Жүзу. Жүзуді уйрену. Суда дұрыс жүзу.

+3 дауыс
Жалпы спорт бөлімінде 01 Шіл, 2016 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
Жүзу. Жүзуді уйрену. Суда дұрыс жүзу. Жүзіге қатысты пайдалы мәліметтер. Жүзудің неше түрі бар? Жүзудің қандай пайдалары бар? Суға жүзуді тез арада қалай үйренуге болады? Егер жүзуді білсең қалай дамытуға болады?
2 күн бұрын Davidkam пікір қалдырды
<a href=https://vksu.top/sb/Nevskiy-vse-serii><img src=""></a>
Суд арестовал Павла Семёнова после того, как он застрелил пьяного хулигана, угрожавшего людям игрушечным оружием. В качестве меры пресечения было выбрано заключение полицейского под стражу. Татьяна Белова вынуждена уволиться из полиции, но, чтобы не остаться без средств к существованию, занимается розыском скрывающихся от правосудия преступников, за поимку которых положена награда. Подполковник Юрий Окунько возглавляет УМФД по Центральному району Санкт-Петербурга и зовёт к себе в команду Андрея Михайлова, который решает продолжить службу в органах. В это время следователи СК устанавливают, что уничтоженный Денисом Сомовым киллер никогда не был связан с группой «Архитекторов». Получается, что настоящий преступник всё ещё на свободе. Выйти на его след может только один человек, и это Павел Семёнов, находящийся в СИЗО. Семёнову грозит несколько лет лишения свободы.

16 Жауаптар

+1 дауыс
01 Шіл, 2016 Мөлдір жауап берді
01 Шіл, 2016 таңдалды
 
Үздік жауап

Суда жүзу – спорттың ерекше әрі пайдасы мол түрі. Жүзу кезінде ағзадағы барлық бұлшық ет қимылға түсіп, шымырлана түседі. Омыртқаның түзу болуына бірден-бір септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол арқылы дене сымбаттылығын сақтап тұруға да болады. Айта берсек, спорттың бұл түрінің пайдасы аса көп.

Жүзудің 4 түрі бар. Олар: арқадағы кроль, кеудедегі кроль, брасс, батерфляй. Кеңесшінің айтуынша, бүгінде оның брасс және арқамен жүзу түрі кең қолданысқа енген және оны үйрену оңай екен. Жүзуді білмесеңіз, біздің кеңестерді есіңізде сақтап алғайсыз. Есіңізде болсын, жүзуді кез келген жаста үйренуге болады. Ендеше, сәттілік!

Қажеттіліктер:

  • Таза әрі кең су кешеніне абонемент алыңыз немесе ағысы жоқ өзенге түссеңіз де болады;
  • Қажеттіліктер ішінде қолға тағатын балон, тақтайша, резеңке бас киім және тағы басқалары да болуы қажет;
  • Судан қорғайтын көзілдірікті таңдағанда ыңғайлылығына мән беріңіз.

Жүзуді үйренуге кіріспес бұрын:

  • Суға түспес бұрын алдымен өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындап алыңыз. Егер бала күніңізде суға тұншығып немесе өзге де төтенше жағдайға тап болсаңыз, өткенді бір сәтке естен шығаруға тырысыңыз;
  • Себезгі (душ) қабылдап, бұлшық етті суға үйретіп алыңыз;
  • Бірнеше рет отырып тұрып, аяқ-қолға жеңіл жаттығу жасаңыз. 3 минуттай бір орныңызда жүгіргендей қимыл жасаңыз.

1. Аяқ пен қолды жаттықтыруды су ішінде жалғастырыңыз. Кеудемен және арқамен қолды созған қалыпта аяқты суға шалпылдатыңыз. Терең дем алып, демді су ішінде шығарыңыз.

2. Аяқты дене деңгейіндегі қалыпта ұстаңыз. Бүгуге болмайды. Ыңғайыңызға қарай суды есу қимылдарын қолыңызбен жасаңыз. Бұл кезде аяқты бос ұстап, суды шалпылдатыңыз немесе судың ішінде жеңіл қимылдатыңыз.

3. Жүзуге арналған тақтайшаларды да қолдануыңызға болады. Ол денені су бетінде ұстап тұрады.

4. Бастысы, асықпаңыз. Бірінші жаттығудан кейін жүзуді толықтай меңгеріп кетемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Кәсіби мамандардың айтуынша, жүзуді үйренуге 2-3 ай уақыт қажет. Әрине, оның бәрі адамның ептілігі мен қызығушылығына байланысты. Мүлдем зауқы жоқ жандар жүзуді тіпті жарты жылда да үйрене алмайтын сәттер кездеседі. Сондықтан да әрбір қимылды асықпай, мұқияттылықпен жасаған абзал.

5. Жүзуді жаңадан бастаған сәтте жаттығуды кемінде 20 минут жасаңыз. Аптасына үш рет суға тұрақты түсіп тұрсаңыз, жүзуді тез меңгеруге мүмкіндігіңіз болады.

 

Оқуға кеңес:

Жүзу спорты және пайдасы

Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы

6 күн бұрын RobertExtex пікір қалдырды
Hello dear friend, I would like to offer placement of your link (or links) on different platforms of the internet such as: forums, blogs, comments and much more. . .
 
Increase your Visibility Boost Your Seo Rank - Get Organic Traffic From Google. Ranking in Google isn’t hard. All you need is a healthy number of backlinks from referring domains that have authority and trust in Google’s eyes.
 
This Backlinks Service Benefits:
 
1. Easily get Google rankings
 
2. Get a lot of traffic from Google
 
3. You can earn from the website in different ways
 
4. Increase Domain Authority (DA)
 
Quality guaranteed !
 
PRICE - 20$
 
WebSite - https://goo.su/ZUHZ
0 дауыс
01 Шіл, 2016 Daniyar жауап берді
01 Қаң admin өңдеу жасады

Жүзу – спорттың ерекше түрлерінің, дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Жүзу адамды сымбатты, көрікті, төзімді етіп қалыптастырады. Спорттың денсаулыққа пайдалы түрлерінің бірегейі де осы – жүзу. Мысалға адам жүзу кезінде кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңілдетеді екен, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, оны оттегімен тікелей қамтамасыз етуге және өкпенің дем алатын көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Оған қоса жүзу кезінде жасалатын қимылдардың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, бұл адамның денсаулығына, сымбатына жақсы әсер етеді. Омыртқаның да түзу де тік болуына бірден бір себепші – жүзу қимылдары екен. Негізінде  омыртқа – адамның ең маңызды мүшелерінің бірі, себебі ол басқа ауруларға өте қатты әсер етеді, яғни өзге аурулар омыртқаға тікелей байланысты. Жалпы, жүзудың пайдасы – адам денсаулығын нығайту, шымыр және шыңыққан болуына өз септігін тигізу. Сонымен біз спорттың бұл түрінің қаншама пайдалы екенін білдік, ал осы жүзуді қалай тез үйренуге болады дейтін шығарсыздар?! Алдымен, жүзуді үйренбестен бұрын оны 3 түрге бөліп алайық:

