Ыбырай А. Туралы "Даланың дара ұстазы" шығарма тауып беріңіздерші?

0 дауыс
Ақын-жазушылар бөлімінде 04 Жел, 2018 белгісіз сұрағын қойды
Шығарма "Даланың дара ұстазы"

2 Жауаптар

0 дауыс
04 Жел, 2018 Маржан жауап берді

Даланың дара ұстазы

Үлкен-кішіміздің қай-қайсысымыз болмасын балаларды білім алуға, ғылым-ілім үйренуге, талаптанып оқуға шақырған Ұлы Ұстаз Ыбырай Алтынсариннің "Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық", – деп басталатын өлеңін жатқа білеміз. Ал, сол өлеңнің "Бір Құдайға сиынып" деген жолын тек еліміз өз Тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қана айтып, қосып жаза бастадық емес пе. Ұстаздың қай шығармасын алмайық, мысалы, "Таза бұлақ", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Әке мен бала", "Бір уыс мақта" бәрі де жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімділікке шақырады. Бүгінгі ақпараттық техника заманында да Ыбырай атамыздың шығармалары мәні мен мағынасы, тәлімдік-тәрбие-лік, ағартушылық жағынан алғанда өзінің маңызын әлі жойған жоқ. Сонау 1861-1863 жылдары он тоғыз жастағы Ы.Алтынсарин қазақ балалары үшін Торғай өңірінде алғаш рет бір сыныптық мектеп ашу ісін қолға алып, әуелі оның үйін тұрғызудан бастағанының өзі – көзсіз ерлік деп айтуға болады. Жергілікті халықтан ақша жинап, мектепке керекті материалдар сатып алып, ата-аналардың көмегімен мектеп үйін тұрғызады. Оқу алғаш 1864 жылы қаңтар айында салтанатты түрде ашылып, той жасалады. Ыбырай 14 қазақ баласын оқуға қабылдайды. Олар мектеп жанынан салынған интернатта жатып оқитын болады. Өзінің осы істері жайында профессор Н.Ильминскийге 1864 жылдың қаңтарында жазған хатында былай дейді: "Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар…"

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, шығармашылығының ұрпақ тәрбиесінде алар орны, маңызы зор.  Даланың дара ұстазы деген атқа лайық.

0 дауыс
05 Жел, 2018 Алима жауап берді

Дарынды ұстаз еңбекқор тұлға қазағымның қайраткері... Бұл теңеулердің барлығы Ыбырай атамызға айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айту ауыз – іс» деп ойламаймыз. Ыбырайдың бізге жасаған жақсылықтарын өзіне киелі қайтару сіңдірген ісіміз. Ыбырай жаққан шамды сөндірмей келер ұрпаққа таза қалпында аманаттау. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ерекше дарынды саналы ғұмырын халқының игілігі үшін және елімізді өркениетті де мәдениетті елдердің қатысу жолына арнаған көрнекті тұлға.Ыбырай атамыздың жан-жақты дарын ретінде негіз салушы нені ақын ретінде қарауға болатыны анық. Дегенмен, Ыбрайдың қазақ балаларының болашағы үшін жасаған ең негізгісі қазақ балаларына арналған мектебі. Қазақтың қара домалақ 14 баласын оқытудан бастаған шағын білім ордасы бүгінде ең жақсы биік мектептермен терезесі тең білім ордасына айналды. Ыбырай Алтынсаринды қазақ әдебиетінің атасы деп атайтын себебі, болашақ жастарға жоғары дәрежеде білім алып, келешегінен мол үміт күткен азаматтарға айналсын деген ізгі ниетпен «Қазақ хрестоматиясын» жазған болатын. Ыбырай атамыздың өлеңдері бүгінгі ұрпақты отан сүйгіштікке , жақсы мен жаманның ала жібін ажырата білуге адалдыққа өнер ғылымға тәрбиелейді. Менің ойымша, Ыбырай атамыздың өлеңдерін сүйіп тыңдайтын бүгінгі жас ұрпақ нағыз отаншыл азаматтар болатыны анық. Сөздің төркініне келер болсақ, Ыбырайдай тұлға бір ғасырда дүниеге бірақ рет келет. Ақын бұл жолда алуан кедергілерден қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Өзінің өнегелі өмірі тынымсыз ізденісі жан- жақты таланты арқылы Ыбырай Алтынсаринның шығармалары қазақ халқының бүгінде алатын орны ерекше. Жүсіп Баласағұнның «Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды»- деген мына сөзімен Ыбырайды ғаламат тұлғаны қалыптастырғым келіп отыр. Менің пікірімше, Ыбырайды жақсы қасиеті оның еңбекқорлығы. Ол сол еңбек қорлығының арқасында болашақ ұрпаққа, халқына өшпес мұра қалдырып кетіп отыр деп ойлаймыз. Ыбырай атамыздың ұрпағына қалдырған мұрасы ұлан - ғайыр. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім , өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! деген өлеңінде білім алуға үндесе екінші жағынан, өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым-білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық - білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей - жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйренде жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.

Ыбырай Алтынсарин өмірден өтсе де оның артына қалдырған мол мұрасы мәңгілік өшпейді. Мейлі біз қай жаста болсақ та Ыбырай атамыздың шығармалары бізге бағыт-бағдар беріп, әрдайым дұрыс жолды нұсқайды. Әрбір қазақ баласы дара да дана қайталанбас тұлға Ыбырайды мәңгілікке ұмытпайды. Ыбырай Алтынсарин - менің ғана емес, сонымен қатар шын талантты бағалай білетін барша қазақ халқының жүрегінде ойып тұрып орын алады. Олардың кеудесіндегі Ыбырай жаққан жолын мәңгілік өшпейді. Себебі, Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының сөнбес шырағы, даланың дара, дана ұстазы!

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...