Bilim-all.kz сайтына материал енгізгенде суреттерді қалай қосамын?

+2 дауыс
Сайт туралы бөлімінде 23 Жел, 2015 Жука сұрағын қойды
04 Қаң, 2016 ашу
Bilim-all.kz сайтына материал енгізгенде суреттерді қалай қосамын?
28 Жел, 2015 Bota198 (50 ұпай) пікір қалдырды
қалай сурет жіберуге болады
04 Қаң, 2016 (1,002 ұпай) пікір қалдырды
Төмен жақты қарасаңыз, түсінікті етіп көрсетілген.
02 Нау, 2017 m28031978 (50 ұпай) пікір қалдырды
сурет міндетті түрде ма

2 Жауаптар

+1 дауыс
24 Жел, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді
08 Қаң, 2016 өңдеу жасады

Жоғарыдағы суретте сарымен белгіленген батыманы басқанда:

Осындай терезе ашылу керек. Сол жерден компьютеріңіздегі қажетті суретті жүктеуіңізге болады.

 

 

28 Ақп, 2018 mutaevajadira (50 ұпай) пікір қалдырды
мен суреттерді  жүктей алмай  жатырмын
0 дауыс
30 Қаң, 2016 guliram (54 ұпай) жауап берді

"Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш пәні мұғалімі Қобландиева Жайнагүл Қобладықызы

Сабақтың тақырыбы:  Туған ел    С.Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіру, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу, туған жердің әсем табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, табиғат бейнеленген суреттер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге» ойыны арқылы тексеру
І. 
ІІ.
ІІІ.
Әр қатар бойынша ұяшық таңдай отырып, сұраққа жауап береміз.
І.10.Дихан Әбілевтің өлеңі. (Туған тілім)
І.20. Туған тілде ...... терең жаным бар. (сыры)
І.30. Еліміздің Ата Заңының қай бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген. (7-бабында)
ІІ.10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
ІІ.20.Өлеңде қай сөз қайталанып тұр? (тілім)
ІІ.30.Тіл туралы мақал-мәтелдер айт.
ІІІ.10.Ақын «туған тіл» деп қай тілді айтады? (қазақ тілін)
ІІІ.20.Туған тілім ...... қалса егер,үрегімді суырып-ақ алыңдар. (тіл болудан)
ІІІ.30. «Тіл болудан қалса» дегенді қалай түсінесің? (өз ойын айту)

Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық  табиғаттан таралыпты,
Табиғат пен адамзат егіз жүрер.
Табиғат асыраушы адамзатты- дегендей  ата-бабамыз жер-қазына, су-алтын, мал-байлық деп тегін айтпаған.
Бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз – "Туған ел» деп аталады.

Топтастыру.

Ойқозғау

Елбасымыз Н.Назарбаев жылма жылғы жолдауларында орманды сақтауды жақсарту, жасыл желектендіру, аумақтарды ұлғайту мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасын алға қойды. Сол Елбасымыздың сөзін қолдай отырып табиғатымызды аялай, сақтай білуіміз керек.

Ойшақыру.

Сөзжұмбақ шешейік.

1.Еш нәрсеге икемі жоқ, болбыр адамды кім дейміз? (нәуетек)

2. «Әке арманы»  мәтінін жазған кім? (Әуезов)

3. М.Жұмабаевтың Уфадағы оқыған медресесі.(Ғалия)

4. «Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!» - деп жазған жазушы? (Ыбырай)

5. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»- деп жазған кім? (Шоқан)

6. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орынды не деп атаймыз? (сөре)

7.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірі. (Елтаңба)

Мағынаны тану

Бүгінгі өтетін сабағымыз С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңі.

Тақтаға күннің жады, сабақтың тақырыбы жазылады.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ақын туған даласын кімге теңейді?

Суретпен жұмыс.

-Берілген суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр. Суретке зер сал.

-Табиғат адамға не береді?

-Табиғат – ана деген тіркестегі ой мен жоғарыдағы сурет арасында байланыс бар ма?

Сергіту сәті.

Қос қарлығаш (музыкалық сергіту сәті)

                                          

Поэзия минуты.

Туған ел туралы шумақтар айту. 

Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу.

 

Ой-толғаныс.

Галереяға саяхат.

Менің туған елім тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Өлеңнен І бағанда берілген сөздерге қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, кестені толтыру.

Не?

Қандай?

Дала

 

Көйлегің

 

Ана

 

Төсі

 

Бауыры

 

 

Қорытындылау.

 

Үйге тапсырма беру.

1.Өлеңді жаттау.     

Туған ел туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

 

Бағалау.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...