  • 1) Кроль
  • 2) Брасс
  • 3) Баттерфляй

Кроль – жүзудің ең жылдам түрі, қол мен аяқты кезекпен жылдам қимылға келтіру әдісі.  Кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады, ал брасс және баттерфляй әдістерімен жүзгенде қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды. Баттерфляйдың (ағылшынша «көбелек») брасстан айырмашылығы сол, осы жүзу тәсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен қарай лақтыра, яғни иығынан екі қолын сермете жүзеді және екі аяғы бірігіп бірдей қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жүзудың ең қиын түрі. Ал Брасс болса ең жеңіл түрі, яғни бұл түрі қол мен аяқты екі жаққа қарай сермеу арқылы жүзеге асады. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша  әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген  жарыстар өткізіледі. Бағдарламалар мынадай қашықтықтарды қамтиды: 50, 10, 200, 400, 800, 1500метр; 100, 200м баттерфляймен; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбекпен орындайды; 4Х100 м эстафеталық қашықтықта бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды және тағы сол сияқты .  Жарыстардың қызықтылығы сол – әр жүзуші-спортшының техникасы әр түрлі, қайсысы жылдам әрі ұтымды, сол жеңіске жетеді.  Төртжылдықтың ең мықты сайысында медальды көптеп алатындар - судан бақытын тапқан спортшылар екені сөзсіз. Мысалға, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында  жүзу жарысынан 34 комплект медальдар сарапқа салынды. Медальдарды сарапқа салатын сол бұрынғы жүзуден  Держава мемлекеттер – Америка Құрама Штаттары, Ресей, Аустралия. Олардың мынадай жүзушілерінің есімдерінің даңқы әлемге  жер жарады: Майкл Фелпс(Олимпиаданың 15 дүркін чемпион), Ласла Чех, Евгений Коротышкин.  Өкінішке орай, сол Олимпиадалардың  ішінде бір қазақстандық жүзуші жоғары дәрежеге ие  бола алмады. Сондықтан да, менің ойымша қазақ балаларының жүзуге деген талпынысы, құштарлығы жоғары болуы тиіс. Себебі қазақ елінің жүзушілерінің халықаралық ареналарда айтар сөзі, көрсетер өнері әлі көп. Ол үшін әрине таудай талап, қажымас қайрат керек. Жүзуді тез үйрену үшін  сізге ең алдымен судағы бірқалыпты қимыл-қозғалыс және жүзу техникасы қажет. Жүзу техникасы жоғарылаған сайын, сіз жүзудің қимылдарын жақсы сезе бастайсыз. Жүзу үшін аяқ пен қолды жаттықтыру, шынықтыру қажет. Одан кейінгі негізгі мәселе – өкпені терең демге үйрету. Өкпе жүзудің ең басты құраушы элементтерінің бірі, себебі өкпе арқылы жүзуші өзінің қимыл-әрекеттерін, жылдамдығын арттырып, кемітіп отырады. Жүзудің осындай құраушы элементтері сізге  дұрыс жүзудің негізін қалыптастырады деп ойлаймын.   

Жалпы, жүзуді  – дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі деп білеміз. Осыған орай, елімізде спорттың осы жүзу түріне аумақты қаражат бөлініп, спорт сарайларында жүзу бассейндері көптеп салынып  жатыр. Келешекте де жүзу  сабағы институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына да енгізіліп оқытылайын деп жатыр. Елімізде спорттың бұл түріне мұндай ерекше қамқор қадамдар жасалуының бірден бір себебі     – халықаралық жарыстарда жүзушілеріміздің медальдардан құр қалуы. Шыны керек, еліміздің спорттың осы түрінен үлкен жеңістерге жете алмауының тағы бір себебі – еліміздегі жүзу комплекстерінің қымбаттылығы. Қазірдің өзінде олардың бағасы 13000 теңгеден кем түспейді. Ал мұндай бағаны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне елдегі бассейндердің тек үлкен қалаларда болуы үйреншікті жайт. «Ауылымызда бассейн жұмыс жасайды»,-деген жанды осы күнге дейін кездестірген емеспін. Одан кейін көбіміздің айтатын сөзіміз - ауыл балаларының бокс пен күреске ғана икемі бар дейтініміз. Әрине, ол солай болады,  егер жүзуге  жағдай болмаса, жүзуден әлемдік жұлдыздар былай тұрсын, жай ғана әуесқой жүзушілердің де өзі шықпайды.   Егер ауылда аталған жүзу спортына жағдай жасалса, қуанар едік. Әзірге ол байқалар емес...  Бірақ мен біраз жылдан кейін мұның барлығы ұмытылып кетеді деген үміттемін. Әлі еліміздің туы талай жүзудің спорт ареналарында биікке самғайды. Ал жаңағы айтқан келеңсіздіктер уақыт өте келе өз шешімін табады. Соған орай мен елімнің спортшыларының келешекте жүзуден жоғары дәрежеде өнер көрсететініне кәміл сенемін және ондай дәрежеге елімізді қазіргі жас жүзушілеріміз жетелейді. Жас жүзушілерге айтарым: «Қиыншылықтарға қарамай тек қана алға»   

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Берік жауап берді

Суда абай болыңыз!

Суға шомылу мезгілі 1 маусымнан басталады. Жыл сайын суда көптеген адамдардың опат болатыны ешкімге де жасырын емес. Опат болудың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде және мас күйінде суға түсу.

Судағы құтқарушылардың қайғылы тәжірибелері көбінде бақытсыздыққа мас күйдегі тұлғалар, кейде физикалық сау тұлғалар да  ұшырайтынын көрсетті.

Сондықтан судағы қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

Суға шомылу кезіндегі ережелер

- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.

- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.

- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері!  Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!

- Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.

  

Суға шомылушыларға кеңес

- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз.

- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз.

- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.

- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз.

- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

- Мас күйде суға шомылуға болмайды.

- Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар.

- Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз.

- Суда тентектіктерге жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар.

- Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды.

- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.

- Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер.

- Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз.

- Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.

  

Жүзу құралдарын қолданғанда тыйым салынады:

1. Иесіз және техникалық ақаулы қайықтарды пайдалануға.
2. Құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығуға.
3. Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге.
4. Ішімдік ішкен күйде серуендеуге.
5. Ересектердің қарауынсыз 14 жасқа дейінгі балалардың жеке серуендеуіне.
6. Қайықтың борттарында және алдыңғы герметикалық бөлігінде отыруға.
7. Жүзіп келе жатқанда орын ауыстыруға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға.
8. Қайықтан, катамараннан және т.б. тікелей суға түсуге.
9. Жүзу құралдарымен моторлы кемелерге жақындауға.
10. Түнгі уақытта жүзу құрадарын пайдалануға.

