2015 жыл біз үшін несімен есте қалды?

0 дауыс
Өмір, Тіршілік бөлімінде 29 Жел, 2015 admin (983 ұпай) сұрағын қойды

Өтіп бара жатқан жыл біз үшін несімен есте қалды?

Келер жылға үміттеріңіз, тілектеріңіз қандай? Жаңа жыл қарсаңында ақжарма арман-тілектеріңізбен бөлісіңіздер!

Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2016 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2016 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Ізгі ниетпен, bilim-all.kz cайтының ұжымы!

 

6 Жауаптар

0 дауыс
29 Жел, 2015 Жарас жауап берді
Рахмет! Мен үшін девальвациямен есте қалды!
0 дауыс
30 Жел, 2015 Қаламқас жауап берді

Сайлаубек

Девальвация

Барахолка өртенуі

20000 тг

"Астана" Чемпиондар лигасында 

Алматының әкімі

Алматыдағы сел

GGG Геннадий Головкин

Илья Ильин

Шымкенттегі той

0 дауыс
30 Жел, 2015 Lazzat_103 (116 ұпай) жауап берді
Құрметті bilim-all.kz сайтының әкімшілігі және осы сайтты қолданушы әріптестер! Баршаңызды келе жатқан жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл отбасылық мереке. Сондықтан әр отбасыға бірлік, сыйластық, байлық, денсаулық тілеймін. Ескі жылда жақсы жаңалықтар да, жаман жаңалықтарда көп болды. Бірақ ескі жылға өкпеміз жоқ. Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін деген бар емес пе? Мен үшін 2015 жылда  той көөөп болды. Қой жылы- той жылы болды. Алдымызда кіріп келе жатқан маймыл жылынан үмітіміз бар. Армансыз адам-қанатсыз құспен тең! Арман-тілегім: халқымыз тыныш, бейбітшілік, денсаулық, молшылық болсын! Мұғалімдердің айлығы көбее берсін!
0 дауыс
31 Жел, 2015 Ерболат жауап берді

Қазақ хандығына 550 жыл

Кезектен тыс сайлау

Қазақстаннның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі

Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов

Түркия Ресей әскери ұшағын атып түсірді

0 дауыс
31 Жел, 2015 Марат жауап берді

ҰБТ-ға «сүйіктісінің» орнына кірмек болған Жәрдемовпен есте қалды cheekylaugh

0 дауыс
31 Жел, 2015 Жасмина жауап берді

Ақтөбеде сатылымға қойылған тұшпараларды түюге құлдыққа жегілген жігіттерменlaugh

Алматыдағы белді мейрамхана қожайыны той ақысын төлей алмағаны үшін қалыңдықты таңға дейін кепілде ұстағандығыменsurprisecryinglaugh

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Яндекс.Метрика
...