Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар?

+2 дауыс
Табиғат бөлімінде 15 Қаң, 2016 бауыр сұрағын қойды
Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар? Қыдырып демалуға болатын жерлер?

4 Жауаптар

+1 дауыс
15 Қаң, 2016 белгісіз жауап берді
24 Мау, 2016 admin таңдалды
 
Үздік жауап

Еліміздің мақтан тұтар аймақтарының бірі - ұлан-байтақ дала екені жасырын емес. Дархан қазақ көңілі осы кең даламен тығыз байланысты. Кеңес дәуірі басшылығының күштеп егіншілікке баулуына қарамастан, көптеген көрікті мекендер сақталып қалды.

Көктем туа сала, жүздеген шөп түрлері құлпырып, көз қуантар түрлі-түске боянады.

Еліміздің оңтүстік астанасы атқа ие Алматы қаласы- қазіргі таңда туристердің сүйікті мекеніне айналған. Сондай-ақ ресми Орталық Азияның қаржы орталығы.

Толық: Қазақстанның көз жауын алар мекендері

0 дауыс
15 Қаң, 2016 белгісіз жауап берді

Оңтүстік өңірі табиғаты шын мәнінде ерекше қайталанбас дүние. Таудан аққан бұлақ сыңғыры, жемісін көтере алмай тербеліп тұрған алма ағаштары, жайқалған хош иісті гүлдер қаладан мезі болған қауымға таптырмас демалыс орны. Қасқасу шатқалы - Оңтүстік Қазақстан облысының ең әсем жерлерінің бірі. Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 1900 м. биіктікте орналасқан. Шымбұлақтың 5-ін өзіне сидыра алатын әлеуеті бар.

Қасқасуға сапар тек тауға шығу деген сөз емес. Мұндағы демалыс белсенді, әрі экстремалды болуы тиіс. Сол себепті, мұнда қалың қармен қапталған 8 тау шатқалы күтіп тұр. Бір уақытта, 25 мың шаңғышы төмен қарай құлдилай алады. Қазіргі таңда, тау шаңғысы демалыс аймағын салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұл шараға 125 млн. АҚШ доллары тартылу көзделуде.

Толық: Қасқасу - Оңтүстік жерұйығы

 

0 дауыс
17 Қаң, 2016 Samina (150 ұпай) жауап берді

Ақсу-Жабағылы

Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді.

Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.

Көкшетау

Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.

Қорғалжын

Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады.

Көлсай

Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.

0 дауыс
11 Ақп, 2016 abaikz (148 ұпай) жауап берді

1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы 

"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. 

011.jpg

Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.  

012.jpg

2.Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.  

021.jpg

Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.  

022.jpg

3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы

Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.

031.jpg

Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан. 

032.jpg

4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады. 

041.jpg

044.jpg

Толық: Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...