Сөз тіркесі деген не?

+1 дауыс
Термин бөлімінде 01 Қар, 2017 Арман сұрағын қойды
Сөз тіркесі деген не?

1 жауап

+1 дауыс
01 Қар, 2017 Жазира жауап берді
02 Қар, 2017 admin таңдалды
 
Үздік жауап

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:

  1. Қайрат баяндады;
  2. балаларға баяндады;
  3. Досанмен болған;
  4. болған әңгіменің;
  5. әңгіменің мән-жайын;
  6. мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

 

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

  1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.
  2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.
  3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.
  4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Мысалы:

 ЖекешеКөпше
1-жақМен оқушымынБіз оқушылармыз
2-жақСен оқушысыңСендер оқушыларсыңдар
 Сіз оқушысызСіздер оқушыларсыздар
3-жақОл - оқушыОлар - оқушылар
 ЖекешеКөпше
1-жақМен оқимынБіз оқимыз
2-жақСен оқисыңСендер оқисыңдар
 Сіз оқисызСіздер оқисыздар
3-жақОл оқидыОлар оқиды

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

Матасу

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

Қабысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.

Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...