Бойымды өсіргім келеді?

0 дауыс
Денсаулық, Әдемілік бөлімінде 30 Жел, 2015 Doni сұрағын қойды
Салем құрметті достар. Менің бойым кішкентай. Өзім 3 курс оқимын. Жасым 20 да.  Жалпы бойым жасыма сәйкес емес. Көбі мені шамамен 9-10 оқитын бала деп ойлайды. Мен бойымды өсіргім келеді. Сіздерден пайдалы кеңес сұраймын. Тағы қандай бойды тез өсіретін тағамдар білесіздер. Сіздерден жауап күтем...

4 Жауаптар

0 дауыс
30 Жел, 2015 белгісіз жауап берді
Турникке тартылу, сәбіз жеу))
0 дауыс
30 Жел, 2015 Miko жауап берді

Тағамды шамасынан асырып немесе тағам құрамында ақуыздың жеткіліксіз болуы бойды дұрыс өспеуіне әкеліп соғады. Бойдың өспей қалуын адамның гендік ерекшеліктерімен де байланыстырып түсіндіруге болады. Бұдан да басқа көптеген фактор әсер етеді. Мәселен, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның адамдарының орташа бойын салыстырып көрген ғалымдар солтүстік бөлікте тұратын адамдардың 7 сантиметрге биік екенін аңғарған. Мұның себебін мамандар өте көп мөлшерде ас ішуден дейді. Бойдың өсу-өспеуі 80-85 пайызы генетикалық факторларға тәуелді. Ал қалған сыртқы факторлардың үлес салмағы 15-20 пайыз ғана екен. Егер біріншісінде ата-тегіңіздің орташа бойы маңызды болса, екіншісі адамның тамақтануы мен ағзаға қажетті микроэлементтердің қорек етілуінен екен.

Бойды өсіретін азық-түлік

Бойдың өсуіне тікелей әсер ететін дәрумен – D дәрумені және мырыш (цинк). Бұл элементтер адамның нәресте кезінде-ақ ағзаға жетуі керек. Ал ересек адамдар бұл дәруменді қанша қабылдаса да бойының өспеуі әбден мүмкін. Бұдан басқа, кальцийдің де бойға әсері барын көп естиміз, мәселен құрамында кальций бар азықты қаншалықты көп жесек, соншалықты бойымыз биік болады деп ойлаймыз. Бірақ бүгінге дейін кальцийдің бойды өсіргені жайлы ғылыми дәлел кездеспеген.

Бойды өсіру үшін қандай жаттығу жасау керек?

Нақтылай қандай да бір жаттығуды жасаған кезде бой өседі делінетін дерек табылмады. Ал белтемірде (турник) тартылу әлі де аңыз ғана. Әрине, белтемірде жаттыққан жасөспірімнің бойы өсуі мүмкін, бірақ бойдың өсуі нақтылай белтемірдің әсерінен болғанын анықтау өте қиын. Ал ауыр темір көтеру, әсіресе 17 жастан кішілерге ауыр тиеді. Ал ең жақсы әдіс деп ғалымдар ұйқыны айтады. Егер ұйқыңыз тыныш болса бойыңыз да тез өседі.

Ендігі кезекті адам бойы туралы қызықты фактілерге берейік:

  • Таңертең кешкі уақытқа қарағанда біз биікпіз. Себебі күні бойы адам бел омыртқасы мен аяқ, иық қоспалары вертикалды бағытты болатындықтан бір-бірімен тығыз болады. Ал түнде адам горизонтальды бағытта жатып, қоспалар мен буындар бір-бірінен ажырай түседі.
  • Адам ғарышта өседі. Ғарышта көп уақыт бойы болған адамның бойы өсетінін ғалымдар байқапты. Адам бойы тіпті 5-8 сантиметрге дейін өседі екен. Бірақ бұдан адамның омыртқасы беріктігін жоғалтады. Ал жерге қайтып келген соң ғарышкердің бойы өз қалпына келеді.
  • Бойды дұрыстап өлшеу үшін екі тобықты да жерге тигізіп тұру керек. Тигізбеген жағдайда адам бойы 1 сантиметрге дейін биік болуы мүмкін.
  • Адамзаттың жалпы бойы бірқалыпты емес. Адамзат не өспейді де, не кішіреймейді де. Тек кейбір кезеңдерде өсіп, қайта кішірейеді. Мәселен неандерталь адамының бойы 160-165 см болса, орта ғасырларда 150 см-ге жуық, ал бүгінде адамзаттың орташа бойы 172 см екен. Адамзат бойының мұндай бірқалыпты болмауын ғалымдар түсіндіріп бере алмайды екен.
  • Әлемнің ең биік адамы – Федор Махнов. Ол тіпті бәрінен де биік – 285 см.

Дерекөз: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/19942/

0 дауыс
30 Жел, 2015 белгісіз жауап берді
Бойыңыздың өсуіне әке - шешешеніздің ГЕН-інің қатты қатысы бар екенінде хабарыңыз бар шығар деп ойлаймын. Егер ол кісілердің бой мөлшері жақсы болып сіз өспей жүрген болсаңыз онда таңертеңгі уақытта (яғный ұйқыдан тұрып) Трунникке 5-10 мин аспақталып денеңізді бос ұстап салбырыңыз сосын, күнінде шикі тауық жұмыртқасын сиырдың пісірілген сүтіне араластырып (ешқандайда тәттіліксіз) ішіңіз ашқарында осылай істесеңіз 1-2 ай үзбей істеп отырсаңыз нәтижесі боларына сеніңіз.
0 дауыс
30 Жел, 2015 Сулушаш жауап берді
Түрнек арқылы бойды өсіру үшін, онда асылып тұру жеткіліксіз. Бойыңызды өсіру үшін сізге кешенді тәсіл қажет: бой өсіру үшін түрнекте жасалатын арнайы жаттығулар, «А» дәруменімен байытылған тағам, жоғарыға секіріңіз, спортпен айналысыңыз, жүзіңіз, түрнекте тартылыңыз, жаттығулар барысында аяқ-қолыңызға ауыр салмақты заттар байлап қойыңыз.

Түрнекте орындалатын жаттығулардың бірнеше мысалы:

-Бірнеше реттен күніне үш – төрт рет түрнекте мейлінше ұзақ асылып тұру;

-Ауыртпалық байлап алып асылып тұру, оның салмағын барған сайын арттыру керек;

-Түрнекте тартылу;

-Түрнекте денеңізді ары-бері бұру.

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
3 жауап
ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...