Генри Форд демалып жатқан жұмыскерлеріне не үшін ақша төлеген?

+1 дауыс
Тұлға, Адам бөлімінде 19 Қар, 2015 berik258 (314 ұпай) сұрағын қойды
21 Қар, 2015 admin ілмектер өзгертілді
Генри Форд демалып жатқан жұмыскерлеріне не үшін ақша төлеген?

1 жауап

0 дауыс
20 Қар, 2015 admin (987 ұпай) жауап берді
Аты аңызға айналған 20-шы ғасырдың бизнесмені, көлік өнеркәсібінің «атасы» Генри Фордтың өзінің ұстанған ерекше қағидалары болған. Соның біріне тоқталсақ. Генри Форд зауыттарының бірінде жұмыскерлер бригадасына демалыс үшін ақша төлеген. Бұл сервистік бригада конвейрдің үздіксіз жұмыс істеуіне жауап берген. Бір сөзбен айтқанда -  жөндеушілер. Олар жалақыны тек демалу бөлмесінде отырғанда ғана алған.

Конвейрде ақаулар болған кезде қызыл шам жанып, жөндеушілердің жалақы есебі тоқтайтын. Бұл жағдай екі нәтиже беретін. Біріншіден олар демалу бөлмесіне тез оралу үшін жөндеу жұмыстарын шапшаң істейтін. Ал екіншіден ақаулық қайталанып, бөлмеден қайта шықпас үшін жөндеу жұмыстарын үнемі сапалы жасаған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
3 жауап
Қаражат, Ақша бөлімінде 03 Жел, 2015 Талғат сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Логикалық сұрақтар бөлімінде 25 Нау, 2017 белгісіз сұрағын қойды
Яндекс.Метрика
...