Неге көбіне жаз мезгілінде ас қорыту қиындайды?

+1 дауыс
Денсаулық, Әдемілік бөлімінде 08 Шіл, 2016 Жазира сұрағын қойды
Неге көбіне жаз мезгілінде ас қорыту қиындайды?

1 жауап

0 дауыс
09 Шіл, 2016 Айдын жауап берді

Жазғы кезде ішке-қарын жұмысы неге жиі бұзылатынына бірнеше себепті атап өтуге болады:

- жылдың жылы мегілдерінде тағам өнімдерінде ішек жолдарының бұзылуына ықпал ететін микроағзалардың өсіп-өркендеуіне жағымды орта қалыптасады;

- жазда дүкен сөрелерінде көптеген жаңа өнімдер пайда болады, оларды жеп көру де тамақтану қателігіне, диеталық салмақ түсу, тағам өнімдерінің үйлесімсіздігіне әкелуі мүмкін;

- рационға жаңа өнімдерді қосу аллергиялық реакция тудырып, ал бұл ас қорытудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Есте сақтайтын жайт: судың ауысуы мен күнделікті тамақтану режимінің ауысуы, рациондағы жаңа өнімдер, тазалық ережелерін сақтамау – мұның бәрі асқазан мен ішек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бір реттік ішу өту мен ауырсынудың басқа белгілері болмаған жағдайда дабыл қағу әлі ерте.

Жүрек айну, құсу, жиі іш өту, дене температурасының көтерілуі, теріде бөртпе пайда болуы сырқатқа шалдығудың белгісі болуы мүмкін, сондықтан дәрігерге көрінген жөн.

Мынадай жағдайларда дәрігерге міндетті түрде көрініңіз:

- зәр түсі өзгерді (қызыл немесе қара қан кетудің белгісі, ақ немесе түссіз бүйрек ауруының белгісі)

- жоғары температура – ауыр инфекцияның белгісі

- ауырсыну, құсу, іштің кебуі – ішек инфекциясы, ішектің қорытпауы немесе соқырішек белгісі болуы мүмкін.

ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...