Ауыз қуысының тазалығы қандай болғаны дұрыс?

+3 дауыс
Тазалық, Талғам бөлімінде 29 Мау, 2016 Ақбөпе сұрағын қойды
29 Мау, 2016 admin өңдеу жасады
Ауыз қуысының тазалығы қандай болғаны дұрыс? Тісті қалай тазалау керек?

2 Жауаптар

+1 дауыс
29 Мау, 2016 Фариза жауап берді

Ауыз қуысының тазалығы

 

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тісті жүйелі және дұрыс тазалау тіс жегісі, ауыз қуысының шырышты қабығы және пародонт ауруларының болу мүмкіндігін 60-70%-ға  азайтатыны  дәлелденді.
Мұхаммед пайғамбарымыз сенім шарттарының бірі денені таза ұстау деп есептеді. Тазалану кезінде ауыз ішін жуып, тісті тазартып, мұрын ішін шаю керек екендігін ұмытпауды ескерткен. Тісті әсіресе акация ағашының таяқшасы - мәсәуікпен (масуак) тазарту керек екендігін айтқан. Тісті мәсәуікпен тазартып, ауыз ішін таза ұстау Жаратқан Иемізді қанағаттандырады, періштелерді қуантады, адамның көзін жарқыратады, тісті жалтыратады, бекітеді және ауыруына жол бермейді, астың дұрыс қорытылуына мүмкіндік береді, артық сілекейді жояды, құдайға жалбарынудың әсерін күшейтеді деген. Жәбірейіл періште ауызды тазалау үшін оған осы мәсәуікті қолдану керектігін айтқан  дейді.
Акацияның бұл таяқшасын бір жақ ұшынан сабақтап таратқанда тісті тазалауға қажетті талшықтар алынады, ал акацияның шырыны мен жасыл шөбінен қазіргі тіс пасталарына ұқсас заттар  әзірленген.
Қазіргі таңда ауыз қуысын тазалайтын заттарды таңдау мүмкіндігі мол: тіс шеткалары, тіс пасталары, тіс аралықтарын тазалайтын флостар (жіптер).
Тіс щеткасы мен тіс пастасын таңдауға Сізге өзіңіздің жеке дәрігер-стоматологыңыз көмектеседі. Әдетте қаттылығы орташа тіс щеткасын пайдаланған дұрыс. Егер қызыл иек қанағыш келсе, щетканың жұмсағын қолданған жөн. Тіс шеткасын әр 3-4 айда ауыстырып  отыру  қажет.
Тіс пасталарын екі негізгі топқа бөледі:
профилактикалық, яғни алдын алатын, мысалы, "Поморин" және емдік-профилактикалық - олар көп: "Бленд-а-Мед", "Аква-Фреш", "Колгейт" және тағы басқалар. Тісті күніне кем дегенде екі рет міндетті түрде пастамен тазалау керек: таңертеңгі тамақтан кейін (таңертеңгілік асқа дейін ауызды жай гана шаяды) және кешкісін ұйқыға жатар алдында. Күндіз тісті қанша рет тамақ ішсеңіз, сонша рет тазалауға болады. Пастасыз, тек шетканың өзімен тазалауға да болады. Сондықтан тіс шеткасын мүмкіндігінше жумыста  да  пайдаланған  жөн.
Тамақтанудан кейін тіс жегісі, тіс тасы, ауыратын қызыл иек пен ас қорыту жүйесінің аурулары және ауыз ішінен шығатын жағымсыз иіс пайда болатынын ұмытпағаныңыз дұрыс.
Тіс шеткасымен әр түрлі қимыл жасауға болады. Алдымен, тіске тігінен - қызыл иектен тістің жиегіне қарай және тістің артқы бөлігін де тазартуды ұмытпау керек. Балаларға ауыз қуысын таза ұстауды жас кезінен үйреткен жөн. 4-5 жасқа дейін анасы баласының тісін өзі тазалауы тиіс, ал кейін бала ата-анасының бақылауымен өз тісін өзі тазалай алатын дәрежеге жетеді.
Ауыз қуысын таза ұстау Сізге тіс жегісінен, тіс тасынан, ауыз қуысындағы шырышты қабықтың және пародонт ауруларынан талапқа сай құтылуға мүмкіндік береді және деміңіздің жаңаруына әрі жайдары   күлкіңізге әр береді.

 

И.Г. Илуридзе,жоғары санаттағы тіс дәрігері

Дереккөзі: Денсаулық: ғылыми-көпшілік журнал

0 дауыс
29 Мау, 2016 Фариза жауап берді

Тісті шөткімен және тіс пастасымен тазалау

Әсіресе баланың тісі шығып жатқан кезде тіс өңезін үнемі сапалы тазартып тұру стоматологиялық аурулардың дамуын тоқтатуда аса маңызды. Тісті күніне кем дегенде екі рет сапалы тіс пастасымен және щеткамен тазалау қажет – міндетті түрде таңертең және кешке тамақтанған соң. Өзіңізге не балаға сай паста мен шөткі таңдауға тіс дәрігері көмектеседі. Төменде қойылған талаптарға назар аударсаңыз, ауыз қуысын күтуге арналған мол тауардың ішінен өзіңізге қажеттісін оңай таңдап ала аласыз.

Тісті дұрыс тазалау

1.  Шөткінің түктерін қызыл иекке 45° С бағыттаңыз. Бұндай қозғалыстар қызыл иектегі қан айналымын жақсартады.
2.  Жоғарғы және төменгі тістердің барлық сыртқы беттерін және бүйірлерін тазалаңыз.
3.  Жоғарғы және төменгі тістердің шайнайтын беттерін тазалаңыз.
4.  Төменгі және жоғарғы тістердің барлық ішкі беттерін тазалаңыз.
5.  Үлкен азу тістердің беттерін жақсылап тазалаңыз.
6.  Күрек тістердің ішкі беттерін және тіс арасындағы қуыстарды мұқият тазалаңыз.

Тамақтану

1.  Тіс сау болу үшін қанты аз, витаминдері мен минералдары мол күнделікті дәм қажет.
2.  Сүт, ірімшік, ет және жасыл көкөністерде тістің сау әр мықты болып өсуіне қажетті кальций бар.
3.  Фторидтер әр тісті қорғап тұратын қатты эмальды қабық үшін қажет. Фторидтер кейде құбырдан ағатын суда, кез келген балықта, сондай-ақ шайда болады.
4.  Баланы тіс үшін қауіпсіз шикі көкөністер, жаңғақтар, дәндер, табиғи йогурт, жартылай майсызданған сүт, сүзбе және ірімшік секілді тағамдарға үйретіңіз.


Н.Г.НЕГАМЕТЗИЯНОВ,
медицина ғылымдарының кандидаты,Стоматологиялық балалар емханасының бас дәрігері,
К.Ш.РЫСМАХАНОВА, стоматолог-дәрігер

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2007(№9). – 4 бет.

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...