a-brands.kz

Bilim-all.kz сайтына материалды қалай енгіземін?

0 дауыс
Сайт туралы бөлімінде 23 Жел, 2015 Жука сұрағын қойды
Bilim-all.kz сайтына материалды қалай енгіземін?

2 Жауаптар

0 дауыс
23 Жел, 2015 admin (929 ұпай) жауап берді

Сайтқа материал қосу

Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:

Сайтқа материал қосу

Сілтемелерді түсіндіре кетсек:
1) Өлең қосу - Сайтқа өлең қосу үшін осы сілтемені басасыз. Өлең дегеніміз кез-келген автордың өлеңі немесе өзіңіздің жазған өлеңіңіз.
2) Мақала қосу - Сайтқа кез-келген тақырыпта, қызықты мәлімет, мақала жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз.
3) Нақыл сөз - Сайтқа нақыл сөз жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз. Нақыл сөз (Цитата) - кез-келген адамның айтқан ұлағатты сөзі.
4) Анекдот, әзіл қосу - Сайтқа анекдот, әзіл, күлкілі әңгімелер қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Ұятсыз анекдот болмауы тиіс.
5) Мақал-мәтел қосу - Сайтқа мақал-мәтел қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Қазақ тілінде кез-келген ұлттың мақалы болуы мүмкін.
6) Ашық сабақ қосу - Сайтқа ашық сабақ, тәрбие сағаты, сабақты қайталау, жаңа тақырып, яғни мұғалімдер материалдарын жариялау үшін осы сілтемеге өтесіз.

0 дауыс
23 Жел, 2015 admin (929 ұпай) жауап берді

Сайтқа өлең қосу

Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:

Материал енгізу

Суретте көріп отырғаныңыздай Өлең қосу сілтемесі ең бірінші тұр. Сол сілтемені бассаңыз өлең қосу беті ашылады. Суреті төмендегідей:

Өлең қосу беті

Тақырып деген ұяшыққа - өлеңнің тақырыбын жазасыз.
Өлеңнің алғашқы 4 қатары деген ұяшыққа - өлеңнің алғашқы 4 қатарын жазасыз.
Өлеңнің мәтіні деген ұяшыққа - өлеңнің толық мәтінін жазасыз.
Авторы өзім деген белгіні, егер өлең сіздің өлеңіңіз болса, белгілейсіз. Бұл белгіні белгілеген уақытта, бұдан төменгі Автор деген ұяшық көрінбей қалады.
Автор деген ұяшыққа - егер өлеңнің авторы сіз болмасаңыз (мысалы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңі), осы ұяшыққа өлеңнің авторын жазасыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов). Бірінші Есімі сосын Фамилиясы
Ілмек деген ұяшыққа - өлең туралы ілмек жазасыз. Мысалы: егер өлең отан туралы және авторы Мұқағали Мақатаев болса, бұл ұяшыққа Отан туралы өлең, Мұқағали Мақатаев өлеңдері деп жазуға болады.

Ұяшықтардың барлығын толтырып болған соң, Жариялау батырмасын басып, өлеңді жариялайсыз.

Төменде толтырылған ұяшықтардың суреті:

Толтырылған ұяшықтар

Жариялау батырмасын басқананн кейін, автоматты түрде осы қосылған өлеңнің бетіне өтесіз. Төменде суреті:

Өлеңнің беті

Суретте Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті белгіленген. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...