Байқау жөнінде

0 дауыс
Сайт туралы бөлімінде 04 Жел, 2017 Zami (52 ұпай) сұрағын қойды
Байқауға қатысып не қатыспай жатқанымды білу next сөзін жазсамда іздеуде  табылмады деп тұр

1 жауап

0 дауыс
05 Жел, 2017 admin (961 ұпай) жауап берді

Ілмек -  мәтінге қатысты сөздер. Ілмек = тег. Егер өлең отан туралы болса, бұл ұяшыққа:

отан, отан туралы өлең, ел, жер 

деп жазуға болады. Ілмектер үтір арқылы жазылады.

Сайысқа қатыстыру үшін ілмегін де қосу керек, мысалы: next, отан, отан туралы өлең, ел, жер 

Сіз next ілмегінен кейін үтір қоймағансыз.

 

 

Ілмектер барынша қысқа-нұсқа болуы керек, дұрыс жазылған ілмектер жарияланған жазбаның көп оқылуына ықпал етеді.

Қазір bilim-all.kz сайтында ілмектер бойынша іздеудің екі түрі бар: сайттан іздеу және сұрақтар мен жауаптар бөлімі бойынша іздеу. Іздеу үшін «ілмек бұлттарын» қолданатын болсаңыз, ол сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан. Ілмек бұлтына бүкіл сайтта қолданылатын ең танымал кілт сөздер кіреді. Ең ірі қаріппен белгіленген ілмектер – бүкіл сайттағы ең танымал ілмектер екенін ескеру керек.

Ілмекдің кез келгенін түртсеңіз, сайттағы дәл сол ілмекпен белгіленген мақалалардың бәрі шығады. Мысалы, «көктем» ілмегін түртсеңіз, «көктем» сөзімен белгіленген мақалалардың бәрін көресіз. «өлең» сөзін түртсеңіз, «өлең» ілмегімен белгіленген мақалалардың бәрі шығады.

Әр мақаланың соңындағы ілмектер

Әр мақаланың соңында, ең төменде, ортадан сәл солға қарай – қызғылт немесе сарғыш түспен белгіленген ілмектерді көресіз. Мақаланың соңындағы ілмектер недәуір тура және релевант іздеу мүмкіндігін береді. Әдетте, мақала соңындағы ілмектер саны үштен аспайды және іздеу нәтижелерінде тақырыбы ұқсас мақалалар мен жазбалар тізімі көрсетіледі.

Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық:

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...