Жүрек ауруына не себеп болуы мүмкін?

0 дауыс
Салауатты өмір салты бөлімінде 08 Қаз, 2016 Саттар сұрағын қойды
Жүрек ауруына не себеп болуы мүмкін?

1 жауап

0 дауыс
08 Қаз, 2016 admin (1,007 ұпай) жауап берді

Жүрек ауруының себепшілері

Теледидар көру: Тұрақты түрде дене жаттығулары жасалғанның өзінде сағаттап теледидар алдында отыру жүрек ауруы және сал ауруына шалдығу ықтималдығын арттырады.

Депрессияны елемеу: Стресті, агрессивті және депрессиялы болсаңыз мұның жүрекке тигізер зияны едәуір болуы мүмкін.

Қорылдау: Кішігірім келеңсіздік деп қаралуы мүмкін. Бірақ ұйқы жайсыздығының ескертуі.

Тіс еті аурулары: Жүрек ауруларында себебі анықталмаса да қатысы бар.

Жалғыз өмір сүру: Басқалармен қарым қатынас құру салауатты өмір сүрудің бұлжымас бөлігі.

Денеге шамадан артық күш салу: Спортпен шұғылдану кезінде денеге шамадан тым артық күш салу және толығымен тастап кету зиянды.

Спиртті ішімдік: Спиртті ішімдіктердің жоғары қан қысымына себеп болатындығын білмейтін адам қалмады. Спиртті ішімдіктердің салдарында пайда болатын артық салмақтар да жүрек саулығына кері әсер етеді. 

Тым көп тамақ жеу: Аз жеу керек. Шекерлі сусындардың орнына қарапайым су ішу керек. Нан және ұн өнімдерін азайту керек. Шекер, май және калория көлемі тым жоғары азықтардың азықтық құнарлығы төмен болады.

Темекі: Темекі шегу жүрек үшін басты басына пәлекет.

Тұз: Неғұрлым тұз көп тұтынылса, қан қысымы да соғұрлым арта түседі.

Жүрекке ең пайдалы нәрсе диета, жеміс-жидек және көкөністер

Яндекс.Метрика
...