Қазіргі кезде Қанай датқаның ұрпақтары бар ма жəне олар туралы мəліметтер бар ма?

0 дауыс
Тұлға, Адам бөлімінде 14 Нау, 2016 Nazi сұрағын қойды
Қағай датқа кім?

3 Жауаптар

0 дауыс
15 Нау, 2016 Марал жауап берді

...\"Алтын шежіре\" соңғы жылдары табылған, Сталиннің жендеттері 300 ден астам адаммен жиырмасыншы жылдары осы Шымкент, Түркістан, Отырар, Сайрам өңірін астаң-кестеңін шығарып, қаншама адамды тергеп, атып іздеген Қазақтың киелі құпия кітаптары \"Ізбөрі\", \"Бестаңбадан\" алынған, күні-түні отырып жүйеге түсірілген үзінділер. Мұны қаншама қиыншылықпен осы күнге жеткізген Ұлы Сыпыра шежіреші, Созақ көтерілісінің Ұраншысы болған, Ұлы Тектілердің ұрпағы Ашамайлы Керей Дербісалдыұлы Қанай Датқаның ұрпағы Әлиасқар Байғұтұлы. НКВД - нің үштігі қаншама рет өлім жазасына кессе де, құдреті күшті Алланың сақтауымен Ұлы Әруақтардың қолдауымен үштік төрағаларының бәрі де өздері \"халық жаулары\" болып атылып кетеді. Содан бұл азамат жер аударылып өмірінің соңына дейін КГБ- нің бақылауында болған. 1981 жылы \"Ақпан Батыр\" темір жол бекетінде дүниеден озады.

Сілтеме

0 дауыс
15 Нау, 2016 Марал жауап берді

Қанай би (туған-өлген жылы белгісіз) - би, Қоқан хандығына барған елші. Қанай бидің шыққан тегі, өскен ортасы туралы деректер сақталмаған. 1858 жылы Ордабасы тауында Мұсабек батыр Қоқанның құсбегі Мырза бидің басын алғаннан кейін, жаппай толқулар болып Қоқан билеушілерінің езгісіне қарсы шыққан қазақ, қырғыздар көтерілісі бүкіл Оңтүстік Қазақстанға тарап, көтерілісшілер Созақ, Мерке бекіністері мен Шолаққорғанды басып алды. Халық қозғалысының өршуі қантөгісті көбейтеді деп қауіптенген қазақ ақсүйектері 1858 жылы шілдеде Қоқан ханы Хұдиярға Қанай,Көктіңұлы Сапақ датқа бастаған бір топ қазақ биін келіссөз жүргізуге елші етіп жіберген. Қазақ елшілері Қоқан ханымен келісімге келіп, бірқатар жеңілдіктер алды. Ташкент басқарушысы Мырзахметтің орнына ханның інісі Мұрат аталық тағайындалды.1

Қанай би-дің шыққан тегі Қоңырат тайпасы Байлар-жандар руынан. Қанай би Сыр өңірінде туып өсіп ел билеген. Кейін датқалық дәрежеге жетіп, Көктіңұлы Сапақ датқамен бірге Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлына билік айтады. Қанай биге арнап замандастары атақты ақындар Майлықожа мен Мәделіқожалар жыр-дастандар жазған. Қанай бидің ұлы Тұрлыбек болыс болған. Мұсабек батыр, Сапақ датқаның ұлы Иманберділер мен бірге Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізді.

  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
0 дауыс
15 Нау, 2016 Марал жауап берді

ҚАНАЙ БИ ҚҰТТЫМБЕТҰЛЫ

 Қанай Құттымбетұлы, Қарауыл Қанай (шамамен 1695-1698 жылдары дүниеге келген) - би, шешен, батыр, қоғам қайраткері. Қазіргі Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Атығай-Қарауылдың бас биі болған.

Абылайхан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен көп жыл Орта жүзде төбе би болған. 1771 жылы үш жүздің басшылары Абылайды хан сайлағанда, Қанайды ақ киізге орап, қараша би ретінде, қатар көтерген.

Бізге ел ауызындағы әңгімелер мен тарихи шығармалардың деректеріне қарағанда Қанай би Абылайдың ең жақын кеңесшілерінің бірі болған. Абылай хан Арқа жерімен қоштасып, екінші рет Түркістанға бет алғанда жанында  көптеген батырлармен бірге Қанай би де аттаған. Қанай  Құттымбетұлы Абылайдың көмегімен Ташкенттің бегі болып, қаланы билеп тұрған кезінде дүние салған, сүйегі Түркістанға, Абылай хан зиратының жанына жерленген. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерінде» Қанай Құттымбетұлы жоңғарлармен болған шайқастарда ержүрек батыр, ірі қолбасшылардың бірі болғаны жөнінде баяндалады.

Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» дастанының бір бөлімінде :

«Жиылды өңшең ноян ығай-сығай

Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай

Ту баста Абылайды хан көтерген

Қамқоры қарауылдың шешен Қанай

Жиналды өңшең бөpi Бурабайға

Бәрі де ел қорғаны - батыр билер

Аттанбай тек жатудан таппай пайда:

«Жүрелік, жау басынар» - деген сөзбен

Салады Қанай биді Абылайға

Би Қанай аттанбайды хан Абылай

Келмесе қандыбалақ батыр Баян» - деп әділ де көреген бидің тұлғасы жарасымды сомдалған.

Қанай би Құттымбетұлының Бақы, Итқара батыр, Солтангелді деген балаларынан тараған ұрпақтары  Зеренді ауданының Игілік, Жамантұз, Қарабұлак, Еңбекбірлік, Ұялы, Қойсалған ауылдарында тұрады.

Қанай би Құттымбетұлының өмірін зерттеуге профессорлар: Мәлік Ғабдуллин, Мыңбай Ысқақовтар елеулі үлес қосты. Кейін зерттеушілер Қазыбек Нұралин, Сәбит Мырзагелдин, Сейілбек Әлібековтердің материалдары, Рамах Әбдірахмановтың «Қарауыл Қанай батыр туралы кейбір тарихи деректер - Некоторые исторические данные о Қарауыл Канай батыр» және  Айтқажы Қазбековтің «Ас» (Тризна) атты кітаптары жарық көрді.

1999 жылдың тамыз айында Ақмола облысының жұртшылығы Қазақстанның XVIII ғасырдағы қоғам және мемлекет қайраткері Қарауыл Қанай бидің 300 мерей тойын кең көлемде атап өтті.

Бұрынғы Қарабұлақ ауылы Қанай би есімімен аталады. Көкшетау қаласында ономастикалық комиссияның шешімімен Фурманов көшесі - Қанай би көшесі болып өзгертілді.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 5 том.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Өлеңдер бөлімінде 06 Қаз, 2017 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Яндекс.Метрика
...