Женьшень өсімдігінің қазақша атауы қандай? Женшень туралы мәлімет керек еді?

+1 дауыс
Табиғат бөлімінде 09 Шіл, 2016 Акупова Дина сұрағын қойды
Женьшень  өсімдігінің қазақша атауы қандай? Женшень туралы мәлімет керек еді?

1 жауап

0 дауыс
09 Шіл, 2016 Сағым жауап берді
Халқымыз табиғат бітіміне қарай ат қоюға өте шебер. Қойылған әр атау белгі заттың таным­дық қасиетін айдай айғақтап тұратынына қайран қаласың. Мәселен, біздің академиялық сөздіктерімізде «тамыр дәрі» делінетін атауды «кәдімгі женьшень» деп түсіндіреді. «Женьшень» - Қытай сөзі. Басқа елдер де оны осылай атайды. Егер ол өз жерлерінде өсетін болса өздерінше атаған болар еді. Ал «женьшень» біздің биік тауларымызда өскендіктен де өз тілімізде атауы бар. Оны ата-бабаларымыз әлімсақтан «адамшөп» деп атаған. Бұлай атаудың, біздіңше, екі түрлі себебі бар сияқты. Біріншісі, өсімдікте аяқ-қолдың, кеуде, мойын, бастың сұлбасы ап-айқын көрініп тұрады. Екіншісі, оның ғұмырына байланысты. Ертеде Алтай тауларындағы қалың қарағай арасындағы шағын алаңқайда өскен адамшөпті көрген бабаларымыз сол жерге белгі қояды екен. Ондағы мақсат - өсімдіктің өсіп-өніп, пісіп-жетілуін күту. Оған өз ғұмыры жетпесе, ұрпағына табыс ететін көрінеді. Адамшөптің толық қуатына келуіне елу, жүз жыл уақыт кетеді. Он жыл, жиырма жыл толғанына жас деп қараған. Демек, адамшөптің де өсу-толысу мерзімі адаммен пара-пар келетіні ғой. Шөптің түрі, ғұмыры адаммен ұқсас өріліп жатқанын аңғара білген халық «адамшөп» деп орынды атаған.

 

Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеннің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Тамырдың жиналатын кезі август-сентябрь айлары. Өсімдік 5-8 жылдық болғаны дұрыс. Женьшеньді: атеросклероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберкулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады.
ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...