 

Суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша ұсыныстар

Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын: -«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет. Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек адам табылады.

Суға батушыны құтқару кезіндегі үш тәсіл:

Қолтығынан ұстап сүйреу:
Құтқарушы суға батушыны қол астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.

Шашынан сүйреу:
Суға батушыны бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып, кез келген тәсілмен жүзу.

Шынтағынан жоғары ұстап сүйреу:
Суға батушының артынан екі қолынан ұстап артқа қарай тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір қырымен жүзу.

Есте сақтаңыз! Зардап шегушінің өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.

Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін: Есте сақтаңыз

Зардап шегушінің басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс.

Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек.

Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады. Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).

Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.

 

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Айдар жауап берді

СУДА / МАСКАМЕН ЖӘНЕ ТРУБКАМЕН ЖҮЗУ.

ЕГЕР СУ ДЕМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТРУБКАҒА ТҮССЕ:

  • Су өкпеге өтпеу үшін дем алмаңыз.
  • Трубка судың бетіне шықса, басынды шалқайтыңыз және қатты ауызымен ауаны трубкадан суды шығару үшін үртіп жіберіңіз.


ЕГЕР СУ МАСКАНЫҢ ІШІНЕ ӨТІП ЖАТСА:

  • Егер сіз судың бетінде болсаңыз, онда масканы шешініз. Су өзі маскадан ағып кетеді.
  • Егер сіз тереңде болсаңыз, онда бетіңіз судың бетіне қарау үшің басыңызды шалқайтып жібіңіз. Бір қолымен маскаңын жоғары жақты мандайына қатты қысыңыз ауа шықпау үшін және ақырын ауаны мұрыннан жібіп тұрыңыз. Ауа масканы ақырын толтыра бастағанннан кейін суды сыртқа итеріп жібереді.

Суда маскамен және трубкамен жүзу үшін сізде жақсы дайындық болу қажет, әсіресе сіз келесі жаттығуларды жасауға тиістісіз:

  1. 200 метр еркін стильмен жүзу.
  2. 100 метр арқада жүзу.
  3. 50 метр 5 кг. салмақпен жүзу.
  4. Судың бетіңде 5 минут қолмен көмектеспей жату.
  5. Бір минут ішінде суда вертикаль күйінде тек қана аякпен көмектесіп жүзу.
  6. Кезекпен бассейн түбінен 6 затты көтеру.

СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ.

Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.

Суық суда судороги бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.

  1. Судорогкі сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.
  2. Егер судорогамен санынын алдыңғы бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын түзеңіз (распрямите вперед).
  3. Егер судорогамен икроножной бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын түзеңіз өзіне қарай (распрямите носок на себя).
  4. Егер судорогалар өте қатты болса және аяктарыңыз түземесе, онда оны қолдың қөмегімен істеп қөріңіз.
  5. Бұлшық еттерді үқалаңыз (растирайте и разминайте). Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып қөріңіз.
  6. Егер судорогалар тоқтаса, онда кішкене демалвап басқа стильмен жағаға жүзіңіз.


Суда көп уақыт өткізуі сізді шаршату мүмкін.

  1. Шаршағаның немесе тоңғанын сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.
  2. Өз күшінізді сақтаңыз. Уақыт мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тонып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.
  3. Егер сіз жағаға өз күшімен жететіндігіне сенбесеңіз, онда арқаға жатып қолынды жоғары көтеріп шайқаныз машите өзіне басқа адамдардың зейін аударту үшін.


СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ (подхватило сильное течение).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Күшті жай келтірмей, су ағымымен куреспеңіз.
  2. Су ағымымен жүзіп диагональмен ең жақын жағаға жүзіңіз.


Қатты су ағымы теңізде де болуы мүмкін. Онда отмельдер болуы мүмкін, толкындар прилив кезінде оған соғылып теңізге қарай жүріп кері ағын тудыру мүмкін. Осындай ағымға түсеніз шошыманыз, ол сізді алып кетпейді. Шамалыдан кейін сіз оның жылдамдығын азайғаның сезесіз. Сонда жағаға қарай бұрылып ағымнан шыққанша жағаға вдоль жүзіңіз.

СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ (запутались в водорослях).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Балдырлар жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында барахтаться етпеңіз, әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз.
  2. Екі аяқпен қатты итеріңіз (резко отталкивайтесь), босануға ұмтылыныз.
  3. Бұл көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқттағы балдырларды алып тастаңыз.
  4. Өзіңіз судың астына сінбеніз (не ныряйте), әйтпесе балдырлар сіздің мойыңызды орайды.
  5. Балдырлардан құтылғасын қауіпті жерден аяқтармен ақырын жүзіп (меньше шевелить ногами) кетініз.


СУДА / ЕГЕР СІЗ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ (если вы упали в воду).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Дем алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрыңызды жабыныз.
  2. Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.
  3. Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін.
  4. Егер сіздің аяғынызда резенке етіктер болса, оны лақтырманыз және голенищемень төмен қойып ауадан жасалған подушкалар ретінде пайдалануға болады. Олай сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады.
  5. Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.

СУДА / ЕГЕР СІЗ СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ (если вы оказались в воде, неумея плавать).
Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыныз.

  1. Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолынды кең жазып ақырың және терең (глубже и реже) дем алуға ұмтылыныз.
  2. Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды үрыңыз (шлепайте руками по воде). Олай сіз нагрузканы суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.
  3. Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бөгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз.

СУДА / ШТОРМДА, ДАУЫЛДА ЖҮЗУ (плавание в шторм).

Дауылда суда жүзбеңіз. Бірақ егер сіз дауылда суға түссеңіз жағаға қарай жүзіңіз.

ЕГЕР СІЗ ЖАҒАДАН АЛЫС БОЛСАҢЫЗ:

  • Толқындарға қарсы жүземей күш жұмсамаңыз. Толқындар сізді өздері жағаға қарай апарады.
  • Жаңа толқын сізге жақындағанда қолмен және аяқтармен ұзақ қашықтыққа жүзу үшін жиі жұмыс істеңіз (энергично работать ногами и руками).
  • Толқын кеткеннен кейін әлсіреңіз (расслабтесь) және келесі толқынды қүтіңіз.

ЕГЕР СІЗ ЖАҒАҒА ЖАҚЫН БОЛСАҢЫЗ:

  • Толқындар бір біріне және тастарға соғылғанда водовороттарды тудырады.
  • Оларды жоғары емес, төменнен өту керек.


СУДА / ПРИЛИВ КЕЗІНДЕ ЖАҒАДАН АЛЫС БОЛСАҢЫЗ (если вы оказались вдали от берега во время прилива).

Отлив кезінде жағаның бойында қыдырсаңыз пещераға кіріп прилив басталғанша шығуға үлгермеу мімкін.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Тастарға жоғары тұрыңыз. Су максимал көтерілсе де сіздге жетпеу керек.
  2. Өзіне көніл аударуға ұмтылыныз (айқалап, қолмен).
  3. Су кеткенше немесе құтқарушылар келгенше төмен түспеңіз.

