Қазақша саусақ жаттығуларын беріңізші қимылдарымен

0 дауыс
Әр түрлі бөлімінде 14 Қаң nurkanat (52 ұпай) сұрағын қойды
Қазақша саусақ жаттығуын қимылымен жазып жіберсеңіз

2 Жауаптар

0 дауыс
14 Қаң Ербол жауап берді
Сергіту мен саусақ жаттығулары.

Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

«Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – ешкіңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар.
Мына жерде қатық бар,
Қытық, қытық!

Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)

Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.

Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау бздің мекен-жай.

Санамақтар.

Бессаусақ.
Ал санайық санамақ,
Саусақтарға қарап ап,
Кәне-кәне санайық,
Санын біліп алайық.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Мынау, мынау, бас бармақ,
Санамақ содан басталмақ.
Мүйіз қалпақ басында,
Төрт серігі қасында.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Қутыңдаған сұқ қолым,
Епетейлі мықты оным.
Бармақтың басты тірегі,
Өзінің ісін біледі.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Мынау, мынау ортаң қол,
Кішілерге қамқор қол,
Төртеуінің ағасы,
Білектің үлкен баласы.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Бәрін тегіс мақтап бол!
Деп тұрсың ғой аты жоқ қол!
Орайласым ортаншым,
Елгезексің жортасың.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.

Қолымда сонда саусағым нешеу,
біреу, 2, 3, 4, 5-еу.
(Ж. Сымақов)

Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар.

Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар:
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?

Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан?

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Аулада жүр балалар:
Самат, Арнат, Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға.
(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)

Келеді көп құс ұшып;
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.
0 дауыс
14 Қаң Ербол жауап берді
Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Қасқыр қақты қақпаны.
-Ашыңдар тез! – айтқаны.
Сол-ақ екен, лақтар –
Титтей-титтей шұнақтар
Жан-жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді:
Бірі – төсек астына,
Бірі – пештің қасына,
Бірі – сәкі астына,
Бірі – астына кереует,
Бірі – тапқыр керемет
Отыр күбі түбінде.
Қанша лақ бар бұл үйде?

Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен – тышқан-шиқылдақ,
Мен – қоян-желаяқ,
Мен – түлкі-керіммін,
Мен – қасқыр-серімін.
Бәріміз тұратын көңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!

Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?

Тиін отыр арбада,
Жаңғақ сатып базарда.
Түлкі бикеш пысыққа,
Торғай менен шымшыққа
Мақтап қойып жаңғағын,
Салып берді алғанын:
Жаулығына бірінің,
Жемсауына бірінің,
Табанына бірінің.

Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан?

Әр қолына Нүриден
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді?

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік,
Отыр еді маңына,
Келді тағы бір күшік.
Қанша күшік барлығы?ъ

Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?

5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)

Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)

Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 5 есек.
3-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық,
3-і жатыр күн ыстық.
Нешеу болды сен сана? (2)

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3)

Келеді көп құс ұшып:
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.

Дейді Күлтай:
- Қуыршақтар,
Ойыншықтар, тұршы қатар:
Екі аю мен Буратино, -
Әрі көңілді Чипполино!
Көжек пенен пілтай да!
Көмектесіп Күлтайға,

Бәрін, қане қосып шық,
Нешеу екен ойыншық?

Құралай тақтаға екі
Үшбұрыш, үш шаршы,
Тікбұрыш, шеңбер және
Сопақша салды. Құралай
Тақтаға қанша төртбұрыш салды?

Математикалық өлеңдер.
(мәнерлеп оқу)

Жеті ұлы бар бір ұйдің
Сәл демалып,
Тыным ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – бесінші ұл.
Алтыншы ұлы ол – Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі. (Қайрат Жұмағалиев)

Топ, топ, добым.
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым, -
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ.
Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев)

Сандардың айтысы.
Достар мені «бір», - дейді,
Қарайды да бүй дейді:
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

Мен екімін балалар,
Екі деген баға бар,
Аз болған соң талабы,
Үлгіре алмай қалады.

Жаңғалақтың, жалқаудың,
Алаңғасар аңқаудың,
Алатыны екілік,
Басын шайқап өкініп.

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, «үш» алып.

Достар мені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.

Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанға,
Қуанады мамасы,
Төрт алғанда баласы.

Жараспайды бір сарын,
Өзің тап төрт мысалын,
Ол үшін түрлі аңдарды,
Еске түсір малдарды.

Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың.

Гүлде бес күлте жапырақ,
Өседі-ау шіркін жарқырап.
Бесбұрыш алтын жұлдыздар,
Тағады батыр ұл-қыздар.

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)

Үш бала.
Бір ауылда үш бала,
Олар – құрдас: үш жаста.
Бірақ, бірақ олардың,
Қылықтары үш басқа.
Біріншісі шыңқ етпе,
Тиіп кетсе, жылайды.
Екіншісі бір қоңыр,
Ақыл айтсаң, тулайды.
Үшіншісі – елгезек,
Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
Әр түрлі бөлімінде 27 Қыр, 2017 белгісіз сұрағын қойды
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...