Танк, қару-жарақ туралы қызықты тарихи мәліметтермен бөлісесіздер ме?

0 дауыс
Тарих, Заман бөлімінде 24 Ақп, 2016 Ақбөпе сұрағын қойды
Танк, қару-жарақ туралы қызықты тарихи мәліметтермен бөлісесіздер ме?

2 Жауаптар

0 дауыс
26 Ақп, 2016 admin (1,007 ұпай) жауап берді

Катапульта тарихы 

Тас, найза немесе жебе ұшыратын қайсыбір машина гректің катапульта деген терминімен аталады. Ежелгі Римнің авторлары катапульталарға «Тormentum» (айналдыру) деген атау берген. Бұл серіппен қозғалыс жүйесі бар машиналар.

Тарихтағы тұңғыш катапульталар біздің заманымызға дейінгі дәуірде Грекияда қолданыла бастады, кейін ХV ғасырға дейін оларды Еуропаның барлық елінде қолдана бастады. Ежелі катапульттеу құрылғылары садақтың (баллистер мен скорпиондар) немесе тас ататын құрал технологиясымен қолданылған.

Соңғылары қоршауды қирататын қару ретінде саналып, Орта ғасырлардың басында ғана қолданыла бастады. Тетігіне байланатын тас ату құралына ядро немесе тастар қойылған, ал оның екінші жағына тең салмақ ілетін болған. Рычагтың екінші жағындағы салмағы алып, бір жағы жоғары көтеріліп, күш береді де, тасы немесе ядросы өз траекториясы бойынша ұшатын. Тас бірнеше жүз метр қашықтыққа дейін ұшып барып нысанаға тиетін.

Мақаланы толық оқу үшін сілтеме арқыл өтіңіз: Катапульта тарихы

Басқада қызықты мәліметтер:

Арбалет тарихы

«Пантера» танкінің тарихы

0 дауыс
29 Ақп, 2016 Дулат жауап берді

Бірінші револьвер XVI  ғасырда жасалды. Ол оққалтадағы қуысында оқдәрісінің фитиль немесе кремний арқылы жануы арқылы іске қосылады. Бұл әдіспен ататындар әрбір оқ ату үшін оқпанға оқдәрі себуі керек, ол өз кезегінде фитильдің жалынсыз отынан тұтанады немесе кремний ұшқынынан тұтанады да, оққалтадағы негізгі зарядтың іске қосылуына әкеледі. Мұндай қаруды қолдану сенімсіз еді, себебі мұндай механизмнен оққалтадағы барлық оққа от беріп, екі бірдей оқ атуға әкеп соғады. Сондықтан да револьверлер көпшіліктің қаруына айнала қоймады.   

1818 жылы америкалық Артемас Уиллер АҚШ-та кремний оққалтасы бар револьвер жасап, патенттеп алды. Оның құрылымы оқдәрінің екінші оққалтадағы оқтарға түсіп кетпейтіндей етіп жасалған. Уиллер оны серіппенің көмегімен жасаған. Ол ату кезінде барабанды алға қарай қозғап, оқдәріні оққалтадан алыстатады.

Осы жылы Уиллердің тегі бойынша аттасы әрі жерлесі Коллиер бұл револьверді Англияда патенттеп алады. Бұл жақта ол револьвер мен Уиллердің конструкциясындағы қаруларды шығаратын фабрика ашады. Алайда бұл револьвердің де жетіспеушілігі көп болады, бұл ақауларды өз кезегінде соққы-капсюль механизмінің ойлап табылуы жойды.

Толық: Револьвердің тарихы

 

Яндекс.Метрика
...