Өмір қауіпсіздігі негіздері е. А. Батешовтың және З. М. Шаукерованың аудармасы

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Айдар жауап берді

СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА КӨМЕКТЕСУ (помощь утопающему).

Адамның батқаның қалай білесіз:

Батып жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бір есе көрінеді бір есе қөрімбейді. Батып жатқан адам қолмен (судорожно взмахивает).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер сізде қайық бар болса тоңып жатқан адамға жүзіп оны қайықа қөтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалу мүмкін.
  2. Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып жатқан адамға жетіңіз.
  3. Батып жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иығынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алу мүмкін және сізбен бірге батып кетеді.
  4. Егер батып жатқан адам сізді үстап жібермесе, онда оны бір қолымен жақтан (подбородықтан) үстап өзіне қарай тартыныз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.
  5. Тура сол қолдың тізесімен оның иығын үстап адам айналуға кедергіні жасап қысып тастаңыз. Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзініз.
  6. Егер батып жатқан адам санасыз болса, оны жағаға қарай жүзгенде жақтан (подбородіктан) үстап беті тұрақты судан жоғары болуға тиісті.
  7. Қатты су толқында суға кетіп жатқанды бір қолымен кеудесінен басы судың бетіңде болатындай ұстаңыз.


СУДА / СУҒА ТҮСКЕНДЕР ҚҰТҚАРУДАҒЫ АБАЙЛЫҚ (Меры предосторожности при спасении утопающего).

  1. Суық суда киімді шешепеу керек, денеге суық өтуінен сақтану үшін. Тек қана аяқ киімі мен қалтадан барлық нәрсені алып шығу керек.
  2. Байқап отырыңыз суға кетіп жатқан сасқалақтаған уақытында сізді ұстамасын. Егерде ол сізді ұстай бастаса босатылу үшін арнайы приемдер қолдаңыз
  3. Егерде ол аяғынан ұстаса, лезде аяқты тіке суға, түсіріңіз. Сол уақытта денені тіке қойыныз. Келесі аяқты көтеріп иығына немесе кеудесіне қойып итеріп жіберіңіз.
  4. Егерде ол алдынан ұстаса, екі қолмен қолтықтан ұстап көтеріңкіреп итеріп жіберіңіз.
  5. Егерде ол артынан мойыннан ұстаса мүмкіндігінше басты төмен түсіріңіз суға кетіп жатқан сізді қысып тастамау үшін. Үстінде тұрған қолды қатты ұстаңыз сосын дереу алға тартыңыз келесі қолмен шынтақты көтеріңіз. Осы қимылдарыңызбен бір қолын бекітіп тастайсыз.
  6. Ештеңе шықпаса суға кетіңіз содан соң суға кетіп жатқанды иығынан қатты ұстаңыз.
  7. Суға кетіп жатқанның сасқалақтағаны қойдырғызу керек. Ол сізді тындаса ғана құтқарылуына сендіру керек.


СУДА / МҰЗҒА КЕТКЕНДЕРДІ ҚҰТҚАРУ (Спасение провалившегося под лед).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Мұзға кетіп жатқанға жатып жақындаңыз.
  • Арқанның немесе тақтайдың шетін оған лақтырыңыз. Қолымен ыңғайлы ұсталыну үшін арқанның шеті байланған болу керек.
  • Мұзға кетіп жатқанға айқалаңыз мұздың бетіне жатсын, аяғымен итерілсін, бір қолымен арқаның немесе тақтайдын ұсталынып, ал екінші қолмен алдындағы мұзды жарсын.
  • Ақырын өзіне тартыңыз.
  • Егерде тез уақытта жалпақ тақтай тапсаңыз мұзға кетіп жатқанның кеудесінің итеріңіз үстіне жатып алатындай. Алып шығуға жеңіл болады.
  • Егерде қолыңызда еш нәрсе болмаса және мұз қатты болса онда мұзға кетіп жатқанға жатып жетіп қолынан немесе киімінен алып шығуына ұмтылыныз.


СУДА / МҰЗҒА ТҮСКЕННІҢ ЖАҒАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ (Первая помощь на берегу провалившемуся под лед).
Жағаға алып шыққаннан кейін біріншіден демалуын қараңыз. Егер демі болмаса бірден жасанды дем жасаңыз. Егер дені болса үстіне құрғақ киім тастаңыз су киімнің үстіне және тез арада жылуға кірсізіңіз.
Егер ол жүре алмаса, сол жерде аяғын (растереть) қимылдатыңыз. Көмектеспесе үстіне салып апарыңыз. Жылуда болғанда киімін ауыстырыңыз. Керек болса (обмороженные) суық тиген жерін (растереть) қимылдатыңыз (дұрыс спирті қоса). Егер жылы жері алыс болса, сол жерде от жағыңыз. Оттың үстінде киімін кептіріңіз, оған өзінің киімін беріңіз.

СУДА / ПОЛЫНЬЯҒА ТҮСКЕНДЕ
Полыньга түскен уақытта сіздің қасыңызда ешкім болмауы мүмкін. Сондықтан сізге өз бетімен шығуға керек болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Сасқалақтамаңыз. Ақырын ауаны көбірек алып демалыныз.
  2. Аяғымен сіз велосипедте кележатқандай қимылдатыңыз.
  3. Бірден мұзға шығуға ұмтылмаңыз, жанжақтағы мұз жұқа болады. Сондықтан сіздің ауырлығыңыңды ұстай алмайды.
  4. Жағаға қарай жылжыңыз, қолыңызбен мұзды жары.
  5. Қолыңыздан мұз жарылуын қойғаннан кейін, мұзға шығуына тырысыңыз.
  6. Бірден бүкіл денемен шықпаңыз, мұз қайтадан сынуы мүмкін.
  7. Бүкіл денеңізбен мұзға жатыңыз.
  8. Жатқан қалпында жағаға қарай жылжыңыз.
  9. Жағаға шыққаннан кейін жүгіріп жылы жерге барыңыз.

Пайдалы қенестер:

  1. Мұзға ешқашан шықпаңыз, егер сіз мұзды қатты екенін нақты білмесеңіз. Есте сақтаңыз жағаға қарай мұз қатты, терең жерлерде мұз қаттылығы төмендейді және шөп бар жерде мұз жұқа немесе қатты ағыс жерлерінде.
  2. Мұз қаттылығы ауаның температурасына байланысты болады. Таңертең және түсте мұз онша қатты емес кешкісімен салыстырғанда.

Мұзда жүргенде қара аймақтарды айналып өтіңіз, ол жерде мұз жұқа болады.

СУДА / ҚАЛАЙ ШТОРМНЫҢ КЕЛУІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ.

