Математика туралы қызықты деректермен бөліссеңіздер

+1 дауыс
Математика бөлімінде 12 Қаң, 2016 белгісіз сұрағын қойды
Математика туралы қызықты деректермен бөліссеңіздер.

2 Жауаптар

0 дауыс
12 Қаң, 2016 Алуа жауап берді

Математика жайлы қызықты 10 дерек 

Математикадан ештеңе ұқпасаңыз да, мектепте бұл сабақты ұнатпаған болсаңыз да, өзіңізді таза гуманитар санасаңыз да... Жалпы қандай жағдай болмасын – бұл деректер сізге ұнайтыны анық.

1. Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында ұйқысының ұзақтығы күніне 15 минутқа артып отыратынын байқаған. Арифметикалық прогрессия арқылы 27 қараша 1754 жылы оның ұйқысы 24 сағатқа ұласатынын анықтаған. Дәл сол күні ол қайтыс болған.

2. Діншіл еврейлер христиандық символикалардан және жалпы крестке ұқсас белгілерден аулақ болғанды жөн санайды. Мысалы, израильдік кейбір мектептерде оқушылар «қосу» белгісінің орнына төңкерілген «т» әрпіне ұқсас белгіні пайдаланады.

3. Еуро купюрасының шынайылығын оның әріптік сериялық нөмірі мен он бір саны арқылы тексеруге болады. Әріпті оның алфавиттегі реттік санына ауыстырып, бұл санды қалған он бір санға қосу керек. Кейін сандарды бүтін сан шыққанша қоса беру керек. Егер бұл сан 8-ге тең болса, онда купюра жалған болғаны.
Тексерудің тағы бір тәсілі сандарды қосуға негізделеді, бірақ әріптің қажеті жоқ. Бір әріп пен саннан құралған нәтиже нақты бір елге тиесілі екенін білдіреді. Еуроны түрлі елдерде басып шығатынын біз жақсы білеміз. Мысалы, Х2 деген нәтиже шықса, демек бұл ақша Алманияда басылып шығарылған.

Толық: http://bilim-all.kz/article/2691

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
1 жауап
Яндекс.Метрика
...