Тег деген не? Ілмек арқылы іздеу деген не?

+1 дауыс
Интернет, Сайт бөлімінде 13 Нау, 2016 Марал сұрағын қойды
Тег деген не? Ілмек арқылы іздеу деген не?

1 жауап

0 дауыс
14 Нау, 2016 admin (1,007 ұпай) жауап берді

Тегтер(Ілмек) – жаңалықты немесе жаңалықтар тобын табуға мүмкіндік беретін сөздер. Яғни, ілмек іздеу жолағына жазғанда немесе мақаладағы белгілі бір ілмекті түрткенде сайттағы, әлеуметтік желідегі мақала, жазба авторы сол  сөзге қатысы бар деп белгілеген жаңалықтардың бәрі шығады.

Ілмек бұлттары

Қазір bilim-all.kz сайтында ілмектер бойынша іздеудің екі түрі бар: сайттан іздеу және сұрақтар мен жауаптар бөлімі бойынша іздеу. Іздеу үшін «ілмек бұлттарын» қолданатын болсаңыз, ол сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан. Ілмек бұлтына бүкіл сайтта қолданылатын ең танымал кілт сөздер кіреді. Ең ірі қаріппен белгіленген ілмектер – бүкіл сайттағы ең танымал ілмектер екенін ескеру керек.

Ілмекдің кез келгенін түртсеңіз, сайттағы дәл сол ілмекпен белгіленген мақалалардың бәрі шығады. Мысалы, «көктем» ілмегін түртсеңіз, «көктем» сөзімен белгіленген мақалалардың бәрін көресіз. «өлең» сөзін түртсеңіз, «өлең» ілмегімен белгіленген мақалалардың бәрі шығады.

Әр мақаланың соңындағы ілмектер

Әр мақаланың соңында, ең төменде, ортадан сәл солға қарай – қызғылт немесе сарғыш түспен белгіленген ілмектерді көресіз. Мақаланың соңындағы ілмектер недәуір тура және релевант іздеу мүмкіндігін береді. Әдетте, мақала соңындағы ілмектер саны үштен аспайды және іздеу нәтижелерінде тақырыбы ұқсас мақалалар мен жазбалар тізімі көрсетіледі.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
1 жауап
Яндекс.Метрика
...