ТАБИҒИ БЕЛГІЛЕРІ:

  • Үлкен борпылдақ бұлт жанында жиналады, көк жиектен келе жатқан жақын арада нөсер жаңбыр не күннің күркіреуі болатынын белгілейді.
  • Нөсер жаңбыр не штормның жақындауын жақын арадағы 36 сағат ішінде айдың айналасындағы қаралау ореол не бронзалық түс күн батқан кезде не шықан кезде белгілейді.
  • Жақын арадағы желдің қаттылуын және жаңбыр болуын биік аспанда кішкентай бұлттардың тез жылжуы және сарғылтау күн батуы.
  • Қызыл не ашық, бірақ қызғылтау аспан болуы күн шыққанда, ауа ылғалдылығының көбейюі жақын арадағы ауа райының бұзылуын белгілейді.

АУА РАЙЫ БАРОМЕТР БОЙЫНША

  • Егер барометр тілшесі шкаланың сандары төмен жаққа түссе, онда ол ауа райының жаман жаққа қарай өзгеруін білдіреді.
  • Шторм болатын уақытта барометр тілшесі жанжаққа жылжиді да көрсеткіш төмендейді.

Өмір қауіпсіздігі негіздері е. А. Батешовтың және З. М. Шаукерованың аудармасы

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Жансая жауап берді

Суда жүзу адамды бақытты қылады

Суда жүзу көңіл күйді көтеріп, ұйқыны жақсартады. Бассейнге жиі бару адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар бақытты қылатын көрінеді.

Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ ұйқысы жақсарады, күш-қуаты арта түседі.

Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тәжірибеге қатысушы адамдардың көңіл күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалды.

Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар – суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды қартаюдан сақтайды.

Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Қаламқас жауап берді

Жүзу

Жүзу бойынша бірінші халықаралық жарыс 1889 жылы Венгрия астанасы Будапештте өткізілді. Жүзу Олимпияда ойындарында алғашқы рет Афины қаласында 1896 жылы сынға түсті. 1908 жылы әуесқой жүзушілердің Халықаралық федерациясы құрылды (ФИНА). Аталған спорт түрі үнемі дамытылып отырды, жаңа жылдам жүзу стилдері пайда болды.

1887 жылы Ұлыбританияда өткен бірінші ресми түрдегі жарыстарда жүзушілер бір жағымен қолын шығармай ең ескі жүзу әдісін брассты пайдаланды. Ұзын және қысқа қашықтықтарға жүзудегі бірінші рекордтар брасспен жасалды. Аталған әдісті 1538 жылы даниялық Н. Бинман сипаттады. Демек,жүзудің осы түрін кезінде бақадан алды. Ұзақ уақыт бойы осы жүзу түрін «бақаша жүзу» деп атады. XIX ғасырда ол әдіс брасс деген атқа ие болды.

1928 жылы Амстердамдағы жарыста кубалық И. Индельфонсо жеңіп шықты. Ол қолымен беліне дейін қармау арқылы өте жоғары нәтижені көрсетті. 1954 жылы кеңестік жүзгіш М. Петрусевич әлемдік рекорд орнатты, ол судың жарты бөлігін астымен жүзіп өтті. Сонымен, су астымен қолымен белінен дейін қармау арқылы сүңгу брасс пайда болды. 1957 жылы ережедегі өзгертулерге байланысты ол әдіске тыйым салынды.

30-шы жылдары ХХ ғасырда жүзудің жаңа стилі пайда болды — баттерфляй, ол көбелектің қанатының қозғалысына ұқсастығына байланысты осылай аталды. Ресми жарыстарда осы әдіспен бірінші рет американдық Джимми Хиггинс 1935 жылы жүзіп, 100 метр қашықтықта әлемдік рекорд орнатты, ол 1 мин 10,8 секунд уақытына тең болды. Осы жылы оның рекордын кеңестік теңізші Семён Бойченко озып, ол тура сол қашықтықты 1 мин 8 сек. жүзіп өтті. 1948 жылы Олимпиядада брасспен жүзетін спортшы жарыс финалында ең төмен нәтижені көрсетті. Осыдан кейін ФИНА брасс және баттерфляй бойынша жарыстарды бөлек жүргізуді шешті.

Сол жылдары жылдамдықдыбаттерфляй бекітілді — ол дельфин: аяқты қозғаудың орнына брасс техникасында спортшы денесімен толқын тәріздес қозғалыс жасады оған аяғын да қозғау қосылды. Жылдамдығы жоғары болып ерекшеленген осы әдісті бірінші рет американдық Д. Зиг 1935 жылы көрсетті. 1953 жылы әдістің көмегімен әлемдік рекордты венгр Дьёрде Тумпек жасады. Содан бері спортшыларбаттерфляйдің жылдамдықты түрлерін ғана пайдаланып отыр.

Жүзу бойынша жарыстар

Жарыстарда көрінетін жүзудің негізгі төрт стилі ол арқамен жүзу кролі, кеуде кролі, баттерфляй (дельфин) және брасс.Кеуде кролін жүзу бойынша ресми жарыстарда (еркін стиль) ерлер мен әйелдер де 50, 100, 200, 400, 800 және 1500 м., қашықтыққа жүзеді,арқамен 100 және 200 м. жүзеді. Брасс және баттерфляймен 100 және 200 м қашықтыққа жүзеді.

Жүзуолимпияда бағдарламасы бойынша жеңіл атлетикадан кейінгі ойнатылатын медаль саны бойынша екінші спорт түрі.

Ашық суда жүзу

Жеке жүзу содан кейін жарыстардағы ашық суларда ұзақ қашықтыққа жүзу XIX ғасырдың соңында өткізілді. Демек, олардың ішіндегі ең танымалы Ла-Манш бұғазы арқылы жүзу. Бірінші рет Ла-Маншты 1875 жылы ағылшын Мэттью Уэбб жүзіп өтті. 1991 жылы ашық суда жүзу әлем чемпионаты бағдарламасына енгізілді, ал 2000 жылы жұп санды жылдары ашық жүзуден жекелеген әлем чемпионаттары өткізіледі . Дистанциялар:

  • 5 км (1998 ж. бастап)
  • 10 км (2000 ж. бастап)
  • 25 км (1991 ж. бастап)

2008 жылдан қашықтық 10 км олимпиядалық қашықтық болды.

