Каспий теңізінде жыртқыш балықтар өмір сүре ме?

+1 дауыс
Жануарлар бөлімінде 23 Қар, 2015 Samina (152 ұпай) сұрағын қойды
Сүрсе қандай түрлері. Каспий теңізінде жыртқыш балықтар өмір сүре ме?

1 жауап

0 дауыс
23 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

Сүреді. Мысалы:

Ақбалық  — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе Каспий теңізінде кездеседі; ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары. Туыстың жаңғыз түрі — 2 түр тармағы: сылан және Ақ б. (S. leucichthys). Ақбалық ауызы үлкен дақтарсыз. Жақтарында тістері жоқ, ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг ұрғашысы еркегінен ірілеу. ТМД-да Каспий теңізі, Еділ және Жайык өзендері кездеседі. Уылдырық шашады. Жыныстық жетілуі 5-7 жылға созылады. Өмірінде 1-2 рет(2-3 жылдан кейін) уылдырық шашуы қыркүйек-қарашада, өсімталдығы әлсіз жабысқақ 250 мың. астам уылдырық. Жыртқыш уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Екі айлық шабақтар жыртқыштық өмір сүреді. Қымбат балық. Еділге гидроқұрылыс жұмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан. Қазақстанда Ақ балықтың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма – Зайсан (Ертістің орта және жоғ. ағысы) және Еділ (Каспий т-нің солт. мен Жайық өз. бойы) популяциялары бар. Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында, судың температурасы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 м тереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. Ақ балық – жыртқыш балық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Сонымен қатар әр түрлі омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан Жайық өзенінен Ақ балықтың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. Ақ балықтың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары. Ақ балық Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ұқсас сұрақтар

...