үш қиян өленінің үзіндісінен эссе калай жазуға болады?

0 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 15 Қар, 2018 белгісіз сұрағын қойды
17 Қар, 2018 admin көрсетілді
берілген үзіндіден түсінген тарихи оқиғаны қорытып, эссе түрінде жазыныз

Еділді тартып алғаны-

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны-

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны -

Ойдағысы болғаны .

Маңғыстаудың үш түбек

оны-дағы алғаны .

1 жауап

0 дауыс
17 Қар, 2018 Айжан жауап берді
Патшалық отарлаудың темір құрсауынан құтылуды, бейбіт тәуелсіздікті аңсаған, халық тағдырын, елінің бүтіндігін, тәуелсіздігін халқының болашағын жырының өзегі еткен ақындар қатарына Мұрат Мөңкеұлын жатқызуға болады. Елдің бірлігі кетіп, шырқы бұзылған кез - "Ресей патшасының шеңгеліне ілініп", тәуелсіздіктен айырылған кезде өз жыр-толғауымен халықтың мұң-қайғысына ортақтаса үн қосқан ақынның бірі болды. Ол: "Үш қиян" өлеңінде:

Еділді тартып алғаны-

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны-

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны -

Ойдағысы болғаны .

Маңғыстаудың үш түбек

Оны-дағы алғаны.

деп, отаршылдық өктемділікке кіріптар болған халқының қайғылы, мұңды халін өз жырында суреттеген.

Заңғар М.Әуезов айтқандай, ол «қоныс пен өрістің жоқшысы болды». Өйткені Алаш ардағы Х.Досмұхамедов айтпақшы, «елдің өзінен шыққан, қа­нымен қаны, жанымен жаны бір дерлік ақын елдің мұңын айтпай қалай тұрсын!?».

Ұқсас сұрақтар


ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...