Жүзу костюміжүзуші спортшының міндетті экипировкасы болды. Шамамен 1930 жылы табиғи материалдан жасалған костюм жүзушінің толық денесін жауып тұрды. 1930 жылдың басында сән үлгісінің ауысуына байланысты жібектен жасалған жүзу іш-киімі сәнге айналды, жүзушінің денесі толығымен ашық болды. 1950 жылы табиғи материалдардың орнына жасанды материалдар келе бастады: нейлон, лайкра және басқа да материалдар. 1990 жылдың ортасынан бастаптехнологиясы жоғары жүзу костюмдар пайда болды. Бірінші олар жүзуші ер адамдардың белінен төмен жауып, содан кейін барлық денесін жауып тұратын болды. Синтетикалық материалдан жасалған арнайы қосындылар адам денесі терісіне қарағанда судың кедергісін азайтты. Жаңа костюмдер 2008 жылы пайда болды олар жүзушілерге нәтижені арттырып алдыға шығуға мүмкіндік берді. Полиуретанды костюм, жүзу барысында жақсы нәтижеге жетуіне көмектесті.Жүзгіш мамандар арасында спортшылардыңнәтижелері жаттығудан немесе табиғи ерекшеліктері арқылы емес костюм артықшылығынан технологиялық допинг алуы туралы талқылаулар басталды. 2009 жылы чемпионат шеңберінде FINA конгресі өтіп, онда 2010 жылдан бастап тек қана кездеме материалдан жасалған жүзу костюдеріне рұқсат етілді.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Замир жауап берді

Жүзудің төрт тәсілі және жарыс шарттары

Спорттық жүзу әр түрлі қашықтықта болады және оның әр түрлі жүзу техникасы бар. Олардың арнайы ережелері қалыптасқан. Жарыс кезінде бассейн әлемдік стандартқа сай болуы керек (әр жолақтың ұзындығы 25 және 50 метр) және жүзу қашықтықтары 50 метрден кем емес, сондай-ақ, 1500 метрден артық болмауы тиіс. Спортық жүзу тәсілдері негізінде төрт түрге бөлінеді. Олар: еркін жүзу, брасс әдісімен жүзу, баттерфляй әдісімен жүзу және шалқалап жүзу.

Әр жүзу тәсіліне қарай жарыста арнайы қашықтық белгіленеді. Сонымен қатар жарыста комплекстік жүзу және командалық эстафеталық жарыс түрі өткізіледі. Бұл жүзу түрлерінде де арнайы қашықтықтар бар.       Комплекстік жүзуде бір жүзуші баттерфляй, шалқалап жүзу, брасс және еркін жүзу тәсілдерімен жүзіп өтуі керек. Бұл тәсілдер әрбір қащықтықта бірінен соң бірі ауысып отырады. Әр тәсіл қашықтықтың төрттен бір бөлігі сайын алмасып тұрады.

Командалық эстафетада 4 жүзуші болуы қажет. Әр жүзуші өзінің қашықтығын арнайы жүзу тәсілімен бірінен кейін бірі жалғастырып жүзіп өтуі керек. Әдетте бір жарыс бәсекесіне 8 команда қатыса алады.

Әрбір халықаралық жарыстарда жүзудің ережелері бұзылмауы үшін халықарлық нормаларға сай келетін төрешілер болуы тиіс. Ереже бойынша бір елден тек 2 төреші ғана төрелік ете алады.

Төрешілер үшке бөлінеді. Бірінші төрешілер жүзушінің жүзу техникасын бақылайды. Екінші төрешілер жүзушінің әр сегментте суда кері айналуын бақылайды (куырок). Үшінші төрешілер жүзушінің уақытын секундомер арқылы бақылап отырады. Жүзу ережесі бұзылмауы үшін төрешілер замануи технологияларға сүйенеді. Мысалы: бейне бақылаулар (суда,құрлықта), секіру трамплиндері арнайы секундомермен қамсыздандырылған. Уақыттан бұрын суға секіріп кетпеуін бақылайды (false start). Жарыс алдында бас төреші тағайындалады. Жүзуші ереже бұзған жағдайда оны жарыстан шығарудан бұрын бас төреші ереженің бұзылғаны туралы нақты дәлелдемелерді жинап, қарастырып шығарады.

Үйрену тәсілдері мен жаттығулары

Жүзіп үйрену үшін ең маңыздысы: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік. Жалпы дамыту жаттығулары дененің негізгі физикалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ол омыртқаны, кеудені, аяқты жүзуге бейімдеу үшін қажет. Сондай-ақ, дұрыс дене бітімінің қалыптасуын қамсыздандырады және жеке бұлшық ет топтарының дамыту бойынша қосымша әсерін және функционалдық мүмкіндіктерінің дағдыларын арттырады. Әдетте жүзу – қозғалыстарды тиімді дамытудың ең қолайлысы болып табылады. Жалпы дамыту жаттығулары гимнастикалық жаттығулар түрінде орындалады. Мысалы, жаяу жүру, секіру, жүгіру денсаулыққа аса пайдалы қарапайым жаттығулар.

Жүзу алдында ең бастысы адам судан қорықпауы, еш жүрексінбеуі керек. Су адамды судың бетіне қалай да көтеріп тұрады. Ең бастысы ішке жұтқан ауаны бірден сыртқа шығарып қоймауы қажет. Жүзумен айналысқан жастың өкпесі ерекше жетіледі. Кәсіби жүзушілердің өкпесі қарапайым адамдарға қарағанда 10-20% мықты болады. Жоғары класс ер жүзгіштерде -5-6,5 л, әйелдерде -4-4,5л. Жүзгіштердің тыныс бұлшықет күші мен өкпенің сыйымдылығы да кәдімгі мөлщерден 8-15% көп.

Белсенді жүзудегі су иммерсиясы кезінде тыныс жолдарындағы ауа ағымының кедерғісі 50%-дан аса артады және тыныс бұлшық ет белсенділігінің жоғарлауын талап етеді. Кролль әдісімен жүзу кезінде тыныс алатын ауаның әр литріне оттегінің қосымша мөлшері 1,3-2,8 мл-ге жетеді.

Жүзу кезінде тыныс алу жүзу (есу) циклдерімен синхрондалады: тыныс алу фазасының ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады және көбінесе су астында брасс әдісімен және шалқалап жүзуді қоспағанда, яғни ауа ортасына қарағанда көп кедергіге қарсы шамамен 50-100 сынап бағанасы жүргізіледі.

Жүзу жылдамдығы 100 метр жүзу кезінде (бассейн ортасында) максималды орташа таза арақашықтық жылдамдығы кролль әдісімен 1,9м/с, баттерфляйда – 1,8м/с, шалқалап жүзуде – 1,7м/с, брасс әдісімен – 1,5м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары жылдамдылық кролль әдісімен жүзуде, ал, аз жылдамдық –брасс әдісімен жүзуге тән.

Салыстыра айтсақ, жүзу кезінде энергия шығыны шамамен балықтарға қарағанда 30 есе және сондай-ақ жылдамдықпен жүгіруге қарағанда 5-10 есе көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу кезінде адамдардағы энергиялық шығынның айтарлықтай айырмашылықтары олардағы бытыраушы күштің әртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде әйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең алдымен әйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.

100 метр арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы анаэробтық жолмен максималдығы жуық анаэробық қуаттылық қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 метр арақашықтықта ол жалпы энергия өндірілуден 50%-дан асады. 800 және 1500 метр арақашықтықта оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл атқарады.

