атау септікНоминатив (Nominative)кім? не?кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?
 
Ілік септікГенитив (Genitive)кімнің? ненің?кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септікДатив (Dative)кімге? неге? қайда?кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?
-ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септікАккузатив (Accusative)кімді? нені?кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыc септікЛокатив (Locative)кімде? неде? қайда?кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?
-да, -де, -та, -те
Шығыс септікАблатив (Ablative)кімнен? неден?кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?
-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
Көмектес септікИнструментатив (Instrumental)кіммен? немен?кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?
-мен, -бен, -пен


Олардың әрқайсысына тән тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері бар. Септік жалғаулары, негізінде, зат есімдерді және зат есім қызметін атқаратын өзге сөздерді сөйлемдегі етістік мүшелермен байланыстырады. Септіктің ішінде етістік мүшемен тікелей байланыспай, тәуелдік жалғаулы есім сөзбен байланысатыны — тек ілік септігі. Сөздердің Септікті қабылдап өзгеруі сөздердің септелуі не септелу деп аталады. Зат есімдер және олардың қызметін атқаратын баска есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те қолданылады. Осыған байланысты Септікжай септеу, тәуелдік септеу болып екіге бөлінеді.

  • Жай септеусептік қосымшаларының тікелей зат есімдердің және зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тұра түрлеріне жалғануы (баланың, балаға, баладан).
  • Тәуелді септеусептік жалғауларының зат есім немесе оның қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануы (баламның, балама, баламнан).
0 дауыс
08 Қар, 2017 Айнұр жауап берді

Ілік септік

Ілік септік белгілі затты меншіктеуді, тәуелдеуді білдіреді. Оның формалық көрсеткіші -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, -нікі, -дікі, -тікіКімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Қазақ тілі бөлімінде 28 Қар, 2015 berik258 (314 ұпай) сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
Термин бөлімінде 01 Қар, 2017 Арман сұрағын қойды
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...