Педагог өзін-өзі қалай жетілдірсе болады?

0 дауыс
Әр түрлі бөлімінде 23 Жел, 2015 Жансая сұрағын қойды
Педагог өзін-өзі қалай жетілдірсе болады?

2 Жауаптар

0 дауыс
23 Жел, 2015 admin (983 ұпай) жауап берді

Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі

 

Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі – педагогтық қасиеттерді мұғалім өз алдына қоятын шарттар мен талаптарға сәйкес жетілдіріп, дамытуға бағытталған процесс. 

Педагогтың табысты өзін-өзі кемелдендіруі талап шегі оның қазіргі дағдылары мен машықтарынан недәуір жоғары қойылады дегенді білдіреді, олай болмаған жағдайда қолда бар мен қаланатынның арасында қайшылықтар пайда болып, өзін жетілдіру үшін атқарылатын жұмыстар еш нәтиже әкелмейді.

Педагогтың өзін-өзі кемелдендіру ісіндегі жұмыс өрісі барынша кең. Кез келген педагогтық машықта шеберлікті шыңдай беруге болады. Өзін-өзі кемелдендіружолында алдына міндет қоюда қателеспеу үшін, педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын стандарт талаптарды анықтап алайық.

1. Білімді болу. Бір кісі педагогты айсбергке теңеген екен. Айсбергтің ұшар басы ғана жұртқа көрінеді, ал тереңде қандай қуатты күш жатқанын білетіндер аз. Әр педагог ең алдымен жоғары білімді, дүниетанымы кең адам болуы тиіс.

2. Балаларды жақсы көру және олармен тіл табыса білу – мұғалімнің кәсіби қасиеттеріне қойылатын басты талаптардың бірі. Тек балаларға деген шынайы қатынас, олардың басына білім салып, ойлануды үйретуге деген шынайы ниет қана мұғалімге кәсіби қызметінде биік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Оқыту әдістемелерін меңгеру де – педагогтың ажырамас кәсіби қасиеті. Педагог ондай әдістемелерді неғұрлым жақсырақ меңгерсе, оның сабақтары да соғұрлым жемісті болмақ.

4. Сабақтың құрылымына, материалды баяндауға шығармашылық тұрғыдан қарау. Әр жаңа сабақ – баяндалатын материалды қайтадан «бастан кешіру». Ол неғұрлым қызықтырақ ұсынылса, оқушылар да оны оңайырақ игереді.

5. Баланың әр жасына лайық психологияны білу. Бұл педагогтың негізгі білімдерінің бірі, ол оқушылардың көптеген қылықтарының себептерін анықтауға көмектеседі.

Жоғарыда аталған талаптардың барлығы педагогтың кәсіби қызметі үшін айрықша маңызды.

Алайда, әр мұғалім тек өз қасиеттерін өз бетімен сараптай келе және оларды талаптарға сәйкестендіре отырып қана өзінің кәсіби қасиеттеріне баға беріп, қай тұсын алдымен жетілдіру керек екенін сезе алады. Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі– педагогтың өз қолымен істелетін шаруа! 

 

0 дауыс
23 Жел, 2015 Bain (266 ұпай) жауап берді

Педагогикадағы өзін-өзі дамытудың ролі 

Педагогикада өзін-өзі дамытудың ролі маңызды әрі қажет. Өйткені, бұл педагогқа өмірдің әр саласындағы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді, ал ол, өз кезегінде, әрине, оқушылардан көрініс табады.

Педагогиканың өзі рухани және шығармашылық дамыту мақсатымен тәрбие беру процесі, яғни, педагогика адамға өмірге, өзіне риза болуға, сондай-ақ, қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты табуға көметеседі.

Педагогикадағы өзін-өзі дамытуды дамуға ықпал ететін жеке бір фактор ретіндегі қарастыруға болмайды. Өйткені, педагогикадағы өзін-өзі дамыту – педагогтың кәсіби қызметіне ғана емес, оның жеке өміріне де, ішкі сезімдеріне де әсер ететін осындай факторлардың жиынтығы.

Педагогикадағы өзін-өзі дамыту оқушылардың жан-жақты дамуы үшін де маңызды, өйткені оқушылардың бойындағы қажетті білімнің бәрін педагог қалыптастырады. Педагог өз оқушыларының бойында сұлулық сезімін дамытуы, қоғамда жүріп-тұру ережелеріне үйретуі, қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс, ал өз-өзіне және өз күшіне деген сенім оқушыларды күн сайын қабылдауы тиіс саналы да салмақты шешімдерді қабылдауға итермелей алады.

Педагогикадағы өзін-өзі жетілдіру лайықты білім деңгейімен тікелей байланысты, өйткені оқушының өзін-өзі дамытумен айналысуына көмектесу үшін, онымен терең де сенімді қатынас орната білуі тиіс, онсыз қиын болады.

Педагогикадағы өзін-өзі  дамыту педагог үшін де, оқушы үшін де қажет. Өзін-өзі  дамыту әр жеке тұлға үшін қажет, өйткені ол өзін көбірек танып-білуге көмектеседі. Өзін-өзі дамыту көмегімен өмірдің барлық дерлік салаларын ретке келтіруге болады. 

Ол –өмірдің қаржы саласы, айналасындағы адамдармен оңай қатынас орнату, тыңдай білу, оқу, үйрену, өзіне керек нәтижеге жеткізетін шешімдерді өз бетімен қабылдай алу. Педагог оқушыларының бойында осы қабілеттерді қалыптастыра алуы үшін  және қалыптастыруға ниетті болуы үшін үнемі өзін-өзі дамытумен айналысуы тиіс.

Өзін-өзі дамыту үшін адамға өз бойындағы білімдері мен машықтарын өзге адамға бере алатын, сол арқылы оған өмірдегі орнын тауып, қалыпты қарым-қатынас жасауға және айналасындағы оқиғаларды адекват қабылдай алуға көмектесетін мұғалім және ұстаз керек. Ал оқушылар, балалар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өз бетімен анықтап, біле алмайды.

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...