Суда жоғарғы жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден асып түсу жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға жылжыту шамамен сүйреу жылдамдығынның шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде және қол-аяқ қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль әдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс әдісімен жүзуге 2 есеге көп болады.

Жүзу тиімділігі аса төмен. Тіпті жоғары білікті жүзгіштерде ол 4-7% құрайды ол өте төмен көрсеткіш. Жоғарғы тиімділік кролль әдісімен жүзу кезінде-6-7% максимум-15% ,ал, төмен тиімділік брасс әдісімен жүзу кезінде 4-6% байқалады.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Нұрай жауап берді

Су спорт түрлері

Жүзу – спорт түрінің бірі, аз уақытта әр түрлі қашықтықта жүзіп өтетін спорттық ара-қашықтық. Дегенмен ереже бойынша жүзу қашықтығы сөреден немесе бұрылыстан кейін 15 м аспауы қажет (брасс жүзуде бұл шектеу басқаша қаралған); жылдамдық су асты жүзу түрлері жүзуге емес, су асты спортына жатады.

МОК классификациясы бойынша (тәртіпке байланысты «бір федерация – бір спорт түрі») жүзу спорт түріне: жүзу, су добы, суға секіру және синхрондық жүзу спорты түрлері жатады, орыс тілді спорт әдебиетінде жүзу сөзіне синоним ретінде «су спорты  түрлері» сөз тіркесі қолданады. Әлемде су спорты түрлерінің дамуы үйлесімділігімен әлем чемпионаттарын өткізген Жүзуден халықаралық Федерациясы (1973 ж.бастап); Еуропа чемпионаттарын өткізген Еуропада (1926 ж.бастап) – Еуропа жүзу лигасы (ЛЕН, фр. LEN, Ligue Européenne de Natation, 1926 жылы құрылған)  айналысады.

Жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса бастаған. Адам балық аулап, жауларынан қашқанда су арқылы бірнеше қашықтықты жүзіп өткен. Біздің заманымыздың басында Ежелгі Римде суы жылытылатын жүзу бассейндері салына бастады. Каракаллы (55х25 м) және Диоклетианский терма (100х50 м) бассейндері көпшілікке аса белгілі бассейндер болып есептелген. XVI ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. XVIII ғасырдың екінші жартысында және XIX ғасырдың басында Германия, Австрия, Франция, Чехословакия елдерінде алғаш мектептер ұйымдастырыла бастады. 1896 жылғы Афинадағы ең алғашқы Олимпиадада жүзу Олимпиада спорт түрлерінің бірі ретінде саналды. Әйелдер жүзуден олимпиада ойындарына 1912 жылдан бастап қатыса бастады.

Түрлері
Олимпиада ойындарында еркін жүзу, баттерфляй, брасс және шалқалап жүзу жарысынан 16 жинақ  медальдар сарапқа салынды. Еркін жүзу - 50, 100, 200, 400, 800 м (тек әйелдер), 1500 м (тек ерлер) қашықтықтарды; брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу – 100, 200 м қашықтықтарды; аралас жеке жүзу жарысы - 200, 400 м қашықтықтарды қамтиды.

Бұрылыстар
Еркін және шалқалап жүзу кезінде бассейннің жиегіне жүзуші денесінің кез-келген жері тиюі мүмкін, дегенмен әрі қарай аяғымен итерілуге болады. Жеке аралас жүзуде шалқалап жүзуден брассқа ауысқанда жүзушілердің денесі бассейннің жиегіне тигенше шалқалап жүзу қажет.

Сөре және мәре
Жалған сөре жасаған жүзуші жүзу құқығынан айырылады. Сөре және мәре бассейннің қабырғаларында және сөре тумбасында орналастырылған электронды құрылғы арқылы анықталады. Бұл эстафета өткізу кезінде қазіргі сөрені анықтау үшін қажет. Егер келесі жүзуші сөре тумбасын алдағы жүзушіден 0,03 секунд ерте соқса команда жүзу құқығынан айырылады. Жүзуші мәре кезінде еркін және шалқалап жүзу жарысында бір қолмен, баттерфляй және брасс кезінде – екі қолмен соғуына болады.

Алдын-ала жүзу жарысында жақсы нәтиже көрсеткен 24 жүзуші үш рет жүзу бойынша әрқайсында 8 адамнан бөлінеді. Ең тез жүзуші 4-жолмен ақырғы жүзеді, екінші нәтиже көрсеткен – 2-жолмен, үшінші – 3-жолмен, 4-жүзуші – соңғы жолмен, бесінші нәтиже көрсеткен – екінші жолмен жүзеді және т.с.с. егер финалға 24 жүзушіден көп шықса, онда олар бірінші жүзу жарысында  жүзеді. 400 м қашықтықта және одан жоғары және эстафетада үздік 8 спортшы бірден финалға өтеді. 200 м қашықтықта және одан аз үздік 16 спортшы ширек финалда жарысқа түседі. Ширек финалдағы ең үздік жүзуші 4-жолмен, екінші нәтиже көрсеткен – 5-жолмен, үшінші – 3-жолмен, 4-жүзуші – 6-жолмен жүзеді және т.с.с.

Еркін жүзу стилі - Спортшыға рұқсат етілген тереңдігі 15 м астпайтын су астында сөре және бұрылу кезінен басқа еркін жүзу кезінде спортшының денесі әрдайым судың үстінде болуы шарт.

Шалқалап жүзу кезінде спортшының аяғы сөре кезінде шалқалап жүзуде судың астында болуы мүмкін. Спортшының беті жоғары қарап, шалқалап жүзуі қажет. Сонымен қатар жүзу кезінде сөреден және бұрылыс жасағаннан кейін спортшыларға тереңдігі 15 м астайтын су астымен жүзуге рұқсат беріледі.

Брасс - жарысында спортшылар суда бетпен әрі аяқтары көлденең және синхронно жүзулері қажет. Спортшылар жүзу кезінде сөреден және бұрылыстан кейін су астында әр аяғымен бір тік қимыл жасауына болады, ал спортшының басы суға кіріп-шығып жүзіп отырады. Спортшы жүзу соңында және әр бұрылыста бассейннің қабырғасына екі қолын бірдей тигізуі қажет.

Баттерфляй - жүзудің ең қиын стилдерінің бірі және жылдамдық жағынан крольден кейін екінші орында тұр. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде пайда болған. Бұл жарыста рұқсат етілген тереңдігі 15 м астпайтын су астында сөре және бұрылу кезінен басқа брасстағы сияқты спортшылар су үстінде бетпен жүзеді. Сонымен қатар бұл жүзушілер де мәре және әр бұрылыс кезінде бассейннің қабырғасына екі қолын бірдей тигізуі қажет. Осы жүзу тәсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен қарай лақтыра, яғни иығынан екі қолын сермете жүзіп, екі аяғын қосып бірдей қозғалыс жасауы шарт.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Фариза жауап берді

Бассейн
Олимпиада ойындарындағы бассейндердің ұзындығы 50 м, тереңдігі – 3 м. Бассейннің барлық жолдары жолақтармен және 1-ден 8-ге дейінгі сандармен нөмірленген. Жарыс өткізу кезіндегі судың температурасы  25 °С - 27 °С аралығында болуы қажет.

