Математиканы пайдаланып қалай табиғатты зерделеуге болады?

+1 дауыс
Табиғат бөлімінде 03 Жел, 2015 Lazzat_103 (116 ұпай) сұрағын қойды
Айналадағы табиғатты бақылауда қолданатын математика білімі туралы

2 Жауаптар

0 дауыс
16 Жел, 2015 Tolganai жауап берді

Міне бір қызық мысал:

0 дауыс
08 Қаң, 2016 Санат жауап берді

Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу

Математика пәні бізге әр уақытта қажет біз күнделікті өмірімізде математика арқылы көп нәрсені анықтаймыз.

Мысалы: сағат пен күнтізбелер адамдардың уақытты анықтауына көмектеседі. Мектептегі сабаққа кешікпеу үшін сен сағатыңа қарап, үйден ертерек шығасың. Егер сенің сабақтан кейін спорттық жаттығуларың болса, сен тағы да сағатыңа қарайсың.

Күнтізбеде уақыт апта және ай бойынша бөлінген. Күнтізбе бойынша сен жыл мезгілдерін қадағалап, қазір қай ай, қай күн, нешінші апта екенін білесің.

Ұзындық өлшемдері: километр, метр, дециметр, сантиметр, миллиметр.

Ұзындық өлшемдері арқылы әр түрлі заттардың ұзындығын, ауыл мен қалалар арасын, үйлердің, таулардың биіктіктерін тағы басқаларды өлшеуге болады.

1км = 1000м, 1м = 100см, 1дм = 10см, 1см = 10мм

 

Сызғыш пен өлшеуіш әртүрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, енін дәл өлшеуге көмектеседі. Егер саған зертханалық жұмыс жасауға ұзындығы бірдей бірнеше қағаз жолақтары керек болса, сен сызғышты пайдаланасын.

Біз «жылы», салқын дегенде температураның өзгергені туралы айтамыз. Адам, өсімдік, жануарлар тіршілігі үшін ауа, су және топырақ температурасының маңызы зор. Қыста ауа, су және топырақтың температурасы төмендегенде өсімдіктердің өсуі тоқтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көптеген жануарлар қысқы ұйқыға жатады. Қысқы суықтан қорғануға жануарларға ненің пайдасы тиеді.

Адамдар әр түрлі температураға қарай киінеді. Қыста олар үйлерін жылытады. Температураны өлшеу үшін арнаулы құрал – термометрді пайдаланады. Адам денесінің, ауа, су және топырақтың температурасын әр түрлі термометрмен өлшейді.

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
Табиғат бөлімінде 19 Қар, 2015 berik258 (314 ұпай) сұрағын қойды
ҰБТ-онлайн

Сертификат және диплом алу

қазақша өлеңдер жинағы Өлеңдер

Ұлағатты сөздер, Нақыл сөздер, ойлар, қанатты сөздер Ұлағатты сөздер

Қазақша есімдер Қазақша есімдер

Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер

Ертегілер Ертегілер
Яндекс.Метрика
...