Жігітті жолдасына қарап таны дегенді қалай түсінуге болады?

0 дауыс
Тұлға, Адам бөлімінде 19 Қар, 2018 белгісіз сұрағын қойды
Жігітті жолдасына қарап таны дегенді қалай түсінуге болады?

1 жауап

0 дауыс
04 Жел, 2018 Айман Жауқазын жауап берді
"Жігітті досына қарап таны! - деп өте орынды айтылған. Әдетте, өз-ара сыйлас, дос-жаран, көңіл жықпас адамдардың ой-көзқарастары, білім-парасаттары, мінез-қасиеттері деңгейлес, ұқсас болып келеді. Бір-біріне ықпалы тиіп отырады. Осы сәйкестіктері арқылы бірін сынай отырып, екіншісін танып-білуге болады  деген мағынаны аңғартады.

Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіп:

— Ақсақал, осы мен қандай жігітпін, сынаңызшы, — депті.

Қарт әуелі жігіттің жолдасын шақыртып алып, әр түрлі істермен сынап, ақырында жігіттің өзін шақыртады. Жігіт келген соң:

— Шырағым,  жаман жігіт көрінбейсің,  адамшылдығың да,  ақылың да мол   екен, — депті.

— Қалайша олай дейсіз, мені сынап, байқап та көрген жоқсыз ғой? – десе, қарт күліп:

— «Жігітті жолдасына қарап бағала» демей ме халық, — деген екен.

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...