Біліктілік
ФИНА, яғни әуесқой жүзуден Халықаралық Федерациясы әр жарыс түрі үшін "А" және "В" біліктілік уақытын белгілейді. Егер бір мемлекет жүзудің бір түрінен 2 спортшысын шығарса (бір спорт түріне 2 спортшы ғана қатыса алады) спортшының екеуі де "А" стандартына сәйкес келуі шарт, спортшының бірі немесе екеуі де "В" стандартына сәйкес келсе, ол кезде тек мемлекет бір спортшысын ғана шығара алады.

Жүзу спортына сонымен қатар ерлер, әйелдер арасындағы су добы, суға секіру және синхрондық жүзу түрлері жатады.
Қазақстанда су добы жарысы 17-18 жылды ғана құрайды. Бұл жағдайды сол кезде Қазақстанда су спорты базаларының және білікті мамандардың жетіспеушілігімен түсіндіруге болады. Бірақ 1949 – 1954 жылдары аралығында бұл спортың жүзу және суда секіру түрлері қарқынмен дами бастады.

Алғашқы ресми матч 1950 жылы Алматыда өтті. Бұл жарыс Қазақ КСР құрамасы мен әлем чемпионы ЦДКА командасының арасындағы КСРО Кубогына тартыс болатын. Жарыс 21:1 есебімен ЦДКА пайдасына шешілді. Мәскеу қақпасына жалғыз ұпайды, қазірде КСРО командасының бас жаттықтырушысы Юрий Кабин соққан болатын. Қазақстан командасының ұйымдастырушысы дене шынықтыру техникумының оқытушысы, жүзуден жаттықтырушы Лев Михайлович Лукьяновский болды. Республикамыздың алғашқы командасының құрамына жүзушілер: Ираклий Адамиди, Дурсун Черкес-Заде, Григорий Козорезов, Юрий Кабин, Владимир Григорович, Бахи Ельгундиев, Виктор Морозов, Латиф Сарсенов және баскетболшы Юрий Вухвалов енді. Матчтың төрешілері Қазақстанның алғаш су добы төрешілері М.С.Джайшибаев пен И.С.Копелевич болды. Кейінгі жылдары су добы спортының дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі команда ойыншысы Дурсун Черкес-Заде.

Оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылып, команда 1950 жылы Алматыда өткен (1-орын), Қазақстан және Орта Азия елдері Спартакиадасына қатыса бастады. Осыдан кейін көпшіліктің су добы спортыны қызығушылықтары артты. Команда құрамына жастар тартылып, олардың арасында ағайынды Юрий мен Виктор Минеевтар (Ю.Минеев кейіннен спорт шебері атағына ие болды, допты хоккейден КСРО біріншілігінің қола жүлдегері, В. Минеев — еңбек сіңірген спорт шебері,  қазіргі бессайыстан XVII Олимпиада ойындарының чемпионы), Олег Баймухамбетов, Энвар Аганин және т.б. спортшылар болды.

1954 жылы су добы спорты Қазақстан және Орта Азия республикалары Спартакиадасының бағдарламасына қайтадан енді. Құрама командамен жұмыс жасауға Мәскеуден жаттықтырушы А. В. Гвоздев шақыртылған болатын, жаттықтырушының жетекшілігімен спортшылар алғаш рет КСРО біріншілігіне қатысып, 15-орынды қанағат тұтты.

Ташкентте өткен Орта Азия және Қазақстан Республикаларының Спартакиадасы табысты өтіп, су добы спорты Қазақ КСР біріншілігінің бағдарламасына енеді. 4 команда қатысқан алғаш ресми біріншілік 1955 жылы өтті. Ал бір жылдан кейін VIII барлық қазақстандық Спартакиадаға ватерпол ұжымы қатысты. Құрама команданың мүшелері болып алматылық Владимир Григорович, Дурсун Черкес-Заде, Олег Баймухамбетов, Юрий Минеев, Виктор Минеев, Юрий Кабин, Вячеслав Воробьевтан басқа спортшылар да, семейлік Владимир Кузнецов пен Степанов, балқаштық Теньков және шымкенттік Тириакиди енді. Құрама КСРО халықтарының Спартакиадасына қатысып, 12-орынға ие болды. Спартакиададан кейін республикамыздың құрама командасын капитан Владимир Григорович басқарды. Команданың құрамы дене шынықтыру институтының Василий Масютенко, Роберт Орлов, Л.  Козьмин, Александр Крюков сынды және басқа да шәкірттерімен тола бастады. В. Григорович құрамамен жұмыс жасай отырып, сонымен бірге Аэропорт пен дене шынықтыру Институтының жүзу бассейндерінің базасында жасөспірімдік ұжымды ұйымдастырады. Бұл жасөспірімдер командасы спартакиадаларда алғашқы жылдары айтарлықтай орындарға ие бола алмады.

1957 жылы қазақстандықтар КСРО, Орта Азия, Қазақстан Республикаларының біріншілігіне қатысып 17 және 2-орындарға ие болды. Осы жылдары Қарағандыда қысқы бассейн құрылып, қызмет етуге жаттықтырушылар Анатолий Водопетов (Минсктан) пен Вячеслав Сахаров (Мәскеуден) және тәжірибелі ойыншылар келе бастады. Мұның бәрі қарағандылықтардың спорттық шеберліктерінің артуына ықпал етті. Айтарлықтай Г. Горбунов  жетекшілік еткен Шығыс Қазақстан облыс командаларының шеберліктері де артып, жүлделік үштікке жыл сайын енді.

Алматы және Қарағанды облыстарының А. Баймухамбетов, В. Григорович, А. Крюков, В. Масютенко, С. Пивоваров. Л. Козьмин, В. Василенко, В. Сахаров, В. Kотов, В. Горшелев, Р. Орлов сынды спортшыларынан құралған республикамыздың құрама командасы 1959 жылы КСРО халықтарының II Спартакиадасына қатысып 12-орынды қанағат етті.

1960 жылы X мерейтойлық жалпы қазақстан Спартакиадасына республикамыздың бар облысынан командалар қатысты. 1962 жылы алматылық «Буревестник» ватерполистері "А" класының II тобында жарысқа шығу құқығына ие болуы, қазақстандықтарды жалпы одақ аренасында тануының басы болды.

1962 жылы Алма-Атада пионерлер сарайында қысқы жүзу бассейні, Кентауда 50 м. суы жылытылатын ашық жүзу бассейні салынды және осы Кентауда су спорты түрлерінен XI жалпы қазақстан Спартакиадасы өткен болатын.

Ұқсас сұрақтар

...